Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 мамырдағы
№ 582 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында
тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы
келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге 1-қосымшаға мынадай өзгерістер енгізілсін:
тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін орындалған шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесінде, кестеде:
мына:
«
8415 |
Ылғалдылығы жеке реттелмейтін кондиционерлерді қоса алғанда, ауаның температурасы мен ылғалдылығын өзгертуге арналған двигателі мен аспаптары бар желдеткіштермен жабдықталған ауаны тазалауға арналған қондырғылар |
Мынадай технологиялық операцияларды орындаған кезде кез келген позициядағы материалдардан дайындау: |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8415 |
Ылғалдылық жеке реттелмейтiн кондиционерлердi қоса алғанда, қозғалтқышы бар және температура мен ауаның ылғалдылығын өзгертуге арналған желдеткiшпен жабдықталған ауаны тазартуға арналған қондырғылар |
Мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позициядағы материалдардан дайындау: |
»;
мына:
«
8702-8704 |
Жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары және жүк тасуға арналған моторлы көлік құралдары |
Пайдаланылатын желілер мен бөлшектердің құны дайын өнімнің 50 %-дан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында дайындау: |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8702-8704-тен |
1) іштен жану қозғалтқыштары бар жеңіл автомобильдер және моторлы көлік құралдары |
Пайдаланылатын материалдардың құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау: |
8702-8704-тен |
2) электр жетек және гибридті қуат қондырғылары қозғалысқа түсіретін жеңіл автомобильдер және моторлы көлік құралдары |
Пайдаланылатын материалдардың құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау: |
8704-тен |
3) жүк тасуға арналған моторлы көлік құралдары (форвардер үлгісі) |
Пайдаланылатын материалдардың құны дайын өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау: |
».
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күн өткен соң уақытша қолданылады және қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2014 жылғы _____ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әр мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жолдайды
Әзербайжан Ресей
Республикасының Үкіметі Федерациясының Үкіметі
үшін үшін
Армения Тәжікстан
Республикасының Үкіметі Республикасының Үкіметі
үшін үшін
Беларусь Түрікменстан
Республикасының Үкіметі Республикасының Үкіметі
үшін үшін
Қазақстан Өзбекстан
Республикасының Үкіметі Республикасының Үкіметі
үшін үшін
Қырғыз Украина
Республикасының Үкіметі Үкіметі
үшін үшін
Молдова
Республикасының Үкіметі
үшін