Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1993 жылғы 22 қазанда Улаанбаатар қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнің күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген Келісімнің күшін жою ниетi туралы Монғолия Үкіметін хабардар етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов