Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің объектілерін жобалау және салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 261 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің объектілерін жобалау және салу туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады