"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысы.

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының
2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2014 жылғы 18 маусымдағы №
674 қаулысына баспасөз хабарламасы

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қаулының мақсаты "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясың бекіту болып табылады.

      Қаулы республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.

      Болжанатын тиімділігі: Мемлекетік саясатты іске асыру, "Стратегия-2050" қойылған әлеуметтік бағдарланған міндеттерді шешу және мақсаттарға жету үшін экономиканың басым секторларын қоржындыландыру және қолдау арқылы Қазақстанның орнықты экономикалық дамуына жәрдемдесу.

Қазақстан Республикасы


Индустрия және жаңа


технологиялар министрлігі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз