"Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгілеу және "Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 397 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу» жобасын (өтініш беруші – «Вару Мinіng» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                         К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 25 сәуірдегі
№ 397 қаулысына 
қосымша      

«Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып
темір кенін өндіру және өңдеу» басым жобасы бойынша шетелдік
жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота

Жобаның атауы

Өтініш беруші

Іске асыру орны

Іске асыру
мерзімі

Квота
(адам)

Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу

«Вару Мinіng» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы облысы, Текелі қаласы

2013-2015
ж.ж.

70

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 25 сәуірдегі
№ 397 қаулысымен  
бекітілген     

«Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып
темір кенін өндіру және өңдеу» басым жобасын (өтініш беруші -
«Вару Міnіng» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру
үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын уәкілетті органға жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:
      1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
      2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
      3) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);
      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен көшірмесі (мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар үшін).
      2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
      3. 3 және 4-санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.
      4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттарда реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады