Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтерді және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 419 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті аткарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтері және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдері бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 419 қаулысымен    
бекітілген     

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші
ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін
салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган
бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық
негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын
тарифтері және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның
қолданылу мерзімдері

      Ескерту. Мерзімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.02.2015 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Объектінің/ұйымның атауы

Тариф шамасы, теңге/кВт сағ. (ҚҚС-сіз)

Тарифтің әрекет ету мерзімінің аяқталуы

Тарифтің жыл сайынғы индекстелуі, %

1

Алматы облысы Сарқант өзеніндегі Мелис Разбеков атындағы Саркант ГЭС («Фирма Тамерлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

11,80

22.07.2021 ж.

4

2

Алматы облысы Лепсі өзеніндегі Антоновск ГЭС («Қайнар-АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

15,05

01.12.2023 ж.

-

3

Алматы облысы Орта тентек өзеніндегі Успеновск ГЭС («Қайнар-АКБ» жауапкершілігі шектсулі ееріктестігі)

15,11

25.11.2021 ж.

-

4

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2015 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Қарақыстақ өзеніндегі ГЭС («ЭнергоСтрой Проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

12,5

16.06.2020 ж.

7

6

Жамбыл облысы Отар елді мекені ауданында КЭС («КазЭкоВатт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

20,89

28.12.2024 ж.

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады