"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 сәуірдегі № 324 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Рұқсаттар және хабарламалар туралы

      Осы Заң кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да адамдардың қызметтің немесе іс-әрекеттердің жекелеген түрлерін жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
      2) біліктілік талаптары - өтініш берушінің және лицензиаттың лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын, қызметтің жекелеген лицензияланатын түрімен және (немесе) қызметтің лицензияланатын кіші түрімен айналысуға қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;
      3) екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі функциялар жатқызылған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;
      4) екінші санаттағы рұқсатты иеленуші - нақты екінші санаттағы рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға;
      5) қызметтің лицензияланатын түрі - айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызметтің (белгілі бір іс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары) түрі;
      6) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты қызметтің немесе іс-әрекеттер (операциялар) осы Заңда белгіленген түрлерін (кіші түрлерін) жүзеге асыруға тиісті лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;
      7) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      8) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
      9) лицензияланатын қызметтің кіші түрі - бір лицензия аясында қызметтің тиісті лицензияланатын түрін нақтылау;
      10) лицензиялау - лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды, лицензиялардың және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын берумен және қайта ресімдеумен, рұқсатты бақылауды жүзеге асырумен, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұрумен, қайта жаңартумен және оның қолданысын тоқтатумен байланысты іс-шаралар кешені;
      11) лицензияны иеліктен шығару - біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру рәсімдерін жүргізбей, рұқсатты жаңа лицензиатқа қайта ресімдеу мүмкіндігі;
      12) нақты рұқсат - осы Заңға сәйкес берілген, ұзартылған немесе қайта ресімделген, қолданысы тоқтатыла тұрмаған немесе тоқтатылмаған рұқсат;
      13) өтініш беруші - лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімдерінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарламаны жолдаған жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;
      14) реттеуші мемлекеттік органдар - рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптері енгізілген немесе енгізілу жоспарланып жатқан нақты салаларда кәсіпкерлік қызметті реттеуге жауапты мемлекеттік органдар;
      15) рұқсат - рұқсат беру органдарының лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруы арқылы жеке немесе заңды тұлғалардың қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру құқығын растауы;
      16) рұқсат беру бақылауы - рұқсат беру органдарының өтініш берушінің, лицензиаттың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған қызметі, сондай-ақ лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын олар берілгеннен кейін сақтауын қамтамасыз ету;
      17) рұқсат беру органдары - лицензиарлар және екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар;
      18) рұқсат беру тәртібі - қызметті немесе белгілі бір әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру басталғанға дейін тұлғаның осы Заңда көзделген нақты рұқсатқа ие болу міндетін белгілеу;
      19) рұқсат беру рәсімі - екінші санаттағы рұқсаттарды берумен және соған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттерді жасаумен, сондай-ақ рұқсат беруге бақылауды жүзеге асырумен байланысты іс-шаралар кешені;
      20) рұқсат беру талаптары - өтініш берушінің және (немесе) екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің осы Заңда екінші санаттағы рұқсатты беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын, рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметтің түрімен айналысу немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қабілетін сипаттайтын нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;
      21) рұқсаттардың сәйкестендіру нөмірі - рұқсаттар мен хабарламалардың электрондық мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде жинақталатын бірегей нөмір;
      22) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі - мыналар: берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта жаңартылған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ қабылданған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің компоненті;
      23) рұқсаттар беру және хабарламалар жасау саласындағы уәкілетті орган - мемлекеттік саясатты әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асыратын және рұқсаттар беру мен хабарламалар жасау саласындағы басқа мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін орталық мемлекеттік орган;
      24) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптерінің реттеушілік әсеріне талдау (бұдан әрі - реттеушілік әсерді талдау) - кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптерінің пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі;
      25) рұқсат немесе хабарлама тәртібін қатаңдату - өтініш берушілерге, лицензиаттарға немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушілерге қосымша талаптар, міндеттемелер белгілеу немесе жүктемені өзгедей ұлғайту, оның ішінде біліктілік немесе рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін белгілейтін, сондай-ақ лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдерін регламенттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу.
      26) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі - электрондық түрде рұқсат беру рәсімдерін, лицензиялауды және хабарлама беру тәртібін өтініш берушінің рұқсат алу, хабарлама беру және рұқсат беруші органдардың осы үрдістерді қамтамасыз ету бөлігінде жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» компоненті;
      27) рұқсаттың электрондық нысаны - рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және берілетін, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
      28) тарихи деректер - хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын рұқсат беру органдары мен мемлекеттік органдарда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе тұрақты болмаған кезеңде берілетін немесе жүзеге асырылатын рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпарат;
      29) хабарлама - өтініш беруші Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша жасаған, қызметтің жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны немесе белгілі бір іс-әрекеттің жасалғаны туралы хабарлайтын құжат;
      30) хабарлама жасау тәртібі - қызметті немесе белгілі бір әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру басталғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаның бұл туралы тиісті мемлекеттік органды осы Заңда белгіленген тәртіппен хабарлау міндетін белгілеу;
      31) ілеспе рұқсат - өтініш берушіге басқа рұқсатты беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті шарт болып табылатын екінші санаттағы рұқсат;
      32) экспорт және импорт саласындағы уәкілетті органдар - экспорт және импорт саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдар.

      2-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар
             туралы заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
      1. Осы Заңның күші:
      1) жеке немесе заңды тұлға қызметті немесе іс-әрекетті (операцияны) жүзеге асыруды бастау үшін рұқсатты алған, ал хабарламаны жолдауды жүзеге асырған болуға тиіс;
      2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес рұқсат (ілеспе рұқсаттан басқа) алу және хабарлама жолдауды заңнамада белгіленген адамдар тобы үшін міндетті болып табылатын, оларды алмай ал қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру немесе жүзеге асыру қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын;
      3) рұқсатты беруді және хабарламаны қабылдауды мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жүзеге асыратын;
      4) рұқсатты алу, хабарлама жолдауды жүзеге асыру жөніндегі міндет жеке және заңды тұлғаларға - кәсіпкерлік субъектілеріне; реттелетін кәсіби қызметпен айналысуға құқық алу кезінде жеке тұлғаларға; кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын, бірақ өзінің қызметін немесе іс-әрекеттерін (операцияларын) жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері сияқты рұқсаттарды алуға міндетті жеке және  заңды тұлғаларға жүктелетін;
      5) рұқсат беруді жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтық нормативтік актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүргізуге және заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайларда рұқсат беруден бас тартуға уәкілетті болатын белгілерге бір мезгілде сай келетін Қазақстан Республикасындағы барлық рұқсаттар мен хабарламаларға қолданылады.
      2. Осы Заңның күші:
      1) осы Заңға 1 және 2-қосымшаларда көзделмеген «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, рұқсаттарға;
      2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуге, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығаруға;
      3) «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операцияларды тіркеуге және валюталық операциялар туралы және шет ел банкінде шот ашу туралы хабарлама беруге;
      4) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы қағаздар эмитенттері табыс ететін ақпараттар мен есептерді қоса алғанда, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеуге, шет мемлекет аумағында резидент-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беруге;
      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыру процесінде бағалы қағаздар эмитенттері және қаржы ұйымдары жіберген хабарламаларға (мәліметтерге);
      6) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, осы Заңға 2-қосымшада көзделмеген рұқсаттарды беруге;
      7) табиғи монополия субъектілерінің тариф белгілеуін және реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуін реттеу бөлігінде табиғи монополиялар және реттелетін нарық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның іс-әрекетіне;
      8) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген рұқсаттарға қолданылмайды.

      4-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік
             реттеудің негізгі қағидаттары
      Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
      1) тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгерімі;
      2) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптерін енгізудің негізділігі және тиімділігі;
      3) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік;
      4) өзара жауаптылық;
      5) сыбайлас жемқорлықтан еркіндік болып табылады.

      5-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің
             теңгерімі
      1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптерін енгізу қызмет немесе іс-әрекеттер (операциялар) қауіпсіздігінің жеткілікті деңгейін, кәсіпкерлерге объективті түрде қажетті ең аз ауыртпалық жүктей отырып тұтынушылардың құқықтарын барынша тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Біліктілік және рұқсат беру талаптары лицензиатқа немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушіге алдағы қызмет, іс-әрекеттер (операциялар) немесе объект қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстардың, нормативтер мен көрсеткіштердің қажетті ең аз жиынтығын қамтамасыз етуге тиіс.
      3. Рұқсат беру органдарының Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде тікелей көзделмеген құжаттарды беруді талап етуге құқығы жоқ.

      6-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптерін енгізудің
             негізділігі және тиімділігі
      1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптерін енгізудің негізділігі және тиімділігі мемлекеттік реттеу мақсатына қол жеткізуде негіздеудің, келісудің, және олардың тиімділігіне мониторинг жүргізудің міндетті рәсімдерін енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.
      2. Рұқсаттарды беру кезінде алынатын алымдар немесе басқа төлемдер мөлшері мемлекеттің рұқсат беру тәртібі әкімшілігін жүргізуге жұмсалатын шығындарды өтеу қажеттігіне негізделе отырып қана айқындалуға тиіс.
      Шектеуші сипаттағы Қазақстан Республикасының заңдармен реттеу кезінде рұқсаттар беру жағдайында алымдарды немесе төлемдерді алу және олардың мөлшері мүлік цензі және нарыққа кіру үшін шектеу ретінде де, сондай-ақ қауіптілік деңгейі жоғары қызметке немесе шектеулі ресурстар немесе квотаны пайдалану қызметіне берілетін рұқсаттарын беруге қатысты көзделуі мүмкін.
      3. Енгізілген рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің жүктемесі реттеуіш әсерін талдау арқылы өлшеуі және бағалауы тиіс.
      4. Реттеу құралдарын таңдау қызмет түрлеріне және кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тәуекелдерді басқаруды бағалау және олардың қағидаттары негізге алына отырып жүзеге асырылады.
      Әртүрлі кәсіпкерлік субъектілерінің алдағы қызметімен байланысты қауіптілік деңгейіне қарай қызметтің бір түрі шеңберінде рұқсат алу немесе хабарлама жолдау жөнінде талап белгіленуі мүмкін.
      5. Рұқсат тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімдерге талаптар, өнімнің жеке түрлерінің, процестерінің сәйкестігін міндетті растау жөніндегі талаптар мемлекеттік әкімшілік жүргізу мақсаттарына жеткіліксіз болған жағдайларда осы Заңға сәйкес белгіленеді.

      7-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың
             қолжетімділігі
      1. Осы Заңға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу бұл процеске барлық мүдделі адамдардың белсенді түрде тартылуын көздейтін қоғаммен диалогтің алуан түрлі нысандарын жүргізумен жүзеге асырылуға тиіс.
      2. Мемлекеттік органдардағы пайдаланылуы шектелмеген және кез келген мүдделі адамдарға қажет кез келген ақпарат қолжетімді болуға тиіс.
      3. Мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жолданған хабарламалар, рұқсаттар берудің және хабарлама жолдаудың шарттары туралы мәліметтер мүдделі тұлғаларға қолжетімді интернет-ресурстар арқылы берілуі тиіс.
      4. Рұқсаттарды беру және хабарлама жасау тәртіптерін енгізумен және жүзеге асырумен байланысты барлық рәсімдер мен талаптар барлық мүдделі адамдар үшін түсінікті болуға тиіс.

      8-бап. Өзара жауаптылық
      1. Рұқсатты бере отырып, мемлекет лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің қауіпсіздіктің ең төменгі деңгейін мемлекеттік реттеу мақсаттарына сәйкес қамтамасыз етуін растайды.
      2. Алқалы қарау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігі, әдетте, өтініш берушінің тәжірибесін және (немесе) біліктілігін бағалауды немесе басқа өтініш берушілердің жағдайларымен салыстырғанда өтініш берушінің қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруының неғұрлым үздік жағдайын таңдауды жүзеге асыру қажет болған жағдайда белгіленеді.

      9-бап. Сыбайлас жемқорлықтан еркіндік
      1. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртіптерін енгізу және жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысы және құқықты іріктеп қолдану фактілері жойылуға тиіс.
      2. Лицензиялау және рұқсат беру рәсімдері процесінде, рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін нормативтік актілерді қабылдау кезінде, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен байланыстарын шектеу мақсатында, әдетте, «жалғыз терезе» қағидатын қолдану көзделеді, бұл ретте мемлекеттік органдардан алынатын барлық қажетті келісімдерді рұқсат беретін органдардың өздері ведомствоаралық өзара іс-әрекет тәртібімен алынуға тиіс.
      3. Жеке және заңды тұлғалардан осы Заңда көзделмеген рұқсаттар мен хабарламалардың болуын талап етуге ешкімде құқылы емес.

      2-тарау. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік
               реттеу жүйесі

      10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
      1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
      2) лицензиарларды; лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау, ойын бизнесі саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензияның және (немесе) лизенцияға қосымшаның нысандарын алу және қайта ресімдеу үшін өтініштер нысанын бекіту;
      4) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау және рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту;
      5) екінші санаттағы рұқсаттарды және екінші санаттағы рұқсаттар нысандарын алу үшін өтініштер нысандарын бекіту;
      6) рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және осы Заңда рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
      7) хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау, хабарламалардың нысанын және хабарламаларды мемлекеттік органдардың қабылдау қағидаларын бекіту;
      8) өндірілуі, қайта өңделуі, тасымалдануы, иемденіп алынуы, сақталуы, өткізілуі, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улар тізбесін бекіту;
      9) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;
      10) рұқсат беру және хабарлама жасау тәртіптерінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оның пайдалану тәртібін бекіту;
      11) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің қызмет етуінің және оның функционалдық міндеттерінің қағидаларын бекіту;
      12) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

      11-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті
              органның құзыреті
      Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
      1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) даму процесін басқару, қолжетімділік құқықтарын белгілеу, рұқсаттардың және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін және қайта ресімдеу үшін өтініштер нысанын, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысанын әзірлеу;
      4) хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік
органдарды айқындау туралы, сондай-ақ хабарламалар нысанын бекіту туралы нормативтік құқықтық актінің және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларының жобасын әзірлеу;
      5) рұқсат беру және хабарлама жасау тәртіптерінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оны пайдалану тәртібін әзірлеу;
      6) әдістемелік көмек көрсету және реттеушілік әсерге талдауды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі реттеуші мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
      7) реттеуші мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерге талдауды рәсімдерін сақтауын бағалауды жүзеге асыру;
      8) реттеуші мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептерін қарау және талдау;
      9) Қазақстан Республикасының Үкіметіне реттеуші мемлекеттік органдардағы реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есепті дайындау;
      10) реттеуші мемлекеттік органдар дайындайтын реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне сараптамалық қорытынды беру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберу;
      11) мемлекеттік қызметшілерді және өзге де тұлғаларды реттеушілік әсерді талдауды енгізу және жүзеге асыру мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру;
      12) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы бірлескен бұйрықты бекіту;
      13) рұқсаттар және хабарландырулардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
      14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

      12-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті
      Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыретіне:
      1) Рұқсаттар және хабарламалар жасау саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы, ойын бизнесі саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және келісу;
      2) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы, сондай-ақ оларға сәйкестігін растайтын рұқсат беру талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және келісу;
      3) рұқсат беру және хабарлама жасау саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен екінші санаттағы рұқсаттарды алу үшін өтініштер нысанын, екінші санаттағы рұқсаттар нысанын әзірлеу және келісу;
      4) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларының және осы Заңда рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларының жобаларын әзірлеу және келісу;
      5) реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру;
      6) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органға реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептерді дайындау және табыс ету;
      7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша нақты қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға олардың рұқсаттарды алу қажеттілігі немесе қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытындыны беру;
      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
      2. Қаржы саласындағы қызмет және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін, лицензия алу үшін өтініштердің нысандарын және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын, рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін, екінші санаттағы рұқсаттарды алу үшін өтініштердің нысандарын және екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және осы Заңда рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын, осы Заңда хабарлама тәртібі енгізілген хабарламалардың нысандары және хабарламаларды қабылдау тәртібі хабарламалардың нысандарын және хабарламаларды қабылдау тәртібін рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі әзірлейді және бекітеді.

      13-бап. Рұқсат беру органдарының құзыреті
      Рұқсат беру органдарының құзыретіне:
      1) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін белгілеу;
      2) лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру;
      3) рұқсат беру бақылауын жүзеге асыру;
      4) мемлекеттік құпияны қамтитын ақпаратты және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, азаматтық және қызметтік қаруды және оған патрондарды, азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды иемденіп алуға рұқсаттарды, еңбекші көшіп қонушыларға рұқсатты қоспағанда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      5) рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды электрондық түрде рұқсаттар мен хабарландырулардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның қызмет ету қағидаларына сәйкес жүзеге асыру;
      6) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде рұқсат беруді келісу туралы мемлекеттік органдарға сұрау салуды жіберу;
      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

      14-бап. Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік
              органдардың құзыреті
      Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыретіне:
      1) мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін хабарламаларды қабылдау қағидаларына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленген тәртіппен хабарламаларды қабылдау;
      2) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      3) хабарлама беру тәртібін электрондық түрде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның қызмет ету қағидаларына сәйкес жүзеге асыру;
      4) өтініш берушінің бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыру процесінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды сақтауын тексеру;
      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

      15-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
      Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
      1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттардың тізбесін бекіту туралы бірлескен бұйрықты әзірлеу және бекіту;
      2) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің қызмет ету және оның функционалдық міндеттерінің қағидаларын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және әзірлеу;
      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

      3-тарау. Қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге
               асырудың рұқсат беру және хабарлама жасау тәртібі

      16-бап. Реттелетін қызметтің немесе іс-әрекеттердің (операциялардың) қауіп деңгейі
      1. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртібін алдағы жүзеге асырылатын қызметтің немесе іс-әрекеттердің (операциялардың) қауіп деңгейіне байланысты енгізіледі және мынадай деңгейлерге бөлінеді:
      1) бірінші санаттағы рұқсаттар жоғары деңгейлі қауіппен байланысқан қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе іс-әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін лицензиялар;
      2) екінші санаттағы рұқсаттар - лицензия болып саналмайтын, орта деңгейлі қауіппен байланысқан қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе іс-әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін барлық рұқсаттар;
      3) хабарламалар - кіші деңгейлі қауіппен байланысқан, алайда мемлекеттік органдармен осындай қызмет түрлерімен (кіші түрлерімен) немесе іс-әрекеттермен (операциялармен) айналысу туралы ақпарат алуға талап ететін қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе іс-әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізіледі.
      2. Қызметтің немесе іс-әрекеттердің (операциялардың) қауіп деңгейі реттеуші әсерді талдау нәтижесінде бекітіледі.

      17-бап. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртібі туралы жалпы
              ережелер
      1. Жеке және заңды тұлғаларда қызметтің немесе іс-әрекеттердің (операциялардың) жекелеген түрлерін жүзеге асыруды бастауы және кейіннен жүзеге асыруы үшін осы Заңда белгіленген тәртіпте нақты рұқсаттар бар болуы немесе хабарлама қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға хабарлама жолдау міндетті.
      2. Осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптері белгіленген қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жеке және заңды тұлғалардың тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жолдамай жүзеге асыруына жол берілмейді.
      Жеке немесе заңды тұлға рұқсатты алуға және ол жарамды болуға тиіс, ал хабарлама жолдауды, жеке немесе заңды тұлға, осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптері белгіленген қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияны) жүзеге асыруды бастағанға дейін жүзеге асыруға тиіс.
      Осы Заңға сәйкес өздеріне қатысты рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптері енгізілгенге дейін қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) рұқсатсыз немесе хабарламасыз жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар қызметті немесе іс-әрекетті (операцияларды) жүзеге асыруды жалғастыру үшін тиісті рұқсатты алуға немесе тиісті хабарлама жолдауға міндетті.
      3. Осы баптың 1, 2-тармақтары осы Заңның 18-бабының 5-тармағында және 28-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
      4. Осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін белгілеу ұлттық қауіпсіздікті қолдау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірін және денсаулығын қорғау мақсатында алдағы қызметтің немесе іс-әрекеттің (операцияның)  қауіптілік деңгейіне қарай жүргізіледі.
      5. Осы Заңға 1 - 3-қосымшаларда рұқсаттардың және хабарламалардың егжей-тегжейлі тізбесі көзделеді.
      6. Беру, ұзарту, қайта ресімдеу, қайта жаңарту және рұқсаттарға, сондай-ақ оларға қосымшаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асыру мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады және осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

      18-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптерін енгізу
              және олардың күшін жою тәртібі
      1. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртібі осы Заңға 1 - 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбесіне тиісті рұқсатты немесе хабарламаны енгізу арқылы ғана енгізіледі.
      2. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртіптерін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар реттеушілік әсерді талдау рәсімін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен алдын ала жүргізуге тиіс.
      Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
      3. Қызметті немесе іс-әрекетті (операцияны) жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның рұқсат алу міндеті рұқсат алу тәртібін регламенттейтін және (немесе) рұқсат алу үшін міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген мезгілден бастап туындайды.
      4. Рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) өтініш берушілердің осындай талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін, рұқсат алу тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер осы актілер ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күндік мерзім өткенге дейін қолданысқа енгізіле алмайды.
      Бұрын рұқсат беру тәртібіне жатқызылмаған қызметке немесе іс-әрекетке (операцияны) қатысты рұқсат беру тәртібі енгізілген жағдайда, өтініш берушілер рұқсат беру және біліктілік талаптарын және (немесе) өтініш берушілердің осындай талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін, рұқсат алу тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенге дейін, бірақ көрсетілген актілер қолданысқа енгізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей рұқсат алу үшін өтініш беруге құқылы.
      Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес берілген өтініштер бойынша рұқсаттар беруді немесе рұқсаттар беруден дәлелді бас тартуды рұқсат беру органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер күшіне енгеннен кейін, оларды беру үшін белгіленген мерзімде және тәртіпте жүзеге асыруға тиіс.
      5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес рұқсат алу үшін өтініш берген өтініш берушілер рұқсатты немесе оны беруден дәлелді бас тарту берілгенге дейін рұқсаты болмай рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе іс-әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға құқылы.
      Осы тармақтың күші қаржы саласындағы қызметке және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметке берілетін рұқсаттарға қолданылмайды.
      6. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртіптерінің күшін жою осы Заңға 1 - 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбесінен рұқсаттарды немесе хабарламаларды алып тастау жолымен жүзеге асырылады және жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе іс-әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай немесе хабарлама жолдамай жүзеге асыру құқығына әкеп соғады.

      19-бап. Реттеушілік әсерді талдау
      1. Реттеушілік әсерді талдаудың мақсаты айқындалған мақсаттарға неғұрлым дәл қол жеткізу үшін немесе нақты айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін таңдау арқылы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру болып табылады.
      2. Реттеушілік әсерді талдау рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптері енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін жүргізіледі.
      3. Реттеушілік әсерді талдауға:
      1) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптерін енгізуді немесе қатаңдатуды көздейтін мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары;
      2) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуді немесе қатаңдатуды көздейтін заң жобаларының тұжырымдамалары;
      3) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптерін енгізуді немесе қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасы заңының жобалары;
      4) осы Заңның 10-бабының 2), 4), 6) тармақтарында көзделген Қазақстан Республикасы қаулыларының жобалары жатады.
      4. Реттеушілік әсерге талдау жүргізу және оны қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      5. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптерін қолданудың тиімділігіне байланысты рұқсаттар беру немесе хабарламалар жасаудың жекелеген түрлері бір түрден екінші түрге ауыстырылуы не алып тасталуы мүмкін.
      Осы Заңға сәйкес жүзеге асырылуы үшін рұқсатының болуы немесе хабарлама жолдауды талап етілетін қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайларда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптерінің күші жойылуға жатады.
      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру және рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптерін енгізуге, өзгертуге немесе күшін жоюға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да міндеттер мен функцияларды орындау мәселелері жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында консультативтік-кеңесші орган - Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрады.
      Жаңа рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптерін енгізу Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында қаралағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
      7. Реттеуші мемлекеттік орган жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган және (немесе) өзге де мүдделі тұлғалар жүргізген реттеушілік әсерді баламалы талдаудың нәтижелері қолжетімді интернет-ресурстарда орналастырылады.
      8. 6-тармақтың екінші бөлігін қоспағанда, осы баптың күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.

      20-бап. Өтініш берушілердің құқықтары
      1. Өтініш берушілердің:
      1) рұқсаттар және хабарламалар туралы толық және дәйекті ақпаратты алуға;
      2) лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін немесе хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша рұқсат беру органдарының және хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпппен шағымдануға;
      3) рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алу үшін немесе хабарлама жолдауды жүзеге асыру үшін осы Заңның 48-бабының ережелерін ескере отырып, өтініштің электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға, сондай-ақ берілетін рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға құқығы бар.
      2. Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең дәрежеде рұқсат алады және хабарламаны жолдайды.

      21-бап. Рұқсат беру органдарының құқықтары мен міндеттері
      1. Рұқсат беру органдарының мемлекеттік органдарға лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа сұрау салумен, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы өтініш жасауға құқығы бар.
      2. Рұқсат беру органдары:
      1) Осы Заңға сәйкес лицензиялауды және рұқсат бұру рәсімдерін жүзеге асыруға;
      2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың рұқсат алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға;
      3) лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері, ол үшін талап етілетін құжаттар тізбесі туралы және осындай құжаттарды алу және ресімдеу тәртібі туралы толық және дәйекті ақпаратты қолжетімді нысанда беруге;
      4) мемлекеттік органдарға және халыққа қызмет көрсету орталықтарына лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін, оның ішінде бұларды ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және ақпаратты беруге;
      5) өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттар иелерінің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолдануға;
      6) өз құзыреті шегінде рұқсаттар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің үздіксіз қызмет етуі мен толығып отыруын қамтамасыз етуге;
      7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе рұқсаттар беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттар иелерінің жазбаша келісімін, оның ішінде электрондық құжат түрінде алуға міндетті.

      4-тарау. Рұқсаттар

      22-бап. Рұқсаттардың күші
      1. Рұқсаттар беру біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сай келетін барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.
      2. Осы Заңға 1, 2-қосымшаларда ескертпе ретінде:
      1) лицензияның иеліктен шығарылуы туралы;
      2) рұқсат беру кезінде конкурс рәсімдерінің қолданылуы туралы;
      3) рұқсаттың қолданылу мерзімі туралы;
      4) рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі және 26-бабының күші қолданылмайтындығы туралы;
      5) басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі.
      3. Рұқсаттардың күші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

      23-бап. Рұқсаттар сыныптары
      Реттеу объектілеріне қарай рұқсаттар мынадай сыныптарға бөлінеді:
      1) 1-сынып - қызметке берілетін рұқсаттар;
      2) 2-сынып - объектілерге берілетін рұқсаттар;
      3) 3-сынып - біржолғы рұқсаттар;
      4) 4-сынып - ресурстары шектеулі немесе квоталарды пайдаланатын қызметке берілетін рұқсаттар;
      5) 5-сынып - жеке тұлғаларға кәсіби қызметке берілетін рұқсаттар;
      6) 6-сынып - өнімге берілетін рұқсаттар.

      24-бап. Рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың
              нысандары
      Рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын осы Заңның 36-бабының 4, 5-тармақтарының ережелерін ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітеді.
      Рұқсаттарға қосымша рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      Лицензияға қосымша қызметтің немесе іс-әрекеттердің (операциялардың) кіші түрлерін немесе лицензия берілген немесе берілетін объектілерді көрсету, сондай-ақ қызметті немесе іс-әрекеттердің (операциялардың) жүзеге асырылу орнының нақты мекенжайын көрсету үшін ресімделеді.

      25-бап. Рұқсаттарды алуға өтініштерді қараудың жалпы тәртібі
      1. Рұқсат беру органы лицензиялау кезінде немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде рұқсат және (немесе) оған қосымшаны беруге өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактілері анықталған жағдайда рұқсат беру органы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген жағдайларда өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарды) алу үшін, рұқсат беру органы өтініш берушінің рұқсат және (немесе) оған қосымшаны алуға құжаттар тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің алдағы қызметті жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді.
      Мемлекеттік органдар рұқсат беру органының сұрау салуы негізінде он жұмыс күні ішінде лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тиісті рұқсат беру органына жауап жібереді.
      Осы баптың 1, 2-тармақтарымен көзделген жағдайлар үшін екінші санаттағы рұқсаттар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше мерзімдер белгіленуі мүмкін.
      3. Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда, рұқсат беру келісілген деп есептеледі.
      Осы тармақтың ережелері осы Заңға 1, 2-қосымшаларда тиісінше ескертпелер бар рұқсаттарға қолданылмайды.
      4. Рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беру үшін тиісті рұқсат беру органына немесе халыққа қызмет көрсету органына ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгіленіммен өтініш берушіге жіберіледі (табысталады). Бұл ретте тізімдемені өтініш беруші жасайды.
      Өтініш рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда берген жағдайда рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініштің қабылданғандығын растау туралы құжат беріледі.

      26-бап. Рұқсат беру мерзімін өткізіп алу салдары
      1. Егер рұқсат беру органы осы Заңға сәйкес айқындалған мерзімде өтініш берушіге рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бермеген не оларды беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімі өткен күннен бастап рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілді деп есептеледі және бір мезгілде рұқсат беруші орган рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қосады.
      2. Рұқсат беру органы рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беру мерзімі өткен кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беруге міндетті.
      Рұқсат беру органы рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бес жұмыс күні өткеннен кейін бермеген жағдайда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша алынды деп есептеледі. Бұл жағдайда рұқсат алынғанға дейін рұқсат беру органы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы өтінішті қабылдау кезінде рұқсат алуға берілген өтінішті растайтын кез келген құжат осы Заңда рұқсат беру тәртібі белгіленген қызметтің немесе іс-әрекеттің (операцияның) түрін жүзеге асырылу заңдылығына растама болып табылады.
      Рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда өтініш берген жағдайда өтініштің қабылданғандығына рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының электрондық сандық қолымен куәландырылған құжат дәлел болып табылады.
      3. Осы баптың ережелері осы Заңға 1, 2-қосымшаларда тиісті ескертпе бар рұқсаттарға қолданылмайды.

      27-бап. Рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беру үшін шетелдік заңды тұлғаның құжаттарды ұсыну ерекшеліктері
      Шетелдік заңды тұлғалар бизнес-сәйкестендіру нөмірін алған жағдайда немесе филиалдар және (немесе) өкілдіктер басшыларының тиісті өкілеттіктері болған ретте осы заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген филиалдары және (немесе) өкілдіктері арқылы және осындай филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің деректемелерін және олардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін пайдалана отырып, лицензиялау мен рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырған кезде алынатын алымдарды немесе төлемдерді төлеуді дербес жүзеге асырады.

      5-тарау. Лицензиялау

      28-бап. Лицензиялау салалары
      Лицензиялауға мынадай:
      1) өнеркәсіп;
      2) атом энергиясын пайдалану;
      3) улы заттар айналымы;
      4) көлік;
      5) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы;
      6) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      7) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар;
      8) қару-жарақ, әскери техника және қарудың жекелеген түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолданылатын бұйымдар айналымы;
      9) ғарыш кеңістігін пайдалану;
      10) ақпараттандыру және байланыс;
      11) білім беру;
      12) бұқаралық ақпарат құралдары;
      13) ауыл шаруашылығы;
      14) денсаулық сақтау;
      15) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;
      16) ойын бизнесі;
      17) ветеринария;
      18) сот сараптама қызметі;
      19) мәдениет;
      20) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;
      21) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
      22) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау;
      23) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және оның айналымы, темекі бұйымдарын өндіру;
      24) экспорттау және импорттау;
      25) тауар биржалары;
      26) мұнай және газ салалары қызметтерінің немесе іс-әрекеттерінің (операцияларының) жекелеген түрлері жатады.
      2. Мынадай субъектілердің:
      1) мемлекеттік органдардың құзырет шеңберінде;
      2) білім беру саласында автономды білім беру ұйымдарының және олардың ұйымдарының, оның ішінде аталған ұйымдарда білім беру бағдарламаларын енгізетін және (немесе) іске асыратын шетелдік заңды тұлғалардың;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Даму банкінің;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде кредиттік серіктестіктер, орталық депозитарий, тіркеуші, мемлекет қатысатын кредиттік бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Ұлттық почта операторы жүзеге асыратын қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті;
      5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің уәкілетті ұйымының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде қару-жарақ, әскери техника және қарудың жекелеген түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолданылатын бұйымдар айналымы саласындағы қызметті лицензиясы болмай жүзеге асыруына жол беріледі.

      29-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
              шарттары
      1. Лицензиялар лицензиардың орналасқан жері бойынша беріледі.
      2. Егер жергілікті атқарушы органдар немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша:
      1) олардың қызметті жүзеге асыру орны бойынша берілетін «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаны не шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігін тіркеу орны бойынша;
      2) Қазақстан Республикасы аумағында филиалы немесе өкілдігі жоқ шетелдік заңды тұлғаға заңнамамен өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, олардың қызметті жүзеге асыру орны бойынша беріледі.
      3. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын
шоғырландыруға байланысты қызметті, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті, күзет қызметін жүзеге асыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін - жарғысының (түпнұсқалары берілмеген жағдайда салыстырып тексеру үшін нотариат куәландырған) көшірмесін;
      3) заңды тұлға үшін - өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
      4) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      5) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа
берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесін;
      6) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды береді.
      4. Осы баптың 3-тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, лицензиарда осы құжаттардағы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндік бар жағдайда талап етілмейді.
      Шетелдік заңды тұлға, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын өтініш беруші өзінде Осы баптың 3-тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттар болмаған кезде, өтініш беруші туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады.
      Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тізбесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілей алады.
      5. Осы баптың 2-тармағының күші «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.
      6. Лицензиясы бар қызмет немесе іс-әрекет (операция) түрі шеңберінде нақты лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
      3) ұсынылу талаптары Қазақстан Республикасының Заңдарымен көзделген басқа құжаттар.
      7. Егер осы Заңға 1-қосымшада өзгеше көзделмесе, лицензиялар үшін олардың қолданылу мерзімі шектелмей беріледі.
      8. Егер иеліктен шығару осы Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда иеліктен шығарылуы мүмкін «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензияларды қоспағанда, лицензиялар иеліктен шығарылмайтын болып табылады.

      30-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
              туралы өтініштерді қарау мерзімдері
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей берілетін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтегі, білім беру, мұнай және газ салаларындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден дәлелді бас тартуды он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді импорттау мен экспорттау  саласындағы лицензиялауды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды не оларды беруден дәлелді бас тартуды лицензиар осы Заңның 37-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде береді.

      31-бап. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін
              лицензиялық алым
      Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық  алым (бұдан әрі - лицензиялық алым) Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне (Салық кодексі) сәйкес лицензия (лицензияның телнұсқасы) берілген (қайта ресімделген) кезде, сондай-ақ Салық кодексінде көзделген өзге де жағдайларда алынады.
      Лицензиялық алымның мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінде (Салық кодексінде) белгіленеді.
      Лицензияларға қосымшаларды (лицензияларға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.
      Лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды берген кезде осы Заңның 44-бабында көзделген жағдайларда лицензиялық алым алынбайды.

      32-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден
              бас тарту
      1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту, егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
      2) лицензиялық алым енгізілмеген;
      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
      4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сай келмейтіндігі туралы жауап алса;
      5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметтің немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуын тоқтата тұру туралы немесе тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болған;
      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге тыйым салған жағдайларда, жүзеге асырылады.
      Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшаларды беруден бас тарту үшін қосымша негіздерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
      Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді экспорттау және импорттауға лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша негіздер «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
      2. Осы баптың 1-тармағының күші «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.
      3. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді бас тартуды лицензиар өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзім ішінде береді.
      4. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымша беруден дәлелді бас тарту жазбаша түрде қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында беріледі.

      33-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта
              ресімдеу
      1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:
      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
      2) дара кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе мекенжайы өзгерген;
      3) заңды тұлға-лицензиат осы Заңның 34-бабында айқындалған тәртіппен қайта ұйымдастырылған;
      4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген;
      5) егер нақты лицензиядан айыру осы Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда, үшінші тұлғалардың пайдасына объектілермен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензиядан лицензиат айырған;
      6) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып берілген лицензияға қосымша үшін объектінің орны нақты түрде ауыстырылмай мекенжайы өзгерген;
      7) қайта ресімдеу туралы Қазақстан Республикасының Заңында талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
      2. Рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар.
      3. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша өтінішті;
      2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
      3) мемлекеттік ақпараттық жүйелерде олар туралы ақпарат бар құжаттарды қоспағанда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
      4) ұсынылу талаптары Қазақстан Республикасының Заңдарымен көзделген басқа құжаттар.
      4. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтінішті өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беруге тиіс.
      Осы Заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер, бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиар өтініш берушінің біліктілік  талаптарына сәйкестігін тексермейді.
      Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасымен көзделген негіздеме бойынша лицензияны қайта ресімдеу жағдайда өтініш берушімен лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті беру мерзімі Қазақстан Республикасының Заңымен бекітіледі.
      Қазақстан Республикасының Заңдарымен лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиар өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеретін өзге жағдайлар белгілене алады.
      5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензиар осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша ұсынылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартады.
      Егер заңдарда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қажеттігі көзделсе, осы талаптарға сәйкес болмау лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      6. Лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметінен бір немесе одан көп сынып алып тасталған жағдайда өтініш беруші тиісті нормативтік құқықтық актінің күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияның қосымшасымен бірге лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті беруге міндетті. Қаржы саласындағы қызмет және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс лицензияланатын қызмет түрі мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, өтініш беруші тиісті нормативтік құқықтық актінің күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
      7. Қайта ресімделген лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар осы Заңның 48-бабының ережелерін сақтай отырып, электрондық нысанда ресімделеді.
      8. Егер осы Заңның 34-бабында өзгеше мерзім белгіленбесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді лицензиар осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттар берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      34-бап. Заңды тұлға-лицензиат қайта ұйымдастырылған жағдайда
              лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
              қолданысы
      1. Заңды тұлға-лицензиатты қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде оның лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы осы Заңның 33-баптың 3 және 4-тармақтарымен белгіленген тәртіпте қосылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қайта ресімделуге жатады. Лицензияланатын қызметтің бір түріне (кіші түріне) лицензиясы бар бірнеше заңды тұлға-лицензиаттар қосылған жағдайда өтініш берушінің таңдауы бойынша қосылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға осындай бір ғана лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделуге жатады.
      2. Қайта құру нәтижесінде пайда болған заңды тұлғаның ұйымдық құқықтық нысаны үшін лицензияланатын қызметтің түрімен (кіші түрімен) айналысу Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 33-баптың 3 және 4-тармақтарымен» белгіленген тәртіпте заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде оның лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қайта ресімделуге жатады.
      3. Заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қосылған заңды тұлғаның лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы осы Заңның 33-баптың 3 және 4-тармақтарымен белгіленген тәртіпте соңғысына қайта ресімделуге жатады. Егер қосылатын заңды тұлғада және қосып алатын заңды тұлғада лицензияланатын қызметтің бір түріне (кіші түріне) лицензия болса, қосылатын заңды тұлғаның лицензиясын қосып алатын заңды тұлғаға лицензияны қайта ресімдеу жүргізілмейді.
      4. Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде оның лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы бөліп шығарылған заңды тұлғаның келісімі болған кезде қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған заңды тұлғаның біріне тек бөлініп шыққан заңды тұлғаның лицензияланатын қызметтің тиісті түрін және (немесе) кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растаған жағдайда қайта ресімдеуге жатады.
      Осы тармақта көзделген негізде лицензияны қайта ресімдеуге өтініш беруші қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлға болып табылады.
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеу үшін өтініш беруші осы Заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттардан басқа өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келісімі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жасалған шешімін ұсынады.
      Қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу туралы өтінішті өтініш беруші бөліну нысанында аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
      Лицензиар осы Заңның 33-бабының 3-тармағында, осы баптың 4-тармағы үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынбаған немесе тиісінше ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда осы тармақта көзделген негізде жасалған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартады.
      5. Заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде оның лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаның біріне заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңа пайда болған осы тұлғаның лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растаған жағдайда қайта ресімделуге жатады.
      Бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біреуі осы тармақта көзделген негізде лицензияны қайта ресімдеуге өтініш беруші болып табылады.
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біреуіне қайта ресімдеу үшін өтінішті беруші осы Заңның 33-бабы 3-тармағында көзделген құжаттардан басқа өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біреуіне қайта ресімдеу туралы өтінішті, өтініш беруші бөліну нысанында қайта ұйымдастыру аяқталған кезден бастап отыз күнтізбелік күн ішінде береді.
      Лицензиар мынадай жағдайда:
      1) Заңның 33-бабы 3-тармағында және осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынбағанда немесе тиісінше ұсынбағанда;
      2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмегенде;
      3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бұрын заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың басқа біреуіне қайта ресімделген болса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартады.
      6. Лицензиар өтініш берушіден осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге құжаттар түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі белгілі болған жағдайда лицензиар көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
      7. Қазақстан Республикасының заңдарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген жағдайларда өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік органдардың келісімін (ілеспе рұқсаттарын) алу үшін лицензиар осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтінішті тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қызмет атқаратын орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салады.
      Мемлекеттік органдар лицензиардың сұрау салуы негізінде тиісті өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы лицензиарға он жұмыс күні ішінде жауап жібереді.
      Осы баптың 7-тармақтың бірінші, екінші бөліктерінде және 6-тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін.
      8. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге тиісті лицензиарға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып, өтініш берушіге беріледі. Бұл ретте тізімдеме өтініш берушімен толтырылады.
      Рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда өтініш берген жағдайда өтініштің қабылданғандығына рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының электрондық сандық қолымен куәландырылған құжат дәлел болып табылады.
      9. Осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде және 5-тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта ресімделетін атом энергиясын пайдалану, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты, экспорттық бақылауға жататын өнімдерді импорттау мен экспорттау, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензиарларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қайта ресімдейді.
      10. Лицензиарлар қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы бапта белгіленген мерзім ішінде беруге не оларды қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды ұсынуға міндетті.

      35-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
              қолданысын тоқтату
      1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы мынадай жағдайларда:
      1) олар берілген мерзім аяқталғанда;
      2) оларды жүзеге асыру үшін берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
      3) лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырғанда (қайтарып алғанда);
      4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, заңды тұлға таратылғанда;
      5) лицензиат лицензиарға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату туралы өз еркімен өтініш жасағанда;
      6) осы Заңға 1-қосымшадан лицензия немесе қызметтің жекелеген түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі немесе іс-әрекет (операция) алып тасталғанда;
      7) лицензиат лицензиялануға жататын тұлғалар қатарынан алып тасталғанда;
      8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған немесе лицензия электрондық нысанда ғана ресімделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезде лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға он жұмыс күні ішінде қайтаруға міндетті.
      3. Осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезден бастап лицензиаттардың жүзеге асыру үшін қолданысы тоқтатылған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілген қызмет түрлерін (кіші түрлерін) немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқылы емес.

      36-бап. Қызметтің жекелеген түрлеріне лицензия берудің ерекше
              шарттары
      1. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру, қайта ресімдеу, беруден бас тарту, олардың қолданысын тоқтата тұру, тоқтату тәртібін, мерзімдері мен шарттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгілейді.
      2. Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру шарттары мен тәртібі «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
      3. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттары құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияларды беру шарттары мен тәртібі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
      4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия берудің ерекше шарттары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиялау
нысанында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
лицензиат санатын көрсету үшін лицензиялар қолданысының ерекше шарттары қосымша көзделуі мүмкін.
      5. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлерін және кіші түрлерін лицензиялау «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған аспаптар, қондырғылар, материалдар, заттар, қалдықтар түрлеріне қатысты жүзеге асырылады.
      Лицензияға қосымшада лицензияны берудің ерекше талаптары ретінде лицензиат жұмыс жүргізетін аспаптар, қондырғылар, материалдар, заттар, қалдықтар түрі көрсетіледі.

      37-бап. Экспорттау мен импорттау саласындағы лицензиялау туралы
              жалпы ережелер
      1. Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесін Кеден одағының тиісті органының шешімімен бекітілген, үшінші елдермен сауда жасауда Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салу немесе оларды шектеу қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялаудың орындалуы үшін осы шектеулер енгізілген мақсаттарға қарағанда тауарлардың экспортына немесе импортына бұдан әрі шектейтін немесе бұрмалайтын ықпалы болмауға тиіс.
      Экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар және рұқсаттар беру тәртібі мен шарты Кеден одағы шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес белгіленеді.
      2. Экспорттық бақылауға жататын, экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға жататын тауарлардың тізбесін халықаралық экспорттық бақылау режимдеріне сәйкес және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экспорттық бақылауға жататын өнімдер номенклатурасы (тізімі) негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің экспорты мен импорты саласындағы лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар лицензия осындай растауды алғаннан кейін берілетін импортер-елдің соңғы пайдаланушы сертификатының шынайылығы тексерілгендігін растауды алу қажеттігі жағдайын қоспағанда, отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
      3. Лицензия Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес жіктелген, лицензиялау енгізілген әрбір тауарға немесе экспорттық бақылауға жататын өнімге беріледі.
      Лицензиар лицензияның мынадай түрлерін береді:
      1) бас лицензия - сыртқы сауда қызметі қатысушысына кедендік одаққа қатысушы - мемлекеттің шешімі негізінде тауардың жекелеген түріне экспортқа және (немесе) импортқа лицензиямен айқындалған мөлшерде берілетін лицензия;
      2) айрықша лицензия - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға тауардың жекелеген түріне экспортқа және (немесе) импортқа айрықша құқық беретін лицензия;
      3) біржолғы лицензия - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға сыртқы сауда келісімшарты (контракт) негізінде берілетін және лицензияланатын тауарға белгілі бір мөлшерде экспортқа және (немесе) импортқа құқық беретін лицензия.
      Тауарлардың экспорты және (немесе) импортына бас және айрықша лицензиялар беруді лицензиар Кеден одағының тиісті органының шешімінде көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
      Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және (немесе) импорттауға бас және айрықша лицензия берілмейді.
      4. Бас және айрықша лицензиялар алған лицензиаттар тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күніне дейін экспорт пен импорт саласындағы уәкілетті органдарға лицензияның орындалу барысы туралы есеп ұсынуға міндетті.
      Біржолғы лицензиялар алған лицензиаттар лицензия қолданысының мерзімі аяқталған соң күнтізбелік он бес күн ішінде экспорт және импорт саласындағы уәкілетті органдарға лицензияны орындау барысы туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
      5. Біржолғы лицензия қолданысының кезеңі оның қолданысы басталған күннен бастап бір жылдан аспайды. Біржолғы лицензия қолданысының мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданыс мерзімімен немесе лицензия беруге негіз болып табылатын құжаттың қолданыс мерзімімен шектелуі мүмкін.
      Сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданыс мерзімі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
      Тауарлардың экспорты және (немесе) импортына бас лицензия қолданысының мерзімі, егер Кеден одағының тиісті органының шешімінде өзгеше ескерілмесе, оның қолданысы басталған күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс, ал сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
      Айрықша лицензияның қолданыс мерзімі әрбір нақты жағдайда Кеден одағының тиісті органының шешімімен белгіленеді.
      6. Экспортқа және импортқа арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұруды немесе тоқтатуды Кеден Одағының тиісті органы белгілейді.

      6-тарау. Рұқсат беру рәсімдері

      38-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беру ерекшеліктері
      1. Екінші санаттағы рұқсаттарды беру үшін рұқсаттар талабы және қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      Бұл ретте тізбеде ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өтініш беруші беретін мәліметтер нысанынан алынуы мүмкін құжаттар қамтылмауға тиіс.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін қағидаларды қоспағанда, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және осы Заңда рұқсат беру  тәртібі көзделген қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      39-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беру туралы өтініштерді қарау
              мерзімдері
      Екінші санаттағы рұқсат Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімде беріледі. Екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгіленген мерзім ішінде екінші санаттағы рұқсатты беруге не оны беруден дәлелді бас тартуға міндетті.

      40-бап. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде алынатын
              төлем
      Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде алынатын алымдардың немесе төлемдердің мөлшері, оларды есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      41-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тарту
      1. Екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
      2. Өтініш берушіге екінші санаттағы рұқсатты беруден дәлелді түрде бас тартуды екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган екінші санаттағы рұқсатты беру үшін белгіленген мерзімде береді.
      3. Екінші санаттағы рұқсатты беруден дәлелді түрде бас тарту жазбаша түрде, оның ішінде электронды құжат түрінде немесе қағаз жеткізгіште беріледі.

      42-бап. Екінші санаттағы рұқсаттың қолданысын тоқтату
      Екінші санаттағы рұқсат Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын жағдайларда және тәртіппен өзінің қолданысын тоқтатады.
      Бұл ретте екінші санаттағы рұқсаттан айыру (қайтарып алу) осы Заңның 45 бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      7-тарау. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның
               телнұсқаларын беру, қателерін түзету және қолданысын
               тоқтата тұру, қалпына келтіру және олардан айыру
               (қайтарып алу)

      43-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның
              телнұсқаларын беру, сондай-ақ электрондық форматқа
              көшіру
      1. Қағаз нысанда берілген рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген кезде лицензиаттың немесе екінші санаттағы рұқсат иесінің рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
      2. Егер рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз нысанда берілген болса, лицензиат немесе рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның иесі телнұсқаны алмастан, өтініш бойынша оны электрондық форматқа аударуға құқылы.
      Осы тармақтың күші тек қағаз нысанда берілетін рұқсаттарға қолданылмайды.
      3. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкілері рұқсат беруші орган жоғалту немесе бүлдіру туралы өтінішті алған күннен бастап жарамсыз болып есептеледі.
      4. Рұқсат беруші орган өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оң жақтағы жоғары бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар және рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның алғаш берілген күнін және олардың қайта ресімделген күнін көрсете отырып рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқасын береді.

      44-бап. Берілген рұқсаттардағы және (немесе) рұқсаттарға
              қосымшалардағы қателерді түзету
      Берілген рұқсаттарда және (немесе) рұқсаттарға қосымшаларда қателер анықталған жағдайда лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсаттың иесі оларды түзету туралы еркін түрде өтініш беруге құқылы.
      Рұқсат беруші орган өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қажетті өзгерістер енгізеді және тиісті түзетулері бар рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны береді.

      45-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын
              тоқтата тұру, қалпына келтіру, одан айыру (қайтарып
              алу)
      1. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, оларды жүзеге асыру үшін қолданысы тоқтатыла тұрған рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілген қызметтің жекелеген түрлерін (кіші түрлерін) немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) лицензиаттардың немесе екінші санаттағы рұқсаттар иелерінің жүзеге асыруына жол берілмейді.
      3. Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсаттың иесі рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін рұқсат беруші органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.
      Рұқсат беруші орган өтініш берушінің бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 53-бабы 2-тармағында көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын тексереді.
      Өтініш берушінің бұзушылықтарды жойған фактісі расталған жағдайда рұқсат беруші орган осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
      Бұл ретте рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген шешім қабылданған кезден бастап қалпына келтіріледі.
      4. Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсаттың иесі тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда рұқсат беруші органдар тоқтата тұру мерзімі өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру рәсіміне бастамашылық жасайды.
      Рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (қайтарып алу) туралы мәселені қарау барысында лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсаттың иесі бұзушылықтың жойылған фактісін дәлелдеуге құқылы. Бұл жағдайда рұқсат беруші орган осы баптың 3-тармағының екінші және үшінші бөліктерін басшылыққа алуға тиіс.
      5. Рұқсаттан айыру (қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
      Осы тармақтың күші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган беретін, олардан айыру (қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылатын рұқсаттарға қолданылмайды.

      8-тарау. Хабарлама жасау тәртібі

      46-бап. Хабарлама жасау тәртібі
      1. Хабарламалардың, сондай-ақ қызмет түрлерінің немесе жүзеге асыру үшін хабарламаны жолдау қажет болатын іс-әрекеттердің толық тізбесі осы Заңға 3-қосымшада көзделеді.
      2. Хабарламаны өтініш берушілер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік органға жібереді.
      3. Өтініш берушілер Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда, оларға қатысты хабарлама жасау тәртібі енгізілген қызметті немесе іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің актілерінде қойылатын талаптарға өздерінің сәйкестігін мәліметтер нысанын беру арқылы мәлімдейді.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өтініш беруші тиісті хабарлама жолдағаннан кейін қызметті немесе белгілі іс-әрекеттерді жүзеге асыруға бірден кірісуге құқылы немесе тоқтатуға міндетті.
      Қызметтің жекелеген түрлерінің немесе іс-әрекеттердің ерекшеліктері ескеріле отырып, жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында хабарламаны жолдау мерзімдері белгіленуі мүмкін.
      6. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда хабарламаға қажетті құжаттар қоса беріледі, бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан алынуы мүмкін құжаттарды және өзге де ақпаратты өтініш берушілерден талап етуге тыйым салынады.
      Хабарламадағы және (немесе) хабарламаға қосымшадағы мәліметтердің дәйектілігі үшін өтініш беруші жауапты болады.
      7. Рұқсат беру тәртібінің орнына қызметтің нақты түріне немесе іс-әрекетке қатысты хабарлама жасау тәртібі енгізілген кезде оны енгізу кезінде қызметтің осы түріне немесе іс-әрекетке жарамды рұқсаты болған жеке және заңды тұлғалар хабарламаны жолдаған болып есептеледі және автоматты түрде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізіледі.
      8. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе іс-әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайлары, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, өтініш беруші он жұмыс күні ішінде осы бапта белгіленген тәртіппен көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жолдауға міндетті.

      47-бап. Хабарлама жолдағанын растау
      Өтініш берушілердің сұрауы бойынша хабарламаны қабылдауды жүзеге асырушы мемлекеттік органдар сұрау салынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушінің жолдаған хабарламалары туралы үзінді көшірмені береді.
      Бұл ретте мемлекеттік органдар мен үшінші тұлғалар өтініш берушінің хабарламаны жолдағаны жөніндегі растауды хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алады.

      9-тарау. Лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін және
               хабарламалар жасауды жүзеге асыру кезіндегі ақпараттық
               технологиялар

      48-бап. Лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін және хабарламалар
              жасауды электрондық нысанда жүзеге асыру
      1. Лицензиялау және хабарламаларды жіберу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып электрондық нысанда жүзеге асырылады.
      Рұқсат беру рәсімдері рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, осы Заңның 54-бабы 3-тармағының ережелері ескеріліп электрондық нысанда жүзеге асырылады.
      Электронды құжат нысанында берілген рұқсаттар қағаз жеткізгіштегі рұқсаттармен бірдей.
      Рұқсат беру органдары қағаз нысанында жүзеге асырылған рұқсат беру рәсімдері туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне рұқсат беру рәсімін жүзеге асырумен бір мезгілде енгізуге міндетті.
      Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талаптардың орындалмағаны үшін рұқсат беруші орган жауапты болады.
      Осы тармақтың күші автоматтандыруға жатпайтын рұқсаттарға қолданылмайды.
      2. Қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметке берілетін рұқсаттар қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы рұқсат алу жүзеге асыру үшін өтініш беруші, халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан жеріне қарамастан, соған жүгінуге құқылы.
      3. Өтініш беруші лицензиялау, рұқсат беру рәсімінен өту немесе хабарламаны халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асыру үшін өтініш жасаған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері электрондық өтінішті, хабарламаны немесе өзге де осыған ұқсас құжатты қызмет бабында пайдалану үшін берілген өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады. Мұндай куәландыру өтініш берушінің жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады.
      4. Өтініш беруші рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және рұқсат беруші органның мөрімен және рұқсат беру органы басшысының қолымен куәландырылады.
      5. Рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны электрондық нысанда беру мүмкіндігі болмаған жағдайда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз жеткізгіште беріледі.
      6. Өтінішті рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда берген жағдайда лицензиар және екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган өтінішті тіркеуді бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      49-бап. Рұқсаттардың және хабарламалардың мемлекеттік
              электрондық тізілімі
      1. Рұқсат беруші органдар рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізеді.
      Хабарламалар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізіледі.
      2. Мемлекеттік органдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен оларды растауды қосымша талап етпестен, жеке және заңды тұлғалардан алуға міндетті.
      3. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі тәуекелдерді басқару жүйесін және тексерулерді жүргізу жоспарын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
      4. Жеке немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін немесе іс-әрекеттерін (операцияларын) сот тоқтата тұрған жағдайда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне тиісті мәліметтер енгізіледі.
      5. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып тастау өтініш берушінің өтініші, жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне немесе іс-әрекеттеріне тыйым салу туралы соттың шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
      6. Рұқсат беруші органдардың және хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе тұрақты болмаған кезеңде олар осындай мүмкіндік пайда болғаннан кейін барлық қажетті тарихи деректердің тіркелуін және сақталуын қамтамасыз етуге және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жаңа тарихи деректермен толықтыруға міндетті.

      10-тарау. Жауаптылық және бақылау

      50-бап. Рұқсат беруші органдардың шешімдеріне және
              іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
      Жеке және заңды тұлғалар лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін және хабарлама жасауды жүзеге асыру кезінде рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнаманы бұза отырып қабылданған және (немесе) жасалған рұқсат беруші органдардың немесе хабарламаларды қабылдау жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың шешімдеріне және (немесе) іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

      51-бап. Зиянды өтеу
      Рұқсат беруден негізсіз бас тартудан немесе лицензиаттың немесе екінші санаттағы рұқсат иесінің құқықтарын бұзудан туындаған зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      52-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларда өтініш берушінің қызметі немесе қызметінің жекелеген түрлері тоқтатыла тұруы немесе оларға тыйым салынуы мүмкін.
      Хабарлама жасау тәртібін сақтамай қызметті немесе белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      53-бап. Хабарламалар жөнінде бақылау және рұқсат беру бақылауы
      1. Рұқсат беру бақылауы тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      2. Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін тексеру тексерілетін адамға бару мүмкіндігі арқылы бақылаудың өзге нысаны тәртібімен жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына өтініш берушінің сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы шешім қабылданады.
      Құжаттарды ұсынумен расталмайтын біліктілік немесе рұқсат беру талаптары, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың дәйектілігі осы тармақта көрсетілген тәртіппен тексерілуге жатады.
      3. Рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттар иелерінің (қызметті жүзеге асыру барысында) сақтауын тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»Қазақстан Республикасының Ззаңдарына сәйкес жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер арқылы жүзеге асырылады.
      4. Хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік орган «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды өтініш берушінің сақтауын дербес тексереді.

      11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

      54-бап. Өтпелі ережелер
      1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған және осы Заңға 1 - 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелеріне кірмеген рұқсаттар мен хабарламалар, осы Заңның 3-бабының 2-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, болуға міндетті болып табылмайды және осы рұқсаттар мен хабарламаларсыз қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру жеке немесе заңды тұлғалар үшін жауаптылыққа әкеп соқпайды.
      2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 8-тармағына сәйкес лицензиялануға жатпаған қызмет түрлеріне осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап, олар осы Заңға 1 - 3-қосымшаларда болған жағдайда, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі жалпы негіздерде қолданылады.
      3. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мүмкін болған жағдайда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып электрондық нысанда жүргізіледі.
      Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі арқылы электрондық түрде ғана жүргізіледі.
      Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мен рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітілген автоматтандыруға жатпайтын тізімге енгізілген екінші санаттағы рұқсаттарды қоспағанда, 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде рұқсаттарды жинау және сақтау және рұқсат беру рәсімдерін автоматтандыру енгізілмеген және қамтамасыз етілмеген екінші санаттағы рұқсаттар жойылуға жатады.
      4. Осы Заңның қолданысқа енгізу алдында берілген атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялар, осы Заңның қолданысқа енгізу мезгілінен бастап алты ай ішінде осы заңның 1-қосымшасына сәйкес мерзімі шектеулі лицензияларға қайта ресімделуге жатады.

      55-бап. Қорытынды ережелер
      1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат, № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 16, 83-құжат).

      Қазақстан Республикасы
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады