«Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне жатпайтын атқарушылық құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына пресс- релизі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Заңды іске асыру үшін «Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне жатпайтын атқарушылық құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы 2014 жылдың 24 мамырында қабылданды.
Осы қаулымен жеке, сондай - ақ мемлекеттік сот орындаушылары орындай алатын құжаттар белгіленді, атап айтқанда тараптары стратегиялық объектілердің құқық иеленушілері, стратегиялық тауарларды өндіретін және инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын тұлғалар болып табылатын атқарушылық құжаттар.
Қаулы қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаражат шығынын қажет етпейді.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі