Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 695 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығын қараңыз.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 695 қаулысымен  
бекітілген      

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын ішінара (40 %-ға дейін) өтеуге арналған субсидиялар (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.
      2. Бюджеттік субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - АШТӨ) осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес бөлінеді.
      3. Қаржыландыру заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      4. Бюджеттік субсидиялар алуға арналған АШТӨ тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрамында аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның аумақтық инспекциясының, тиісті ауылдық округ әкімінің, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдері бар ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
      5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
      6. Бөлім өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы туралы хабарландыруды, ВАК-тың жұмыс тәртібін және басқа да қажетті мәліметтерді аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және ресми баспасөз басылымдарында орналастырады.
      7. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - басқарма) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын субсидиялау жөніндегі облыстың ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспары бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырады.
      8. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісім бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидиялардың нормалары белгіленеді.
      9. Бюджеттік субсидиялар үдемелі бақтарды инвестициялық субсидиялау бағдарламасына қатысатын АШТӨ-ге берілмейді.

2. Бюджеттік субсидияларды төлеу шарттары

      10. Бюджеттік субсидиялар мыналарға арналған шығындардың құнын ішінара (40 %-ға дейін) өтеуге арналады:
      1) алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде жүргізілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және оларды ағымдағы жылы өсіру.
      Бұл ретте жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу:
      жеміс дақылдары мен жүзімнің - кемінде 5 гектар алқапта, жидек дақылдарының — кемінде 2 гектар алқапта (пайдалы алқап (нетто) жұмыс жобасында көзделген жол, суару желілерін және желден қорғау жолақтары есепке алынбай есептеледі). Жұмыс жобасын жасау кезінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін бір алқап шегінде араластырып отырғызуға жол беріледі;
      тамшылатып суару жүйесін орнатпай, бақты отырғызу мүмкін болатын алманың «Апорт» сортының көпжылдық көшеттерін қоспағанда (бұл ретте бюджеттік субсидиялардың көлемі тамшылатып суару жүйесін орнатуға арналған шығындардың көлеміне шамалас азаяды), өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдану (сорғы станциясын, гидроциклонды, гидроазықтандырғышты, сүзгіш қондырғыларды, қысым реттегішті, су есептегішті және тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесін қамтитын қажетті жабдықтардың толық жиынтығымен);
      тіреуіш бағаналарды орнату: бірінші отырғызылған жылы - жеміс-жидек дақылдарының көпжылдық көшеттерін аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызған жағдайда, екінші жылы - жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсірген жағдайда;
      Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген сорттар. Бұл ретте алманың «Апорт» сорттары вирусы жоқ отырғызу материалдарынан дайындалуы және Сиверс алмасының (Malus Sieversii) және Недзвецкий алмасының (Malus Niedzweskiana) биік бойлы телітушілерін пайдалана отырып алынған көшеттермен отырғызылуы тиіс;
      көпжылдық көшеттерді отырғызу жүзеге асырылатын АШТӨ нақты жер учаскесіне бақтарды және (немесе) жидектіктерді және (немесе) жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген жүмыс жобасына (бұдан әрі - жұмыс жобасы) (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақты-мелиоративтік ізденістердің: 0,5 метр сайын рельеф қимасын жасай отырып, кемінде 1:2000 масштабта топотүсірудің, кемінде 1:5000 масштабта топырақты-мелиоративтік және топырақты-геологиялық ізденістердің (қажет болған кезде тұзды түсіру) жүргізілгенін растайтын отырғызу сызбасын, сорттық құрамын, жол және суару желісін, орман белдеулерін ұйымдастыруды көрсете отырып, көпжылдық көшеттерді отырғызудың бас жоспарын қамтитын) сәйкес. Алманың «Апорт» сортының көпжылдық көшеттерін отырғызу кезінде жұмыс жобасында АШТӨ учаскесінің теңіз деңгейінен биіктігі көрсетіледі;
      АШТӨ штатында «агрономия» немесе «жеміс-көкөніс өсіру» мамандығы бойынша кемінде бір білікті маманның болуы шартымен жүзеге асырылуы тиіс.
      Алманың «Апорт» сортының көпжылдық көшеттерін отырғызу теңіз деңгейінен кемінде 900 метр биіктікте тау етегі және төмен таулы аймақтар жағдайында жүзеге асырылады;
      2) отырғызылуы республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылған екінші вегетацияның (аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырызылғандар үшін), екінші-үшінші вегетацияның (жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін), екінші-үшінші-төртінші вегетацияның (республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2010-2012 жылдары дәстүрлі технология бойынша отырығызылғандар үшін), екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда (алманың «Апорт» сорты бойынша) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіру (күту).
      11. Бюджеттік субсидия көпжылдық көшеттерді отырғызу схемасы мен сипаттамасына (түріне), жасына, 1 гектардағы көшеттер санына қарай және 1 гектарға ғылыми негізделіп ұсыным берілген шығындардың параметрлеріне сәйкес сараланып белгіленеді.
      12. Бюджеттік субсидияларды төлеу АШТӨ жүргізген жұмыстардың және/немесе сатып алған шығыс материалдарының қорытындысы бойынша АШТӨ олардың әрқайсысы бойынша растайтын құжаттар ұсынғаннан кейін кезең-кезеңмен (тоқсанына бір рет) жүргізіледі.
      13. Егер АШТӨ субсидиялаудың екінші және одан кейінгі кезеңдеріне қатыспайтын жағдайда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік субсидия толық көлемде міндетті түрде қайтарылуға жатады.

3. Бюджеттік субсидиялар алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

      14. АШТӨ осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алу үшін тиісті жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде бөлімге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар алуға өтінім береді. АШТӨ субсидиялаудың екінші және кейінгі кезеңдеріне қатысу үшін бөлімге тоқсан сайын жүргізілген жұмыстарды және (немесе) сатып алынған шығыс материалдарын растайтын құжаттардың көшірмелерін қосымша береді.
      15. Алдыңғы жылдары бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алу үшін тиісті жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде бөлімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар алуға өтінімді және уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алдыңғы жылдары алынған бюджеттік субсидиялардың нысаналы және тиімді пайдаланылғаны туралы есепті береді.
      АШТӨ субсидиялаудың екінші және кейінгі кезеңдерінде қатысу үшін бөлімге тоқсан сайын көшеттерді күту бойынша жүргізілген жұмыстарды және сатып алған шығыс материалдарын растайтын құжаттардың көшірмелерін қосымша береді.

4. ВАК жұмысының тәртібі

      16. Бөлім тоқсан сайын:
      1) АШТӨ өтінімі немесе жүргізілген жұмыстарды және (немесе) сатып алынған шығыс материалдарын растайтын құжаттар көшірмелері келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімдер мен құжаттар көшірмелерінің толықтығын тексереді;
      2) ұсынылған өтінімдердің немесе жүргізілген жұмыстарды және (немесе) сатып алынған шығыс материалдарын растайтын құжаттар көшірмелерінің толықтығын тексеру аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, бірақ ағымдағы жылдың алдыңғы тоқсанынан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей, төртінші тоқсанда - 1 қарашадан кешіктірмей, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген бюджеттік субсидиялар алуға АШТӨ тізбесін қалыптастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне (бұдан әрі - аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбе) бекітуге жібереді.
      17. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бөлім ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбені бекітеді. Бөлім аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша бекітілген тізбені бір күн мерзімде басқармаға жібереді.
      18. Басқарма:
      1) келіп түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша тізбелерді қарайды;
      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс бойынша бюджеттік субсидиялар алуға үміткер АШТӨ алдын ала тізбесін жасайды және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады.
      19. ВАК:
      1) ағымдағы жылдың алдыңғы тоқсанынан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін, ал төртінші тоқсанда - тиісті жылғы 10 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде жергілікті жерге барып:
      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызудың, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін (бұдан әрі - отырғызу актісі);
      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін тексеру актісін (бұдан әрі - тексеру актісі) жасайды;
      2) тоқсан сайын, ағымдағы жылдың алдыңғы тоқсанынан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі, бірақ 15 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде бюджеттік субсидиялар алуға үміткер АШТӨ-нің түпкілікті тізбелерін (бұдан әрі — аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түпкілікті тізбелер) бөлінген қаражат шегінде қалыптастырады, оларды бөлім өтінімдермен бірге аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жібереді.
      20. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бөлім ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түпкілікті тізбелерді бекітеді. Бөлім бір күн мерзімде аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша бекітілген түпкілікті тізбелерді, өтінімдерді, әрбір АШТӨ бойынша отырғызу актілерін және әрбір АШТӨ бойынша тексеру актілерін басқармаға жібереді.

5. Бюджеттік субсидиялар төлеу тәртібі

      21. Басқарма бөлім ұсынған АШТӨ өтінімдерін алғаннан кейін оларды он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
      22. Басқарма АШТӨ өтінімдерін қарағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде:
      1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-нің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге бюджеттік субсидиялар алу үшін тиісті жылға арналған түпкілікті тізбесін жасайды және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады.
      Бұл ретте, алманың «Апорт» сортының көпжылдық көшеттерін отырғызған АШТӨ өтінімдері басым тәртіппен қаралады және қанағаттандырылады.
      Егер алманың «Апорт» сортының көпжылдық көшеттерін отырғызған АШТӨ өтінімдерін қоспағанда, өтінімдер сомасы бөлінген бюджеттік қаражаттың сомасынан асып кететін болса, онда субсидиялауға жататын алқаптар мәлімделген алқаптардың көлеміне қарай АШТӨ арасында барабар бөлінеді, ал бюджеттік субсидиялар барабар бөлу қорытындылары бойынша алынған алқапқа төленеді;
      2) өтінімдер берген АШТӨ-ге қабылданған шешім туралы жазбаша хабарламаны:
      теріс шешім болған жағдайда - өтінімді қайтару себебін көрсете отырып;
      мәлімделген алқаптарды барабар бөлген жағдайда - отырғызылғаннан кейін субсидиялауға жататын алаңның көлемін көрсете отырып жібереді;
      3) АШТӨ ұсынған растаушы құжаттардың негізінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге бюджеттік субсидиялар төлеу үшін тиісті жылға арналған ведомості қалыптастырады.
      23. Алдыңғы жылдары бюджеттік қаражат есебінен отырғызылған көпжылдық көшеттерін сақтамаған және оларды меншікті қаражатының есебінен қалпына келтірген АШТӨ-ге бюджеттік субсидиялар нақты сақталып қалған көпжылдық көшеттердің алқабына ғана (көпжылдық көшеттерді өздері қалпына келтірген алқаптарды есепке алмағанда) беріледі.
      24. Басқарма облыс бойынша бюджеттік субсидиялар алуға АШТӨ түпкілікті тізбесін облыс әкімі бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімі мен төлем шоттарын екі данада ұсынады.
      25. Уәкілетті орган жергілікті атқарушы орган мен АШТӨ арасындағы бюджеттік субсидияларды төлеу мен пайдалану жөніндегі келісім нысанын бұйрықпен бекітеді.
      26. Бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ тиісті жылғы 5 желтоқсанға дейінгі мерзімде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөліміне уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алынған бюджеттік субсидиялардың мақсатты және тиімді пайдаланылуы туралы есеп береді.
      27. Басқарма тиісті жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде уәкілетті органға бюджеттік субсидиялар алушыларды, алқаптарды, дақылдарды, сорттарды, нормативтерді, шығындар түрлерін және жалпы төленген бюджеттік субсидиялар сомасын көрсете отырып, бюджеттік субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпаратты ұсынады.

Жеміс-жидек дақылдары мен  
жүзімнің көпжылдық      
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын      
субсидиялау қағидаларға   
1-қосымша           

___________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың)
ведомствоаралық комиссиясына

Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде
жүргізілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызуға және оларды ағымдағы жылы өсіруге
арналған бюджеттік субсидиялар алуға өтінім

_____________________________________________________________________
               (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)

_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
           (құрылтай құжатының атауы)

________________________________________________ атынан бірінші басшы
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
           құжатта бар болса))

осымен 20 __ жылғы күзде және/немесе 20 __ жылғы көктемде жүргізілген
жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек)
көпжылдық көшеттерін 20 __ жылы _______ гектар алқапқа отырғызуға
және оларды өсіруге арналған бюджеттік субсидиялар бөлу туралы өтініш
білдіреді.

Р/с

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін - мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама

тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.

Жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат

нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Жеке тұлға үшін - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Жер учаскесіне бірдейлендіру және (немесе) құқық белгілеуші құжат

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алқап, гектар


оның ішінде егіндік


нысаналы мақсаты


бірдейлендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


жер учаскесінің меншік иесінің және жер пайдаланушының атауы


4.

Ағымдағы шоттың болуы туралы банк анықтамасы

ЖСК


Кбе


банк деректемелері: банк атауы


БСК


К/С


БСН


Кбе


5.

Бақтарды және (немесе) жидектіктерді және (немесе) жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген жұмыс жобасы

нөмірі


күні




6.

Жұмыс жобасын әзірлеуге жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот- фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

нөмірі


берілген күні


кім әзірледі


әзірлеуші орналасқан жердің мекенжайы


әзірлеушінің ЖСК


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


өткізу бағасы, барлығы


7.

Отырғызу материалдарын сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген кезде) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


отырғызу материалын сатушының атауы


отырғызу материалын сатушы орналасқан жердің мекенжайы


отырғызу материалын сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


дақыл, сорты


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


өткізу бағасы, барлығы


8.

Тіреуіш бағаналарды сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


тіреуіш бағаналар сатушының атауы


тіреуіш бағаналар сатушы орналасқан жердің мекенжайы


тіреуіш бағаналар сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


тіреуіш бағаналар атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


өткізу бағасы, барлығы


9.

Тамшылап суару жүйесінің құрылысына жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


құрал-жабдықтар сатушының атауы


құрал-жабдықтар сатушы орналасқан жердің мекенжайы


құрал-жабдықтар сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


құрал-жабдықтар атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


өткізу бағасы, барлығы


10.

Жүргізілген технологиялық операцияларды растайтын құжаттар









11.

Сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизинг шарттары

нөмірі


жасасу күні


жабдықтар, материал сатушының атауы


жабдықтар, материал сатушы орналасқан жердің мекенжайы


жабдықтар, материал сатушының ЖСК


жабдықтардың, материалдың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


КҚС-пен бағасы (теңге)


өткізу бағасы, барлығы


12.

Маман-агроном (жеміс-көкөніс өсіруші) біліктілігін растайтын куәліктер, сертификаттар, дипломдар

тіркеу нөмірі


берілген күні


кім берді


13.

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көшеттерін өндіруші берген отырғызу материалының сорттық куәлігі

куәліктің нөмірі


берілген күні


кім берді


      Ескертпе:
      *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік
тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа
енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті)
мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды
тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жауап беретінім туралы хабардармын.

      Басшы _______________  ________________________________________
               (қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                              куәландыратын құжатта бар болса))

      МО
      20 __ жылғы «___» ______________

      Өтінім 20__ жылғы «___» _____________ қарауға алынды

_____________________________________________________________________
(қолы) (өтінішті қабылдап алған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің
      аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

Жеміс-жидек дақылдары мен  
жүзімнің көпжылдық      
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын      
субсидиялау қағидаларға   
2-қосымша           

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін
өсіруге (күтуге) арналған бюджеттік субсидиялар алуға
өтінім

_____________________________________________________________________
            (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
           (құрылтай құжатының атауы)
________________________________________________ атынан бірінші басшы
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
            құжатта бар болса))
________ га алқапта 20__ жылғы күзде және немесе 20 __ жылғы көктемде
отырғызылған «___» өсу жылындағы жеміс дақылдарының/жүзімнің
(қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық көшеттерін өсіруге (күтуге)
арналған бюджеттік субсидиялар бөлу туралы өтініш білдіреді.

Р/с

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Ағымдағы шоттың болуы туралы банк анықтамасы

ЖСК


Кбе


банк деректемелері: банк атауы


БСК


К/С


БСН


Кбе


2.

Жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу актісі

нөмірі


жасау мерзімі


дақыл


сорты


егу схемасы


алқап


дақыл


сорты


егу схемасы




алқап




дақыл




сорты




егу схемасы




алқап


3.

Алдыңғы жылдары бюджеттік субсидияларды алғаны туралы куәландыратын құжаттар

нөмірі


берілген күні


сомасы (теңге)


4.

Тіреуіш бағаналарды сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


тіреуіш бағаналар сатушының атауы


тіреуіш бағаналар сатушы орналасқан жердің мекенжайы


тіреуіш бағаналар сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


тіреуіш бағаналардың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


өткізу бағасы, барлығы


5.

Жүргізілген технологиялық операцияларды растайтын құжаттар









6.

Сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизинг шарттары

нөмірі


жасасу күні


жабдықтар, материал сатушының атауы


жабдықтар, материал сатушы орналасқан жердің мекенжайы


жабдықтар, материал сатушының ЖСК


жабдықтардың, материалдың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


өткізу бағасы, барлығы


      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жауап беретінім туралы хабардармын.

      Басшы _______________  ________________________________________
                  (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                              куәландыратын құжатта бар болса))

      МО
      20__ жылғы «___» ______________

      Өтінім 20__ жылғы «___» _____________ қарауға алынды

_____________________________________________________________________
(қолы) (өтінішті қабылдап алған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің
      аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

Жеміс-жидек дақылдары мен  
жүзімнің көпжылдық      
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын      
субсидиялау қағидаларға   
3-қосымша           

«Бекітемін»
____________________ облысының әкімі
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса),
қолы, мөрі)        
20__ жылғы «__» _____________

Облыс бойынша бюджеттік субсидиялар алуға үміткер ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілердің алдын ала тізбесі

Р/с

Ауданның атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы

Дақыл

Отырғызу және сіру алқабы, гектар

Отырғызудың және өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері, теңге

Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7









Жиыны:






____________________________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының
басшысы ____________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінін аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                          болса), қолы, мөрі)

      20__ жылғы «__» _____________

Жеміс-жидек дақылдары мен  
жүзімнің көпжылдық      
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын      
субсидиялау қағидаларға   
4-қосымша           

Жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызудың, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігінің
20 __ жылғы «__» № ______ актісі

      Біз төменде қол қойған ________________ облысы ________________
ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясының
(бұдан әрі - комиссия) мүшелері, мынадай құрамда:
комиссия төрағасы ___________________________________________________
____________________________________________________________________,
    (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                         болса), лауазымы)

комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілі _________________
_____________________________________________________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                        болса), лауазымы)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық (қалалық)
аумақтық инспекциясының өкілі _______________________________________
_____________________________________________________________________
   (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                    болса), лауазымы)
аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің өкілі __________________
____________________________________________________________________,
   (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                       болса), лауазымы)
ауылдық округ әкімі _________________________________________________
____________________________________________________________________,
   (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                           болса), лауазымы)
ғылыми ұйымның өкілі ________________________________________________
____________________________________________________________________,
   (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
болса), лауазымы)
қоғамдық ұйымның өкілі ______________________________________________
____________________________________________________________________,
    (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                        болса), лауазымы)
басшы _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

______________ гектар алқапта _______________________________________
                                (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________ гектар алқапта _______________________________________
                                (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________ гектар алқапта _______________________________________
                                (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)

көпжылдық екпелерді отырғызудың жүзеге асырылғаны туралы осы актіні
жасадық.

Отырғызылған бақ/жүзімдік жұмыс жобасына сәйкес келеді/келмейді
                   (қажеттісінің астын сызу керек)

Комиссия төрағасы                    ________________________________
                                                 (қолы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық)
ауыл шаруашылығы
бөлімінің өкілі                        ______________________________
                                                 (қолы)
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
аудандық (қалалық) аумақтық
инспекциясының өкілі                     ____________________________
                                                  (қолы)
аудандық (қалалық)
жер қатынастары
бөлімінің өкілі                         _____________________________
                                                  (қолы)
ауылдық округ әкімінің өкілі            _____________________________
                                                  (қолы)
ғылыми ұйымның өкілі                     ____________________________
                                                  (қолы)
қоғамдық ұйымның өкілі                   ____________________________
                                                  (қолы)
ауыл шаруашылығы
тауарын өндіруші                         ____________________________
                                                 (қолы, мөрі)

Жеміс-жидек дақылдары мен  
жүзімнің көпжылдық      
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын      
субсидиялау қағидаларға   
5-қосымша           

Жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көпжылдық
көшеттерін тексерудің
20__ жылғы «__» ___________ № _______ актісі

      Біз төменде қол қойған ________________ облысы ________________
ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясының
(бұдан әрі - комиссия) мүшелері, мынадай құрамда:
комиссия төрағасы ___________________________________________________
____________________________________________________________________,
  (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                        болса), лауазымы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілі _________________
____________________________________________________________________,
   (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                        болса), лауазымы)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық (қалалық)
аумақтық инспекциясының өкілі _______________________________________
____________________________________________________________________,
    (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                  болса), лауазымы)
аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің өкілі___________________
____________________________________________________________________,
    (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
болса), лауазымы)
ауылдық округ әкімі _________________________________________________
____________________________________________________________________,
    (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                          болса), лауазымы)
ғылыми ұйымның өкілі ________________________________________________
____________________________________________________________________,
    (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                    болса), лауазымы)
қоғамдық ұйымның өкілі ______________________________________________
____________________________________________________________________,
    (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                    болса), лауазымы)
басшы _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

______________ гектар алқапта _______________________________________
                                (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________ гектар алқапта _______________________________________
                                (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________ гектар алқапта _______________________________________
                               (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)

отырғызылғаны «__» өсу жылындағы көпжылдық екпелерді отырғызудың
жүзеге асырылғаны туралы осы актіні жасадық.

Комиссия төрағасы                    ________________________________
                                                 (қолы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық)
ауыл шаруашылығы
бөлімінің өкілі                      ________________________________
                                                 (қолы)
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
аудандық (қалалық) аумақтық
инспекциясының өкілі                 ________________________________
                                                  (қолы)
аудандық (қалалық)
жер қатынастары
бөлімінің өкілі                      ________________________________
                                                  (қолы)
ауылдық округ әкімінің өкілі         ________________________________
                                                  (қолы)
ғылыми ұйымның өкілі                 ________________________________
                                                  (қолы)
қоғамдық ұйымның өкілі               ________________________________
                                                  (қолы)
ауыл шаруашылығы
тауарын өндіруші                     ________________________________
                                                 (қолы, мөрі)

Жеміс-жидек дақылдары мен  
жүзімнің көпжылдық      
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын      
субсидиялау қағидаларға   
6-қосымша           

«Бекітемін»
___________________ облысының әкімі
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса),
қолы, мөрі)          
20__ жылғы «__» ___________

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызуға және өсіруге ____ жылға арналған бюджеттік
субсидиялар алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің
түпкілікті тізбесі

Р/с

Аудан атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы

Дақыл

Отырғызу және өсіру алқабы (1 -вегетация), гектар

Өсіру алқабы (2-вегетация), гектар

Өсіру алқабы (3-вегетация), гектар

Өсіру алаңы (4-вегетация), гектар

Отырғызудың және өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялар мөлшері (1-вегетация), теңге

Өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялар мөлшері (2-вегетация), теңге

Өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялар мөлшері (3-вегетация), теңге

Өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялар мөлшері (4-вегетация), теңге

Төленуге тиіс, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


Жиыны:












______________________________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының
басшысы _____________________________________________________________
         (тегі, аты, әкесінін аты (жеке басын куәландыратын құжатта
                        бар болса), қолы, мөрі)

20__ жылғы «__» __________

Жеміс-жидек дақылдары мен  
жүзімнің көпжылдық      
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын      
субсидиялау қағидаларға   
7-қосымша           

«Бекітемін»
___________________ облысының әкімі
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса),
қолы, мөрі)        
20__ жылғы «__» ___________

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызуды және өсіруді қамтамасыз ету үшін ______жылға
бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость

Р/с

Аудан атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы

Дақыл

Отырғызу және өсіру алқабы (1 -вегетация), гектар

Өсіру алқабы (2-вегетация), гектар

Өсіру алқабы (3-вегетация), гектар

Өсіру алаңы (4-вегетация), гектар

Отырғызудың және өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялар мөлшері (1-вегетация), теңге

Өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялар мөлшері (2-вегетация), теңге

Өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялар мөлшері (3-вегетация), теңге

Өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялар мөлшері (4-вегетация), теңге

Төленуге тиіс, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


Жиыны:












Төленетін сома ______________________________________________________
                                   (жазбаша)

____________________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының құрылымдық
бөлімшесінің басшысы ________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                           құжатта бар болса), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады