Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалаларын аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалаларын аудандық
маңызы бар қалалар санатына жатқызу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалалары аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев