"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 438 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша
құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы

      2011 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарттың 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдар тізбесінің бекітілгені туралы хабардар етсін және бір ай ішінде өзгерістері туралы хабардар етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің  
2014 жылғы « » 
№ Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН   

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша
құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі – уәкілетті орган
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      5. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады