"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1589 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 маусымдағы № 625 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 112 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.03.2015 № 112 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1589 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 89, 1095-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-бөлімде:
      «Тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу» деген 1-стратегиялық бағытта:
      «Тауар нарықтарында тиімді бәсекелестікті құру арқылы нарық субъектілері мен тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру» деген 1.1-мақсатта:
      «Тауар нарықтарын монополиясыздандыру» деген 1.1-міндетте:
      «Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 5-жолмен толықтырылсын:
      «

5. Табиғи монополиялар субъектiлерi қызметiнiң салаларын олардан жұмыстардың жекелеген түрлерiн бәсекелес ортаға бөлiп шығару тұрғысынан талдау

Х

-

-

-

-

                                                          »;

      «Бәсекелес ортаның жай-күйін жақсарту» деген 1.2-міндетте:
      «Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 5-жолмен толықтырылсын:
      «

5. Бәсекелестiктi шектейтiн нормаларды анықтау және жою тұрғысынан нормативтiк құқықтық базаға талдау жүргiзу

Х

-

-

-

-

                                                          »;

      «Тауар нарықтарындағы жай-күйді бақылау сапасын, оның ішінде негізсіз мемлекеттік қатысуға жол бермеу арқылы арттыру және оны күшейту» деген 1.3-міндетте:
      «Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 4 және 5-жолдармен толықтырылсын:
      «

4. Квазимемлекеттiк құрылым қатысатын нарықтарға экономикадағы мемлекеттiк секторды қысқарту тұрғысынан мониторинг жүргiзу

Х

-

-

-

-

5. Мемлекеттiк кәсіпорындардың «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 134-бабына сәйкес функцияларды орындау тұрғысынан олардың қызметiне талдау жүргiзу

Х

-

-

-

-

                                                                   »;

      «Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу» деген 2-стратегиялық бағытта:
      «Тауар нарықтарына кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету» деген 2.1-мақсатта:
      Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерімен келтіретін залалдарын болдырмау» деген 2.2-міндетте:
      «Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 5-жолмен толықтырылсын:
      «

5. Бәсекелестiктi дамыту бойынша жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң рейтингiн жүргiзу

Х

-

-

-

-

                                                          »;

      «Адал бәсекелестікті насихаттауды және қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету» деген 2.3-міндетте:
      «Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 6-жолмен толықтырылсын:
      «

6. Адал бәсекелестiктiң артықшылықтары және негiзгi қызмет бойынша жұмыс нәтижелерi туралы ақпараттық материалдар әзiрлеу (БАҚ-тағы жарияланымдар, теледидар мен радиода сөз сөйлеу)

Х

-

-

-

-

                                                          »;

      «Монополияға қарсы заңнаманы тиімді құқықтық қолдануды қамтамасыз ету» деген 2.4-міндетте:
      «Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 4 және 5-жолдармен толықтырылсын:
      «

4. Монополияға қарсы орган қызметкерлерiнiң ТМД, алыс шет елдерде (Халықаралық бәсеке желісі) өткiзiлетiн оқыту iс-шараларына қатысуы

Х

-

-

-

-

5. Халықаралық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған шараларды әзiрлеу

Х

-

-

-

-

                                                          »;

      «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» деген 5-бөлімде:
      «Тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу» деген 1-стратегиялық бағытта:
      «Тауар нарықтарында тиімді бәсекелестікті құру арқылы нарық субъектілері мен тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру» деген 1-мақсатта:
      «Бәсекелес ортаның жай-күйін жақсарту» деген 1.2-міндет мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «

Аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және оларға бәсекелестiктi дамыту жөніндегі шараларды енгiзудi үйлестiру

ӨДМ, облыстардың және Алматы мен Астана қалаларының әкiмдiктерi

Аумақтарды дамыту бағдарламаларына БҚА ұсынған шараларды қарау және енгізу

                                                          »;

      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
      001 «Бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, монополиялық қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеу жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      тиімділік көрсеткіштерінде:
      «Бір қызметкерге шығындар» деген жолдағы «4105» деген сандар «4073» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «807029» деген сандар «819538» деген сандармен ауыстырылсын;
      002 «Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң күрделi шығыстары» деген бюджеттік бағдарламада:
      тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      «Басқа да және негiзгi құралдарға жататын тауарларды сатып алу» деген жолдағы «61» деген сандар «68» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «18250» деген сандар «19610» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың жиыны» деген кіші бөлімде:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      «Бюджеттiк шығыстардың БАРЛЫҒЫ» деген жолдағы «825279» деген сандар «839148» деген сандармен ауыстырылсын;
      «ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар» деген жолдағы «825279» деген сандар «839148» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң      
2014 жылғы 7 маусымдағы
№ 625 қаулысына  
қосымша        

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1115 қаулысы.
      2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1443 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 108-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердің 1-тармағының 3) тармақшасы.
      3. «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1115 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 138 қаулысы.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердің 21-тармағы.
      5. «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 556 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады