Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 369 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 761 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті;

      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті;

      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті таратылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі туралы ереже;

      2) Мемлекеттік акциялар пакетіне (қатысу үлесіне) иелік ету және оны пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігіне берілетін заңды тұлғалар тізбесі;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.

      3. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсiпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.

      4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі және Қазақстан Республикасы мәдениет, көлік және коммуникация министрлiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 369 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі
туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) байланыс, ақпараттандыру, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар.

      3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

      5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Агенттіктің, егер оған заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан әрекет етуге құқығы бар.

      7. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Агенттіктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс.

      10. Агенттіктің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

      Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Агенттіктің миссиясы өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы байланысының бірыңғай ақпараттық кеңістігі мен инфрақұрылымының орнықты жұмыс істеуін және қауіпсіздігін қалыптастыру, дамыту және қамтамасыз ету болып табылады.

      15. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) байланыс саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, байланыс саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;

      2) ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу мен іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу;

      3) почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, почта операторларының қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;

      4) ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және қызметті мемлекеттік реттеу және іске асыру;

      5) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда телекоммуникация мен почта байланысының жалпы қолжетімді қызметтері саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу, іске асыру және мемлекеттік реттеу және бақылау;

      6) телерадио хабарларын тарату саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу мен іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу;

      7) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыруды қамтамасыз ету;

      8) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыруды қамтамасыз ету;

      9) байланыс, ақпараттандыру салаларындағы және "электрондық үкіметті", ақпаратты, мұрағат ісі мен құжаттаманы қалыптастыру кезінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      10) байланыс, ақпараттандыру саласындағы және "электрондық үкіметті", ақпаратты, мұрағат ісі мен құжаттаманы қалыптастыру кезінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      11) заңнамада белгіленген құзыреті шеңберінде ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      12) гендерлік теңдік қағидаттарын сақтау;

      13) Агенттікке жүктелген өзге де міндеттер.

      16. Агенттіктің функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары және басымдықтары жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және оны іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және орнықты жұмыс істеуін арттыру;

      2) байланыс желілерін салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешімдер қабылдау кезінде ұлттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын бекіту;

      3) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      4) Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау;

      5) Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиілікті халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының почта әкімшілігі ретінде және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өкілеттіктері шегінде әрекет ету, басқа мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың почта әкімшіліктерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде почта байланысы саласындағы Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау;

      7) ақпараттандыру саласында, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      8) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;

      9) байланыс саласында және ақпараттандыру саласында техникалық регламенттерді әзірлеу;

      10) электрондық қызметтер нарығының жұмыс істеуіне жағдай жасау;

      11) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      12) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;

      13) "электрондық үкіметті" қалыптастыруды және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамытуды, Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде олардың үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      14) куәландырушы орталықтың үлгі ережесін әзірлеу және бекіту;

      15) Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      16) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      17) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық жүйелерге, инвестициялық жобаларға аудит жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      18) Радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ шетелден әкелу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      19) Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын әзірлеу;

      20) қорғау аймақтарын белгілеу және ондағы жұмыс режимінің тәртібін әзірлеу;

      21) Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша почта төлемінің мемлекеттік белгілерінің түрлері мен шығарылу көлемін бекіту;

      22) почта төлемі белгілерінің мемлекеттік коллекциясын қалыптастыру;

      23) Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндірістік объектілеріне почталық индекстер беруді жүзеге асыру;

      24) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық почта операторының немесе почта операторларының өтініштері бойынша халықаралық почта алмасу орындарын бекіту;

      25) Почта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу;

      26) почта желілерімен жөнелту шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлеу;

      27) почта жөнелтімдеріндегі почталық штемпельді қолдану тәртібін әзірлеу;

      28) Ұлттық почта операторы қызметкерлерінің нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оларды кию тәртібін, олармен қамтамасыз ету нормаларын бекіту;

      29) франкирлеу машиналарын қолдануға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін айқындау;

      30) бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беруді сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, оның толықтығын қамтамасыз ету және депозитарийге тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту;

      31) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалардың әзірленуін ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      32) ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған нормативтік шығындарды әзірлеу және бекіту;

      33) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, техникалық ерекшелігіне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргізу;

      34) тіркеу орындарын айқындау, Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      35) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді "электрондық үкімет" инфрақұрылымына ықпалдастыру үшін оларды пайдалануда бірыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлік оқиғаларға ден қою жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;

      36) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын әзірлеу;

      37) Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру қағидаларын әзірлеу;

      38) байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;

      39) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіруді жүзеге асыру;

      40) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;

      41) Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      42) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;

      43) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;

      44) почта төлемі мемлекеттік белгілерінің түрлерін және шығарылу көлемін бекіту;

      45) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу;

      46) Телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу қағидаларын бекіту;

      47) радиожиілік спектрін перспективалы пайдаланудың жоспарларын бекіту;

      48) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиожиілік спектрін пайдалануға, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды іске қосуға рұқсаттар беру;

      49) радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатты алып қою тәртібін бекіту;

      50) нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу;

      51) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне және телекоммуникация және почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту тәртібін айқындау;

      52) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтер нарықтарында басым жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметтеріне бағаларды реттеу;

      53) уәкілетті органдарға адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізу;

      54) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату бөлігінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіру;

      55) мемлекеттік техникалық қызметтің жұмысын үйлестіру;

      56) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату жүйесін техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекіту;

      57) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын әзірлеу;

      58) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      59) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу;

      60) оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін әзірлеу;

      61) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      62) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтардың әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;

      63) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлеу;

      64) бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесін әзірлеу;

      65) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің электрондық нысанын және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру;

      66) электрондық нысанда және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      67) мемлекеттік қызметтер көрсетудің мониторингі ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу қағидаларын бекіту;

      68) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалау тәртібін айқындау;

      69) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеу;

      70) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлеу және бекіту;

      71) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша мемлекеттік органдардың байланысын басқару орталықтарымен және төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қарамағында телекоммуникациялар желілері бар уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдайды енгізген кезде байланыс желілерін басқару жөнінде шешім қабылдау;

      72) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;

      73) радиожиілік спектрін пайдалануды реттеу;

      74) Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу;

      75) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асыру;

      76) мұрағат ісі жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкілдік етуін қамтамасыз ету;

      77) мұрағат ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне әдістемелік басшылық жасау және оны үйлестіру;

      78) құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорларын және коллекцияларды Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешім қабылдау;

      79) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын әзірлеу;

      80) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгі қағидаларын әзірлеу;

      81) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін сақтау мерзімдерін көрсете отырып әзірлеу;

      82) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртібін айқындау;

      83) Орталық сараптау-тексеру комиссиясы мен орталық мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссияларын құру және ол туралы Ережелерді бекіту;

      84) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;

      85) Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту;

      86) ұлттық телерадио хабарларын тарату операторының қызметін еркін қолжетімді теле-, радиоарналарын таратуды қаржылай қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіру (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ ұқсас телерадио хабарларын тарату арқылы);

      87) Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекіту;

      88) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;

      89) Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;

      90) Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;

      91) Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлеу;

      92) Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже әзірлеу және оның құрамы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

      93) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;

      94) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;

      95) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) бекіту;

      96) телекоммуникация және почта байланысының жалпыға бірдей қолжетімді қызметі аясындағы табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау;

      97) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және почта байланысы қызметтері нарығында басым (монополиялық) жағдайдағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеу;

      98) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кабелдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;

      99) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;

      100) телекоммуникация және почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметтері саласындағы табиғи монополиялар саласындағы тарифті (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) бекіту;

      101) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін әзірлеу, бекіту және қолдану;

      102) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, алым мөлшерлемелерін) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;

      103) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған уақытша өтемдік тарифті бекіту;

      104) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;

      105) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;

      106) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту;

      107) жарғылық капиталына мемлекет және олармен үлестес тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің штат кестесін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;

      108) жарғылық капиталына мемлекет және олармен үлестес тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;

      109) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу мен басқа да қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісуді жүзеге асыру;

      110) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімін жүргізу;

      111) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;

      112) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілерін байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету арқылы кіру;

      113) пайдалану және (немесе) құқығына рұқсаты болмаған, техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;

      114) ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      115) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексеруді жүргізуге қатысты құжаттардың (хаттамалардың, ұйғарымдардың, тексеру тағайындау туралы актілердің) нысандарын әзірлеу және бекіту;

      116) бөлінетін жиілік жолақтарын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      117) ақпараттық жүйелерге, бағдарламалық өнімдерге, бағдарламалық кодтарға және нормативтік-техникалық құжаттамаға депозитарий жүргізуді тексеру;

      118) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуін бақылау;

      119) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің бағалау мониторингісін жүзеге асыру;

      120) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауын тексеруді жүргізу;

      121) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру;

      122) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін және олардың көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;

      123) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      124) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;

      125) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілері технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе байланыс желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;

      126) ақпараттандыру саласын дамытудың және жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру;

      127) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысына байланыс және ақпараттандыру саласындағы бақылауды жүзеге асыру;

      128) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

      129) орталық мемлекеттік органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының интернет-ресурстарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;

      130) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарға сәйкестігін аттестаттау;

      131) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;

      132) ақпаратты алу, көшіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оқшаулау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсету;

      133) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану;

      134) Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерін және электрондық ақпараттық ресурстарды тіркеуді жүзеге асыру;

      135) почта байланысы қызметтерін көрсету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      136) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық сипаттамаларының және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      137) телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптарды сақтау бөлігіндегі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      138) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы бақылауды жүзеге асыру;

      139) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру;

      140) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;

      141) мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпараттық агенттіктерді есепке қою;

      142) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізу;

      143) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жиынын (каталогын) жүргізу;

      144) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарына орталықтандырылған мемлекеттік есеп жүргізілуін қамтамасыз ету;

      145) заңнамада белгіленген тәртіппен Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсаттар беру;

      146) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру;

      147) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерінің тиісті атқарушы органдармен келісілген тізімдерін бекіту;

      148) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібін айқындау;

      149) республикалық меншіктегі тарих және мәдениет деректі ескерткіштерін қорғауды, сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ету;

      150) автоматтандырылған мұрағаттық технологиялар әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру, Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпараттық желі және деректер қорын құру;

      151) басқа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларының сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағат құжаттарының көшірмелеріне апостиль қою;

      152) Ұлттық мұрағат қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау мен пайдалану жөніндегі шарттарға қол қою;

      153) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беру;

      154) Ұлттық мұрағат қорын және Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      155) шетелдердегі Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі мұрағат құжаттарын жинау мен елге қайтаруды жүргізу;

      156) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту;

      157) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының басылып шығарылуын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды мемлекеттің, қоғамның, азаматтардың сұратуларын қанағаттандыру үшін пайдалану;

      158) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мұрағат ісі саласындағы бақылауды жүзеге асыру;

      159) ақпарат саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

      160) іс жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдық-әдістемелік басшылық жасау және іс жүргізудің жай-күйін, құжаттардың сақталуын бақылау;

      161) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

      162) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

      163) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

      164) Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;

      165) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      166) көпарналы хабар таратуда таратылуына байланысты міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау;

      167) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;

      168) ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      169) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуына бақылауды және мониторингті жүзеге асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      170) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      171) байланыстың барлық түрлерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      172) Агенттіктің құзыретіне кіретін қатынастарды реттейтін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      173) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелуі мүмкін.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      Агенттіктің:

      1) өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті нормативтік құқықтық актілер және құқықтық актілер шығаруға;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін актілердің күшін тоқтатуға немесе оларды өзгерту туралы тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге;

      4) өз құзыреті шегінде сарапшыларды, мамандарды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін сараптама және консультациялар өткізу үшін тартуға;

      5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік меншіктегі мүлікке иелік етуді және пайдалануды жүзеге асыруға;

      6) мемлекеттік кәсіпорындарды және өзге де ұйымдарды құру, қайта құру, тарату және атауын өзгерту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;

      7) өз құзыреті шегінде Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік, қоғамдық және басқа мекеме ұйымдарында және шетелдік мемлекеттерде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге;

      8) өз құзыреті шегінде байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларындағы нормативтік құқықтық актілерді, оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу үшін әзірлеуге;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      Агенттіктің міндеттеріне:

      1) Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктеме беру;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары осы туралы ресми сұрау салған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      3) Агенттік қызметкерлерінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидаларының нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;

      4) мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық оқиғалары туралы басшылыққа немесе құқық қорғау органдарының назарына жеткізу;

      5) Агенттіктің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау жатады.

3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру

      18. Агенттіктің басшылығын Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы жүзеге асырады.

      19. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының өкілеттігі:

      1) заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету;

      2) өз қызметінде оның бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;

      3) жауапты хатшымен келісім бойынша комитеттер басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;

      4) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік ету;

      5) өз құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.

      Агенттіктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      23. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Агенттіктің мүлкі

      24. Агенттіктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.

      Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
Мемлекеттік кәсіпорындар

      1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Акционерлік қоғамдар

      1. "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы.

      2. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы.

      3. "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы.

      4. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы.

      5. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы.

      6. "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы.

      7. "Қазконтент" акционерлік қоғамы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      1. "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      2. "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      3. "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      4. "Жалын" журналы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      5. "Қазинформ" халықаралық ақпараттық агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Агенттіктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      12. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

Агенттіктің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. "Орталық мемлекеттік мұрағат" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Мемлекеттік мұрағаттардағы деректі материалдардың микрофотокөшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Археография және деректану ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 369 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік акциялар пакетіне (қатысу үлесіне) иелік ету және оны пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігіне берілетін заңды тұлғалар тізбесі

      1) "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы;

      2) "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы;

      3) "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы;

      4) "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы;

      5) "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;

      6) "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;

      7) "Қазконтент" акционерлік қоғамы;

      8) "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      9) "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      10) "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      11) "Жалын" журналы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      12) "Қазақпарат" халықаралық ақпараттық агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 369 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар

      министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірлері 160-23, 160-24-жолдар алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне" деген бөлім және реттік нөмірлері 278-4, 278-5, 278-6, 278-7, 278-8, 278-9, 278-10, 278-11, 278-12, 278-13, 278-14, 278-15, 278-16-жолдар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігіне:

      314. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы.

      315. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы.

      316. "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы.

      317. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы.

      318. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы.

      319. "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы.

      320. "Қазконтент" акционерлік қоғамы.

      321. "Қазинформ" халықаралық ақпараттық агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      322. "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      323. "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      324. "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      325. "Жалын" журналы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкiмшiлердiң мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруы, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен ақпараттық жүйелердi аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудi өзге түрде сатып алуы кезiнде осындай сатып алудың мiндеттi шарты Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігімен келiсу болып табылады деп белгiленсiн.".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 369 қаулысына
1-қосымша

Қайта аталатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.

      5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.

      6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.

      7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.

      8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қарағанды облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.

      9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.

      10. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.

      11. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.

      12. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.

      13. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.

      14. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 369 қаулысына
2-қосымша

Қайта аталатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Орталық мемлекеттік мұрағат" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Орталық мемлекеттік мұрағат" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Мемлекеттік мұрағаттардағы деректі материалдардың микрофотокөшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Мемлекеттік мұрағаттардағы деректі материалдардың микрофотокөшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Археография және деректану ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Археография және деректану ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады