РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі.
«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету үшін 2014 жылы экспортқа газды өткізу кезінде «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Газпром» ашық акционерлік қоғамы уәкілеттік берген ұйым – «GAZPROM Schweiz AG» арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы:
1) Өзбекстан Республикасы / Қазақстан Республикасы және Түрікменстан Республикасы/Өзбекстан Республикасы шекарасына жеткізілетін 3 954 500 000 текше метр көлеміндегі өзбек және/немесе түрікмен газын және Ресей Федерациясы / Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін ресей газын Қарашығанақ кен орнының өңделген газына 2014 жылы қарсы жеткізу жолымен Қазақстан Республикасы / Ресей Федерациясы шекарасы, «Александров Гай» газ өлшеу станциясы DАР шарттарымен – 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары;
2) 2013 жылы Өзбекстан Республикасы / Қазақстан Республикасы шекарасында жеткізілген 131 887 392 миллион текше метрге дейінгі көлемдегі өзбек газын Қарашығанақ кен орнының өңделген газына өтеу жолымен Қазақстан Республикасы / Ресей Федерациясы шекарасы, «Александров Гай» газ өлшеу станциясы DАР шарттарымен – 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары болып белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов