"Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және "Елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың рейтингтері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 500 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 243 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың рейтингтері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 500 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың рейтингтері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 500 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 44, 648-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын, бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізіп, олардың барысында елде жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылуы, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы хабардар етсін.»;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мүдделі мемлекеттік органдардың статистикалық деректер негізінде облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық даму деңгейі мен серпініне талдау жүргізуін қамтамасыз етсін.».
      2. «Елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың рейтингтері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 500 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады