"2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 692 қаулысы

        РҚАО-ның ескертпесі!
        Осы қаулы 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулыға мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      III. Нысаналы даму трансферттері бөлімінде:
      8 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» деген функционалдық тобында:
      696 «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» деген әкімші бойынша:
      012 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      «Алматы облысы» деген жол «272 643» деген сандармен толықтырылсын;
      «Батыс Қазақстан облысы» деген жолдағы «372 776» деген сандар «620 968» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қарағанды облысы» деген жолдағы «978 173» деген сандар «705 530» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Оңтүстік Қазақстан облысы» деген жолдағы «372 776» деген сандар «559 164» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Өзгелер» деген жолдағы «445 153» деген сандар «10 573» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады