РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2014 жылға арналған қаражатты бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 224 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«5.1-мақсат. Мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың қызметін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жолдың 4-бағандағы «8 590» деген сандар «8 931» деген сандармен ауыстырылсын;
«5.1.4-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасында қайтымсыз шығындарды азайту» деген бөлімде:
4-бағанда:
реттік нөмірі 1-жолдағы «1 377 467» деген сандар «1 819 420» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жолдағы «732 053» деген сандар «751 225» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
«
3 |
Апаттар медицинасы қызметін көп бейінді госпитальмен жарақтандыру |
ТЖМ |
322 556 |
»;
«Барлығы» деген жолдағы «2 868 744» деген сандар «3 652 766» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов