Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1995 жылы және 2005 жылға дейінгі кезеңде құрамында ураны бар шикізатты қайта өңдеу және өткізу үшін жеткізуге арналған келісімнің күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 482 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1995 жылы 30 қаңтарда Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1995 жылы және 2005 жылға дейінгі кезеңде құрамында ураны бар шикізатты қайта өңдеу және өткізу үшін жеткізуге арналған келісімнің күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттың күшін жою ниеті туралы Тәжікстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады