Астана қаласында тұрғын үйдің бағасын оңтайландыру жөніндегі кешенді жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 296 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Астана қаласында тұрғын үйдің бағасын оңтайландыру жөніндегі кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар)  бекiтiлсiн.
      2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар:
      1) Кешенді жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) 2014 жылғы 5 шілдеге және 2015 жылғы 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) 2014 жылғы 20 шілдеге және 2015 жылғы 20 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                  С.Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 2 сәуірдегі
№ 296 қаулысымен  
бекітілген     

Астана қаласында тұрғын үйдің бағасын оңтайландыру жөніндегі кешенді жоспар

Р/с

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Болжанатын шығыстар, млн. теңге

1

2

3

4

5

6

1.

Астана қаласында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселелері бойынша құрылыс компанияларының қызметіне талдау жүргізу

Қаржымині

БҚА-ға ақпарат

2014 жылғы сәуір

Талап етілмейді

2.

Құрамында құрылыс компаниялары бар үлестес тұлғалар топтары бойынша үстеме пайдаға шоғырландырылған негізде жоғарылатылған салық мөлшерлемесін енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу

ЭБЖМ, Қаржымині, ӨДМ, БҚА

БҚА-ға ақпарат

2014 жылғы мамыр

Талап етілмейді

3.

Жер учаскелерін беру рәсімін, оның ішінде оны электрондық түрде Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсете отырып оңайлату жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ, Астана қаласының әкімдігі

БҚА-ға ақпарат

2014 жылғы қараша

Талап етілмейді

4.

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ аумағындағы құрылыс компанияларының қызметіне кешенді талдау жүргізу және тұрғын үйдің бағасын оңтайландыру жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу

Астана қаласының әкімдігі, Қаржымині, ИЖТМ, ӨДМ, ЭБЖМ

БҚА-ға ақпарат

2014 жылғы сәуір

Талап етілмейді

5.

Тұрғын үй ғимараттарының құрылысына үлгі және қайтадан қолданылатын жобаларды жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы үшін қоршаған орта және су ресурстары мемлекеттік органдарымен міндетті түрде келісу, сондай-ақ экологиялық сараптама жүргізу рәсімін алып тастау жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ҚОСРМ, ӨДМ, Астана қаласының әкімдігі

БҚА-ға ақпарат

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

6.

Тұрғын үй ғимараттарының құрылысына үлгі және қайтадан қолданылатын жобаларды жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы жөніндегі мемлекеттік органдармен міндетті түрде келісу, сондай-ақ міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу рәсімін алып тастау жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ТҚҚА, ӨДМ

БҚА-ға ақпарат

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді

7.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың қолданыстағы тетіктерін қайта қарау, сондай-ақ құрылыс салушылардың бұқаралық ақпарат құралдарында не интернет-ресурста құрылыс салушы және құрылыс жобасы туралы ақпаратты ашу міндеттемесін көздеу (Ресейдің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы тәжірибесі мысалында)

ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині

Заң жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа шығару

2014 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

8.

Тұтынушыларды жаңылыстыруға жол бермеу мақсатында құрылыс салушыларға сатылатын тұрғын үй объектілерін жарнамалау кезінде эконом, бизнес, элит, комфорт, люкс, делюкс, премиум және басқа да ұғымдарды қолданбай, тек қана қолданыстағы құрылыс нормалары мен қағидаларына (I, II, III, IV сыныптар) сәйкес тұрғын үй жіктемесін пайдалану талаптарын бекіту бөлігінде кейбір заңнамалық актілерге жарнама мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

ТҚҚА, ӨДМ, ЭБЖМ, БҚА

Заң жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа шығару

2014 жылғы қараша

Талап етілмейді

9.

Бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобалар бойынша құрылыстағы ресурстық сметалық нормативтік құжаттардың жүйесін бекіту

ӨДМ, ЭБЖМ

ӨДМ-ның бұйрығы

2014 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

10.

Қазақстан Республикасы бойынша және өңірлер бөлінісінде өндіру, импорт, экспорт және тұтыну (заттай мәнде) көрсеткіштері бойынша нарықтар теңгерімін құру үшін құрылыс материалдарының тізбесін әзірлеу

СА, БҚА, ИЖТМ, Астана қаласының әкімдігі

СА-ға ақпарат

2014 жылғы сәуір

Талап етілмейді

11.

Қазақстан Республикасы бойынша және өңірлер бөлінісінде өндіру, импорт, экспорт және тұтыну (заттай мәнде) көрсеткіштері бойынша негізгі құрылыс материалдарының теңгерімін құру

СА, ӨДМ

Жекелеген құрылыс материалдары бойынша ресурстар мен пайдалану теңгерімі

жыл сайын желтоқсан

Талап етілмейді

12.

Бәсекелестікті қорғау мен дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу үшін бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау мақсатында жекелеген құрылыс материалдары (құм, ұсақ тас, цемент, арматура) нарықтарында талдау жүргізу

БҚА, ӨДМ

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2015 жылғы ақпан

Талап етілмейді

13.

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беруді оңайлату жөнінде ұсыныстар енгізу

ИЖТМ, ӨДМ

БҚА-ға ақпарат

2014 жылғы сәуір

Талап етілмейді

14.

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану, сондай-ақ бағаның негізсіз өсуіне бағытталған жосықсыз бәсеке фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты күшейту

БҚА

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2014 жылғы шілде, 2015 жылғы ақпан

Талап етілмейді

15.

ІІІ-ІV сыныпты тұрғын үй құрылысына ірілендірілген сметалық нормаларды әзірлеу және бекіту

ӨДМ

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің бұйрығы

2014 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

16.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің тетіктерін қолдана отырып, орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін тұрғын үй салу жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ, БҚА

БҚА-ға ақпарат

2014 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

17.

Жеке меншік құрылыс салушылардан тұрғын үй құрылыстарын салу аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды сатып алу тетігін іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізу

БҚА, ӨДМ

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2014 жылғы шілде

Талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҚА       - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
ТҚҚА      - Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі
СА        - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ВАК       - Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия
ИЖТМ      - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ҚОСРМ     - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
ӨДМ       - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ      – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады