«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кәріздің сыртқы желілері республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының балансынан Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөнінде қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 277 қаулысына
қосымша
Республикалық меншіктен Астана қаласының
коммуналдық меншігіне берілетін мүліктің тізбесі
Объект атауы |
Мүлік атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында № 19 көшенің оңтүстігіндегі «Нұра» мемлекеттік резиденциясы. Кәріздің сыртқы желілері |
Кәріздің сыртқы желілері |
м. |
4638,7 |