Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Серебрянск бейорганикалық өндірістер зауыты» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің мүліктік массасын өткізудің ерекше шарттары мен тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
14 маусымдағы № 660 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналарды:
1) екінші кезектегі кредиторлардың талаптарды қанағаттандыру есебіне серіктестіктің кепілді мүлкін теңгеріміне қабылдауын;
2) олар бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарын және кепілді мүлікті сақтаумен және күтіп ұстаумен байланысты әкімшілік шығыстарды өтегеннен кейін серіктестіктің кепілді мүлкін екінші кезектегі кредиторларға беруді;
3) серіктестіктің өндірістік циклына байланысты оның үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қалған кепілді емес мүлікті сатып алу бойынша электрондық аукционға екінші кезектегі кредиторлардың қатысуын қамтамасыз етуді көздейтін серіктестіктің мүліктік массасын өткізудің ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
3. Серіктестіктің кепілді мүлкін сатып алушыға мынадай қосымша талаптар белгіленсін:
1) ағымдағы жағдайды ескере отырып, банкроттық рәсімі кезеңінде серіктестіктің өндірістік циклының үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер қабылдау;
2) серіктестіктің кепілді мүлкін теңгеріміне қабылдағаннан кейін серіктестік қызметкерлерінің ағымдағы штат санын сақтауды және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен келісілген жұмыс істеп тұрған өндірістің тиімділігін арттыру және жаңа өнім түрлерін шығару жөніндегі өндірістік бағдарлама бойынша өндірістік циклдың үздіксіздігін қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелер қабылдау.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов