Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.01.2024 № 31 қаулысымен.

      2) Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.01.2024 № 31 қаулысымен.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:

      1) Жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;

      2) жылдың қорытындылары бойынша 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жылдың қорытындылары бойынша 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаеваға жүктелсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 сәуірдегі
№ 396 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.01.2024 № 31 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 сәуірдегі
№ 396 қаулысымен
бекітілген

Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспары

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1. Білім беруді қоғамның өркендеуі үшін тұғырнама ретінде дамыту

1-басымдық. Білім беру жүйесін инфрақұрылымдық жаңарту және оны қаржыландыруды жетілдіру арқылы білім беру қызметтерінің жалпыға ортақ қолжетімділігін қамтамасыз ету

1.

Мемлекеттік балабақшалар салу, жеке меншік шағын орталықтар ашу, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын кеңейту

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, ЭБЖМ, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, желтоқсан

2.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуда:
балаларды ерте дамытудың тұжырымдамалық негіздерін әзірлеу;
БМЖС-ке сәйкес мектепке дейінгі жастағы балаларды критерийлік бағалау индикаторларын әзірлеу және енгізу;
БМЖС-ке сәйкес "Зерек Бала" негізгі бағдарламалары мен баламалы бағдарламаларды жаңарту арқылы заманауи білім беру бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеу бойынша шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ

2014 жығы желтоқсан

3.

Орта білім беру ұйымдарының Апаттық картасын әзірлеу

Апаттық картасы

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, желтоқсан

4.

Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерін қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салған кезде мүгедек балаларға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге есеп

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, қараша

5.

Апатты және үш ауысымды мектептердің орнына мектептер салу

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы желтоқсан

6.

Шағын жинақталған мектептер үшін 70 тірек мектеп – ресурстық орталық құру

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы желтоқсан

7.

Инклюзивті білім беруді одан әрі кешенді дамыту бойынша Іс-қимыл жоспарын әзірлеу

Іс-қимыл жоспары

БҒМ, Еңбекмині, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы желтоқсан

8.

Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты жыл сайынғы ұлғайту

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ИЖТМ, Еңбекмині, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

Жыл сайын, маусым

9.

Орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалау

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы қазан

10.

Шәкіртақылар мөлшерін 25 %-ға арттыруды қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, ЭБЖМ, ІІМ, ТЖМ, Қорғанысмині, ДСМ

2015 жылғы желтоқсан

2-басымдық. Білім беру сапасын арттыру

11.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде қосымша білім беру объектілерін құру мүмкіндігі бойынша ұсыныстарды әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, НУ (келісім бойынша), НЗМ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

12.

Балаларды қосымша білім берумен қамтамасыз етуді кеңейту

2014-2016 жылдарға БҒМ және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасындағы білім беру және жастар саясаты салаларында нысаналы көрсеткіштер және соңғы нәтижелерге қол жеткізу туралы меморандум

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы маусым

13.

Озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, кәсіби және моральдік-жеке қасиеттерді ескеретін мектепке дейінгі білім берудің қызметкерлерін жалдау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы желтоқсан

14.

Озық халықаралық тәжірибе негізінде білім жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

БҒМ, НЗМ
(келісім бойынша)

2015 жылғы мамыр

15.

1 сыныптан бастап барлық пәндер бойынша жаңартылған МЖБС және оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ету (орта білімнің толық жаңартылған мазмұнын кезең-кезеңімен енгізу)

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы қазан

16.

Оқу-әдістемелік әдебиетті дамытуды және прогрессивтік және тиімді әдістемелерді енгізуді қамтамасыз ету арқылы 2015 жылдан бастап орта білім беру ұйымдарының он екі жылдық білім беруге кезең-кезеңмен ауысуын қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы қазан

17.

Орта білім беретін барлық ұйымдарда электрондық оқыту жүйесін енгізу

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғықараша

18.

Білім ортасында қолданылатын барлық педагогикалық технологиялар мен ұйымдастыру тәсілдеріне толыққанды тұлға қалыптастыруды қамтамасыз ету тұрғысынан кешенді тексеру жүргізу

Тексеру нәтижесі туралы ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, НЗМ (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

19.

Кәсіби стандарттар негізінде жаңа үлгілік оқу жоспарларын және білім беру бағдарламаларын әзірлеу

Бұйрық

БҒМ

2015 жылғы шілде

20.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальдық оқыту қағидаттарын енгізуді қамтамасыз ету

Келісімдер, шарттар

БҒМ, Еңбекмині, ДСМ, ҰКП (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша)

2015 жылғы мамыр

21.

Колледжерге өндірістен мамандарды тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша), Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша)

2015 жылғы маусым

22.

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

БҒМ, Еңбекмині, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

23.

Сапасыз білім беретін ЖОО-лар санын қысқарту бойынша шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ

Жыл сайын, қазан

24.

Педагог кадрларын даярлау жүйесін жетілдіру бойынша, оның ішінде олардың практикалық оқыту бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

БҒМ, НЗМ (келісім бойынша),
НУ (келісім бойынша),
ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы тамыз

25.

Білім беру ұйымдарына Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлiк мектептері және "Қәсіпқор" холдингі" КАҚ әлемдiк деңгейдегі колледждердің тәжiрибелерін кезең-кезеңмен енгiзуді қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, ДСМ, НУ (келісім бойынша), НЗМ (келісім бойынша), "Кәсіпқор" КАҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, қараша

26.

НЗМ тәжірибесін алмасу және енгізу үшін оқытушылардың 35 базалық мектепте тағылымдамадан өтуі

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, НЗМ (келісім бойынша)

Жыл сайын, қазан

3-басымдық. Басқару мен бақылауға қоғамдық қатысу

27.

Ұлттық тестілеу қорытындылары бойынша оқушылардың ата-аналарына білім беру қызметтерін көрсету сапасына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сауалнама құралдарын әзірлеу және енгізу

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ

2015 жылғы желтоқсан

28.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ЖОО-ларға бақылау кеңестерін енгізу

Үкімет қаулысы

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы қаңтар

2. Денсаулық сақтауды салауатты адами капиталды жинақтау негізі ретінде дамыту

1-басымдық. Халықты медициналық көмекпен жаппай қамту

29.

МСАК деңгейінде жұмыс істейтін жалпы тәжірибе мамандарының санынан жалпы тәжірибе дәрігерлерінің үлес салмағын ұлғайту

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы желтоқсан

30.

Кешенді жан басына шаққандағы нормативтің негізінде МСАК моделін енгізуді қамтамасыз ету:амбулаториялық-емханалық секторының жалпы қаржыландыру көлемінде МСАК қаржыландыру көлемінің үлесін ұлғайтуды бағалау;
индикаторлар негізінде қызметтің қол жеткізілген түпкілікті нәтижелері үшін МСАК мамандарына кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентін төлеу тиімділігін бағалау

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ

Жыл сайын, ақпан

31.

Өңірлік деңгейде көп бейінді ауруханаларды құру жолымен ауруханалық секторды қайта құрылымдаудың екі кезеңді процесін қамтамасыз ету бойынша және мамандандырылған облыстық және аудандық ауруханаларды оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ

2015 жылғы мамыр

32.

Телемедициналық консультациялардың санын арттыру

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, желтоқсан

33.

Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация қызметін жетілдіру

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ, ТЖМ, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы ақпан

34.

Жол-көлік оқиғалары кезінде көмек көрсетуді жетілдіру

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ, ІІМ, ТЖМ, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы ақпан

2-басымдық. Медициналық көрсететін қызметтердің сапасын үздiксiз жақсарту

35.

Ұлттық скринингтік бағдарламаны жетілдіру

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ

2015 жылғы мамыр

36.

Пилоттық өңірлерде ауруларды басқару бағдарламаларын енгізуді қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ, облыстардың әкімдері

2014 жылғы желтоқсан

37.

Электрондық денсаулық сақтаудың стандарттарын және нормативтік құқықтық базасын дамыту

ДСМ бұйрығы

ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, желтоқсан

38.

Электрондық денсаулық сақтаудың орталықтандырылған АЖ-ын әзірлеу және енгізу

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы желтоқсан

39.

Е-денсаулық сақтаудың
АТ-инфрақұрылымын қалыптастыру

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы желтоқсан

40.

Сыртқы, ішкі аудит нәтижелері және пациенттердің пікірлері негізінде медициналық ұйымдар қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін одан әрі енгізу

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ

Жыл сайын, желтоқсан

41.

Ақпараттық жүйелерді (бағдарламалық кешендер) қолданумен амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда медициналық қызметтерді мониторингілеу

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ

Жыл сайын, желтоқсан

42.

Фармацевтикалық өнеркәсіптің отандық объектілерін жаңғырту және салу бойынша
6 инвестициялық жобаны іске асыру

ЭБЖМ-ге есеп

ИЖТМ, ДСМ

2014 жылғы қараша

43.

GМР стандарттарына сәйкес өндірілген дәрілік құралдардың отандық өндірісін ұлғайтуды қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге есеп

ИЖТМ, ДСМ, ТҚҚА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығы
(келісім бойынша)

2015 жылғы қараша

44.

Медициналық қызметкерлердің білімі мен біліктілік деңгейін тәуелсіз бағалау кезеңімен сертификаттау рәсімін өткізу

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша)

Жыл сайын, ақпан

45.

Медициналық білім және ғылым ұйымдары оқытушыларының әлеуетін арттыру мақсатында модульдік-жинақтаушы қағидат бойынша медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларын әзірлеу

Оқу бағдарламалары

ДСМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, ақпан

46.

Халықаралық стандарттар негізінде диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларын енгізу

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ

2014 жылғы желтоқсан

47.

Дәлелдеу медицина негізінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін клиникалық хаттамаларды енгізу

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ

2014 жылғы желтоқсан

48.

Туберкулезбен ауыратындарды табысты емдеуді жүргізуге және АИТВ инфекцияның таралуын тежеуге мүмкіндік беретін зертханалық диагностиканы және емдеуді енгізу

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ

2015 жылғы желтоқсан

49.

Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру моделін сынамалау

ПӘ-ге ұсыныстар

ДСМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы желтоқсан

50.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес медициналық ұйымдарда бақылау кеңестерін енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе әкімдіктерінің қаулылары

ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы желтоқсан

3-басымдық. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығы

51.

Міндетті медициналық сақтандыру енгізудің орындылығы туралы ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

ДСМ, ЭБЖМ, Қаржымині, Еңбекмині, ІІМ, ҰБ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы
(келісім бойынша)

2014 жылғы шілде

52.

Концессиялық шарттарды жасасу жөнінде әдістемелік қолдау көрсету бойынша инвесторлармен және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс

ЭБЖМ-ге есеп

ДСМ, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы қараша

3. Әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту

1-басымдық. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту

53.

2030 жылға дейін зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша тұжырымдама жобасын әзірлеу

Тұжырымдама жобасы

Еңбекмині, ЭБЖМ, Қаржымині
ҰБ (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

54.

Экономиканың неғұрлым перспективалы салаларының жобаларына зейнетақы активтерін тиімді инвестициялау тетіктерін айқындау

Ұлттық Банктің қаулысы

ҰБ (келісім бойынша), ЭБЖМ, Қаржымині, Еңбекмині

2014 жылғы маусым

2-басымдық. Негізделген әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесі арқылы кедейлікті азайту

55.

Әлеуметтiк келісімшарттарға және өзара мiндеттемелер қағидаттарына негiзделген атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң жаңа жүйесiн енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы ақпан

56.

Құрамын қайта қарау есебінен ең төменгі күнкөріс деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

Еңбекмині, СА, ДСМ, БҒМ, ЭБЖМ, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы желтоқсан

3-басымдық. Ана мен баланы кешенді қолдау

57.

Жас балалары бар және бала күтімі бойынша демалыстан шығуға дайындалып жатқан жұмыссыз әйелдерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу тетігін құру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері,
ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы қыркүйек

58.

Зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің және адамдар саудасының құрбаны болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, ІІМ, Еңбекмині

Жыл сайын, қазан

59.

БАҚ-та кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқанын ұйымдастыру, балалардың және жастардың позитивті хабарлары мен бағдарламаларын жылжыту үшін ақпараттық кеңістікті ұлғайту, балалардың, жеткіншектердің, жастардың заңға бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыру

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, ІІМ

Жыл сайын, қазан

60.

Балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездіктің алдын алу бойынша инновациялық бағдарламалар мен әдістемелерді енгізу

ЭБЖМ-ге есеп

БҒМ, ІІМ

Жыл сайын, қазан

61.

"Ата-аналардың құқықтық сауаттылығынан балалардың қорғауына" атты әдістемелік құрал әзірлеу

Әдістемелік құрал

БҒМ

2015 жылғы тамыз

62.

Бала асырап алушы ата-аналар мектептерінің қызметін, отбасыларды, бала асырап алған (алмастыратын) отбасыларды қолдау қызметтерін ұйымдастыру бойынша озық әлемдік технологияларды зерделеу және қолдану

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

БҒМ

Жыл сайын, қазан

4-басымдық. Барлық осал топтар үшін қолайлы жағдай жасау жолымен инклюзивтік қоғам

63.

Мүгедектің жұмыс орнының стандартын әзірлеу

Бұйрық

Еңбекмині, ИЖТМ, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша)
 
 

2015 жылғы қараша

64.

Білім беру ұйымдарында мүгедекті оқыту жағдайларының стандартын әзірлеу

БҒМ және Еңбекминінің бірлескен бұйрығы

БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

2015 жылғы қараша

65.

Мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру, сондай-ақ арнайы оқу бағдарламаларын дайындау бойынша жұмыс берушілерді ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

Еңбекмині, БҒМ, ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы мамыр

4. Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы тиімді саясат арқылы Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай

1-басымдық. Тиімді жұмыспен қамту саясатын іске асыру

66.

Кәсіпкерлік бастаманы қолдау тетіктерін жетілдіру

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

ӨДМ, БҒМ, Еңбекмині, ЭБЖМ, Қаржымині, ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

2015 жылғы қараша

67.

Өңірлердің жұмыспен қамту картасын қалыптастыру әдістемесін әзірлеу

Әдістеме

Еңбекмині

2014 жылғы сәуір

68.

Өңірлердің жұмыспен қамту картасын қалыптастыру

Өңірлердің жұмыспен қамту картасы

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, салалық мемлекеттік органдар

Жыл сайын, қараша

69.

Республикалық жұмыспен қамту картасын қалыптастыру

Республикалық жұмыспен қамту картасы

Еңбекмині

2015 жылдан бастап, жыл сайын мамыр

70.

Жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері жанынан мамандарды сертификаттау орталықтарын құру бойынша әдіснамалық көмек көрсету

Әдістемелік жинақтар

БҒМ, салалық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

Жыл сайын, желтоқсан

71.

Орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар қызметін құру бойынша ұсыныстарды енгізу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы қараша

2-басымдық. Өмір бойы оқу

72.

Өмір бойы оқытуды қаржыландыруда мемлекет, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің үшжақты қатысу моделін енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

Еңбекмині, ЭБЖМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша), Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша)

2015 жылғы ақпан

3-басымдық. Тиімді жұмыспен қамту негізі ретіндегі қауіпсіз жұмыс орындары мен үйлесімді еңбек қатынастары

73.

Зиянды және қауіпті өндірістерде Халықаралық еңбек ұйымының талаптарына сәйкес келетін еңбек қауіпсіздігі бойынша стандарттар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

Еңбекмині, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

74.

Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесі шеңберінде еңбек жағдайына және өндірістегі ықтималды кәсіптік тәуекелдер деңгейіне байланысты сараланған сақтандыру тарифтерін енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

Еңбекмині,
ҰБ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

75.

Жұмыс берушілерді қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ынталандыру шарттарын құру бойынша шаралар кешенін әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

Еңбекмині, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері,
ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы қараша

76.

Еңбекті қорғау саласында кәсіби тәуекелдерді басқару тетіктерін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

Еңбекмині, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы қараша

77.

Өндірістік кеңестер құру бойынша ұсыныстар енгізу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

Еңбекмині, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

5. Ақпараттық, мәдени және спорттық кеңістікті кеңейту

1-басымдық. Тиімді әлеуметтік даму үшін ақпараттық қоғам қалыптастыру

78.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бойынша шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

БАА, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, желтоқсан

79.

Халықты төтенше жағдайлар туралы қазіргі заманғы жаппай хабарландыру жүйесімен елді мекендерді жарақтандыру мәселесін пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ТЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы қазан

2-басымдық. Мәдениет құндылықтарына қолжетімділікті кеңейту

80.

Қазақстан Республикасының Мәдениет саясаты тұжырымдамасын әзірлеу

Жарлық жобасы

ММ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы қыркүйек

81.

Театр өнері саласындағы жанрлық әртүрлілікті кеңейту

Бұйрық

ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы қараша

82.

Өңірлік, республикалық және халықаралық маңызы бар музыка және театр фестивальдерін, конкурстарын өткізуді қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге ақпарат

ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, желтоқсан

83.

Мәдениет саласында еріктілер мен меценаттықты дамытудың жүйелік шараларын әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

84.

Мемлекеттік мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі нормативтерін әзірлеу және қабылдау

Үкімет қаулысының жобасы

ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы қараша

3-басымдық. Елдің барлық азаматтарының спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасау

85.

Табысы мен жасына қарамастан азаматтардың барлық санаттары үшін әрбір елді мекенде, мекемеде және кәсіпорында дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау

ЖАО шешімі

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, СДШІА

Жыл сайын желтоқсан

86.

Спорттық инфрақұрылымды кеңейту бойынша, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тетіктерін қолдана отырып, шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

СДШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

2015 жылғы желтоқсан

87.

Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттарында қолданатын азаматтар санаттарының тізбесін айқындау

Әкімдіктердің қаулысы

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы наурыз

88.

Азаматтардың жекеленген санаттарына тегін және жеңілдік негізде дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін ұсыну тетігін әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

СДШІА, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы желтоқсан

89.

Ведомстволық спорт қоғамдарын дамыту арқылы жұмыс орындарда қызметкерлердің денсаулығын нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

СДШІА, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы қараша

90.

Республикалық және жергілікті деңгейлерде жаппай дене шынықтыру және сауықтыру іс-шараларын жыл сайын өткізуді қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге ақпарат

СДШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, желтоқсан

91.

Еліміздің оқу орындарында сабақтан тыс дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды кеңейту бойынша шаралар кешенін әзірлеу

СДШІА және БҒМ-ның бірлескен бұйрығы

СДШІА, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы шілде

92.

Балалар, жасөспірімдер мен жастар үшін спорттың әр түрі бойынша, оның ішінде ауылдық жерлерде спорттық секциялар мен клубтар желісін кеңейту

ЖАО шешімдері

СДШІА, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, желтоқсан

93.

Спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру ғимараттары желісінің нормативін әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

СДШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы желтоқсан

6. Тұрғын үй жағдайлары стандарты: қолжетімділік пен жайлылық

1-басымдық. Тұрғын үймен қамтамасыз етілу және оның халыққа қолжетімділігі

94.

Азаматтардың түрлі санаттары үшін тұрғын үйді одан әрі сатып алу құқығымен оны жалдау тетігін және одан әрі дамыту және іске асыру мәселесін пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы қыркүйек

95.

Қалалар мен елді мекендер аумақтарын қала құрылысын жоспарлау бойынша шетел тәжірибесін зерделеу

ЭБЖМ-ге ақпарат

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы қазан

2-басымдық. Халықтың қолайлы тұру жағдайларын қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту

96.

Халықты сапалы ауыз сумен және суды бұру қызметтерімен, оның ішінде сумен жабдықтаудың жаңа объектілерін салу және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау есебінен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру

ЭБЖМ-ге ақпарат

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, тамыз

97.

"Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасына сәйкес түрғын үй құрылысын қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге ақпарат

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, қыркүйек

98.

Жаңа технологияларды қолданумен ескі және тиімсіз қазандықтарды жаңғырту және ауыстыру бойынша жұмысты жалғастыру

ЭБЖМ-ге есеп

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, желтоқсан

99.

Жылу-, электр-, газ-, сумен жабдықтау және суды бұру желілері, сондай-ақ өңірлер бөлінісінде коммуналдық объектілердің жай-күйі туралы бірыңғай мемлекеттік
дерекқорды құру

ЭБЖМ-ге ақпарат

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы қараша

100.

Коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйіне тұрақты мониторингті қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге ақпарат

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
 
 
 
 
 
 

Жыл сайын, желтоқсан

7. Әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру

7.1 Әлеуметтік саланың даму стратегияларын және мемлекеттік басқару жүйелерін бағалау

101.

Мемлекеттік басқару саласындағы халықаралық тәжірибенің озық стандарттарын қолдануды ескере отырып: адами ресурстарды, қаржыны, мемлекеттік сатып алуларды, ақпаратты мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесін тұрақты түрде бағалау жүргізу үшін критерийлер әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

ММ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, МҚІА (келісім бойынша), ҰКП
(келісім бойынша)

2015 жылғы мамыр

7.2 Әлеуметтік жаңғыртуды жоспарлау және басқару

102.

Мемлекеттік органдарда кәсіби менеджерлер институтын және заманауи басқару технологияларын енгізу

ПӘ-ге ақпарат

МҚІА (келісім бойынша), МБА (келісім бойынша), ЭБЖМ

Жыл сайын, наурыз

7.3 Азаматтық қызметті жетілдіру және заңнамалық регламенттеу

103.

Әлеуметтік сектор қызметкерлерінің престижін арттыруды; денсаулық сақтау, білім беру және өзге салалардағы қосымша ақылар мен үстемеақылар жүйесін реттеуді көздейтін азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа моделін енгізу

Заң жобасының тұжырымдамасы

Еңбекмині, ЭБЖМ, Қаржымині, БҒМ, ДСМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша)

2014 жылғы мамыр

7.4 Үкіметтік емес сектормен серіктестік

104.

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасасу мәселелерін реттеудің заңнамалық базасын жетілдіру

ЭБЖМ-ге есеп

ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2015 жылғы шілде

7.5 Әлеуметтік саладағы нормативтік құқықтық базаны реформалау

105.

Мынадай салаларда дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізумен декларациялық, ескірген және басқа да нормаларды анықтау мәніне әлеуметтік саладағы нормативтік құқықтық базаны іске асыру тиімділігінің талдауын жүргізу:





денсаулық сақтау;

ЭБЖМ-ге ақпарат

ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы қыркүйек


білім беру;

ЭБЖМ-ге ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы қыркүйек


мәдениет және ақпарат;

ЭБЖМ-ге ақпарат

ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы қыркүйек


дене шынықтыру және спорт;

ЭБЖМ-ге ақпарат

СДШІА, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2014 жылғы қыркүйек


халықты әлеуметтік қорғау және еңбек;

ЭБЖМ-ге ақпарат

Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы қыркүйек


тұрғын үй қатынастарының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

ЭБЖМ-ге ақпарат

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2014 жылғы қыркүйек

106.

Әлеуметтік саладағы заңнаманы құқықтық мониторингілеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Әділетминіне ақпарат

ЭБЖМ

2014 жылғы қараша

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

МҚІА

– Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

МБА

– Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

СДШІА

– Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

СА

– Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

ТҚҚА

– Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі

ПӘ

– Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

БМЖС

– Білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарты

ІІМ

– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ДСМ

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

ИЖТМ

– Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

ММ

– Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

БҒМ

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ХЕҰ

– Халықаралық Еңбек Ұйымы

ӨДМ

– Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

Еңбекмині

– Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қаржымині

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ЭБЖМ

– Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Әділетмині

– Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

БАА

– Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі

"Кәсіпқор" КАҚ

– "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ҰБ

– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

НУ

– "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы

НЗМ

– "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы

ҮЕҰ

– үкіметтік емес ұйымдар

ҰКП

– Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

МСАК

– медициналық-санитариялық алғашқы көмек

ҚР

– Қазақстан Республикасы

ТжКБ

– техникалық және кәсіптік білім

ЖОО

– жоғарғы оқу орны

GMP

– дәрілік заттар, медициналық құрылғылар, диагностикалық мақсаттағы бұйымдар, азық-түлік, тағамдық қоспалар, белсендірілген құрамдас бөлшектердің өндірісіне қатысты нормалар, ережелер және нұсқаулар жүйесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады