"Орталық жүзу бассейні" акционерлік қоғамын тарату туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 372 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Орталық жүзу бассейні» акционерлік қоғамы таратылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Орталық жүзу бассейні» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1253 қаулысы;
      2) «Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 543 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2014 жылғы 17 сәуірдегі 
№ 372 қаулысымен     
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік үлестері мен акцияларының пакеттері мемлекеттік республикалық меншіктегі шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
      реттік нөмiрi 129-жол алынып тасталсын.
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2-қосымшада тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі»:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 21-74-жол алынып тасталсын:
      «Алматы қаласы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 123-123-жол алынып тасталсын:
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 299 және 299-1-жолдар алынып тасталсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады