Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнің күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 327 қаулысы

Баспасөз хабарламасм Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы әлеуметтік
қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралм келісімнің күшін
жою туралы

      «Бұрый Моңголияның әскери қызметшілері болған Қазақстанның азаматтарына еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлеу туралы» 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 13-6/И-358 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаев өткізген кеңес хаттамасыныц 4-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы кабылданды.
      Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
      Келісімнің 12-бабының 3-тармағына сәйкес осы Келісімнің ережелерне сәйкес туындаған құқықтар Келісім күшін жойған жағдайда өз күшін жоғалтпайды. Осыған орай Келісімнің күшінің жойылуына байланысты зейнетақы телемдерін жүзеге асыру үшін құқықтық негіздер жойылмайды.
      Жаңа келісім жасаудың орындылығы туралы мәселе қажеттілігіне қарай тараптардың мүдделілігін ескере отырып қарастырылатын болады.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз