"Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1538 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 455 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1538 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 1049-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы ережеде:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 71), 72), 73), 74) тармақшалармен толықтырылсын:
      «71) реттелетін саладағы мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;
      72) реттелетін салада мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеу;
      73) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелердің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі органдармен өзара байланыста жұмыс істеуін ұйымдастыру;
      74) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі органдармен өзара байланыста мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.»;
      21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыру, оның ішінде басшыларды және олардың орынбасарларын тағайындау және босату;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады