Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін жалпы қуаты 37 МВт болатын фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін 70 теңге/кВтсағ. мөлшеріндегі тіркелген тариф бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін тіркелген тарифті бекіту туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 644 қаулысы
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз