"Серебрянск бейорганикалық өндірістер зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүліктік массасын өткізудің ерекше шарттары мен тәртібі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 маусымдағы № 660 қаулысы

      «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 187-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Серебрянск бейорганикалық өндірістер зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) банкроттығын басқарушыға заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестіктің мүліктік массасын өткізуге рұқсат берілсін.
      2. Мыналарды:
      1) екінші кезектегі кредиторлардың талаптарды қанағаттандыру есебіне серіктестіктің кепілді мүлкін теңгеріміне қабылдауын;
      2) олар бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарын және кепілді мүлікті сақтаумен және күтіп ұстаумен байланысты әкімшілік шығыстарды өтегеннен кейін серіктестіктің кепілді мүлкін екінші кезектегі кредиторларға беруді;
      3) серіктестіктің өндірістік циклына байланысты оның үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қалған кепілді емес мүлікті сатып алу бойынша электрондық аукционға екінші кезектегі кредиторлардың қатысуын қамтамасыз етуді көздейтін серіктестіктің мүліктік массасын өткізудің ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.09.2015 № 739 қаулысымен.
      3. Серіктестіктің кепілді мүлкін сатып алушыға мынадай қосымша талаптар белгіленсін:
      1) ағымдағы жағдайды ескере отырып, банкроттық рәсімі кезеңінде серіктестіктің өндірістік циклының үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер қабылдау;
      2) серіктестіктің кепілді мүлкін теңгеріміне қабылдағаннан кейін серіктестік қызметкерлерінің ағымдағы штат санын сақтауды және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен келісілген жұмыс істеп тұрған өндірістің тиімділігін арттыру және жаңа өнім түрлерін шығару жөніндегі өндірістік бағдарлама бойынша өндірістік циклдың үздіксіздігін қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелер қабылдау.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.09.2015 № 739 қаулысымен.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады