"Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 амырдағы № 431 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен

«Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31
қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 431 қаулысына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінде және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда жұмыс істейтін мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 431 қаулысымен «Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізілді.
      Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  44-1-бабынасәйкес сәйкес әзірленген қаулымен:
      1) тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі;
      2) тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі;
      3) Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу қағидалары бекітілді.
      Бұл ретте, Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі 67 ұйыммен толықтырылды.

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз