"Балқаш жылу электр станциясы" жобасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 667 қаулысы

      2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімнің 2-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) ұзақ мерзімді шартқа сәйкес «Балқаш жылу электр станциясы» акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – «Балқаш ЖЭС» АҚ) жаңадан іске қосылатын өндіруші қондырғылардың электр қуатын әзірлікте ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алатын ұйым ретінде «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ);
      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерде өндіруші қондырғылардың электр қуатын әзірлікте ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызмет үшін баға (1 МВт үшін АҚШ долларындағы айлық бағасы);
      3) өндіруші қондырғылардың электр қуатын әзірлікте ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын өндіруші қондырғылардың электр қуатын аттестаттау нәтижелері бойынша айқындалатын 1221 МВт-тан аспайтын мөлшерде;
      4) өндіруші қондырғылардың электр қуатын әзірлікте ұстап тұру жөніндегі қызметті сатып алу мерзімінің ұзақтығы алғашқы өндіруші қондырғының электр қуатын бірінші аттестаттаған күннен бастап
20 (жиырма) жыл және 6 (алты) ай болып айқындалсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 667 қаулысына    
қосымша        

Жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету
жөніндегі қызметті көрсетуге тариф бекіткен кезде қолданылған
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам
бойынша (1 МВт үшін АҚШ долларындағы айлық бағасы) теңгемен
төлеуге жататын өндіруші қондырғылардың электр қуатын әзірлікте
ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызмет үшін баға

Жыл*

Баға**

Жыл*

Баға**

2018

59 714

2029

61 731

2019

59 895

2030

61 918

2020

60 076

2031

62 105

2021

60 258

2032

62 293

2022

60 440

2033

62 482

2023

60 623

2034

62 671

2024

60 806

2035

62 860

2025

60 990

2036

63 050

2026

61 174

2037

63 241

2027

61 360

2038

63 432

2028

61 545

2039

63 624

      * алғашқы өндіруші қондырғыны 2018 жылдың IV тоқсанында пайдалануға енгізуге және өндіруші қондырғылардың электр қуатын әзірлікте ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу ұзақтығы алғашқы өндіруші қондырғының электр қуатын бірінші аттестаттаған күннен бастап 20 (жиырма) жыл және 6 (алты) ай мерзімге байланысты 2018 – 2039 жылдарға арналған жылдар бойынша баға айқындалған.
      ** регрестің шектелген құқығы бар жобалық қаржыландыру талаптарына сай беретін қуатты сатып алудың ұзақ мерзімді шартына сәйкес «KEGOC» АҚ жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің тарифін бекіткен кезде қолданылған ресми бағаммен салыстырғанда төлем жүргізілген күні ресми бағам өзгерген жағдайда, тарифті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітуі тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады