«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы Облавка кентінің маңындағы Орал өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуге нысаналы трансферттер түрінде облыс әкімдігіне аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен шұғыл шығындарға 786686000 (жеті жүз сексен алты миллион алты жүз сексен алты мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2014 № 1088 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 2014 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы туралы есеп берсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2014 № 1088 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов