"Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 612 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 846 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 23.12.2016 № 846 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап төрт ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 188-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесінде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Салалық бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:

      паспорты (негізгі параметрлері);

      кіріспе;

      ағымдағы жағдайды талдау;

      бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері;

      бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар;

      бағдарламаны іске асыру кезеңдері;

      қажетті ресурстар;

      бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. "Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар" деген бөлімде салалық бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қойылған мақсаттар және міндеттерге қол жеткізу жолдары, сондай-ақ көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді толық көлемде және қажет мерзімде қамтамасыз ететін шаралар кешені келтіріледі.";

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады