Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 703 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 703 қаулысымен 
бекітілген     

Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары
(бұдан әрі – Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жеке тұтынушыларға атаулы көмек (бұдан әрі – атаулы көмек) – жеке тұтынушылардың қазақстандық өндірушілерден жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін мемлекеттің өтеуі;
      2) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушы (бұдан әрі – жеке тұтынушы) – орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз, электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке тұлға;
      3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары – (бұдан әрі – ЖЭК қондырғылары) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар;
      4) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      5) қазақстандық өндірушілер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және:
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында толық өндірілген ретінде айқындалатын тауарларды;
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған ретінде айқындалатын тауарларды өндіретін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      6) құрылымдық бөлімше – энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі іс-шараларға басшылықты және оларды іске асыруды жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі.
      3. Мемлекет жеке тұтынушыларға осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызы мөлшерінде атаулы көмек береді. Атаулы көмек жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы пайдалануға берілгеннен кейін төленеді.
      4. Атаулы көмек беру үшін ауданның жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ауданның ЖАО) шешiмiмен құрамында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, аудан әкiмдiгiнiң, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi бар комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрылады.
      Құрылымдық бөлімше комиссияның жұмыс органы болып табылады.

2. Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру тәртiбi

      5. Атаулы көмек алу үшін жеке тұтынушылар ЖЭК қондырғысы пайдалануға берілгеннен кейін екi апта мерзiмде құрылымдық бөлімшеге мынадай құжаттар ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы көмек алуға өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы анықтаманың (куәлiктiң) көшiрмесi;
      3) сенімхат (жеке тұтынушының құжаттарын басқа жеке тұлға ұсынған жағдайда) көшiрмесі;
      4) жеке тұтынушының қазақстандық өндірушімен жасалған өтініште көрсетілген ЖЭК қондырғыларын сатып алуға шарттың көшірмесі;
      5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көрсетілген ЖЭК қондырғыларын пайдалануға қабылдау туралы актi;
      6) нөмірін көрсете отырып, екiншi деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымда жеке шотының бар екені туралы екі данада анықтама.
      6. Құрылымдық бөлімше:
      1) үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi және комиссияның қарауына енгiзедi.
      2) ЖЭК қондырғыларының қондырғыларды пайдалануға қабылдау актілерінде көрсетілген қондырғылар параметрлеріне сәйкес келуін көзбен шолып тексеру мақсатында жеті жұмыс күнi iшiнде комиссия мүшелерiнiң елді мекендерге және (немесе) қоныстарға баруын ұйымдастырады.
      7. Комиссия тексеріп қарау қорытындылары бойынша үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық қуаты 5 кВт аспайтын ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарау актiсiн (бұдан әрi – тексеріп қарау актiсi) жасайды.
      Тексеріп қарау актiсі екі данада жасалады, жеке тұтынушыға және комиссияға бір данадан.
      8. Комиссия тексеріп қарау актiсiнiң және жеке тұтынушы ұсынған құжаттар негiзiнде үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЭК қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру туралы қорытындыны (бұдан әрі – қорытынды) жасайды және оны құрылымдық бөлімшеге ұсынады.
      9. Комиссияның қорытындысына ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарауды және жеке тұтынушыға тиесілі атаулы көмектің сомасын есептеуді жүргізген комиссия мүшелері қол қояды, аудан әкімі бекітеді, сондай-ақ ауданның мөрімен куәландырады.
      Комиссияның қорытындысы үш данада жасалады:
      1-ші, 2-ші даналар – ауданның ЖАО үшін;
      3-ші дана – жеке тұтынушы үшін.
      10. Егер Комиссияның қорытындылары бойынша жеке тұтынушыларға берілетін төлемдер сомасы бөлінген бюджеттік қаражаттың көлемiнен асып түсетін жағдайда, комиссияның қарауына бұрын түскен жеке тұтынушылардың өтiнiмдерi басым тәртіппен қанағаттандырылады.
      11. Құрылымдық бөлімше комиссия қорытындыларының негізінде үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұтынушылардың атаулы көмек алатын тізімін қалыптастырады және аудан әкiмiне бекiтуге ұсынады.
      12. Ауданның ЖАО атаулы көмек төлеуді өзi таңдаған екiншi деңгейдегі банктегi немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының деректемелерi көрсетілген өтiнiшiнің негiзiнде алушының таңдауы бойынша екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйым арқылы он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
      13. ЖЭК қондырғылырын сатып алуға бөлінген атаулы көмек туралы ақпарат тиісті жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей, ауданның ЖАО интернет-ресурстарында жылына бір рет орналастырылады.

Жеке тұтынушыларға атаулы
көмек беру қағидаларына
1-қосымша       

Атаулы көмек алуға
өтінім

      «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009
жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің
_____________________________________________________________________
  (өтінім берушінің ТАӘ, өтінім берушінің ЖСН, өтінім берушінің жеке
          басын куәландыратын құжаттың деректері)
қазақстандық өндірушіден төменде көрсетілген, _______________________
________________________________________________________ мекенжайында
              (мекенжайды көрсету)
орналасқан жиынтық қуаты 5 кВт-қа дейін жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану қондырғыларын (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы) сатып алуыма
байланысты, маған атаулы көмек беруіңізді сұраймын:

Р/с №

ЖЭК қондырғыларын қазақстандық өндірушінің атауы

Зауыттық нөмірі көрсетілген ЖЭК қондырғыларының атауы

ЖЭК қондырғысының қуаты, кВт

ЖЭК қондырғысының құны, теңге

Өтелетін болжамды сома, теңге

ЖЭК қондырғысының нормативтік пайдаланудың мерзімі (жыл)

1

2

3

4

5

6

7









Жиыны:






      Барлық берілген құжаттар мен ақпараттың шынайылығына кепілдік
беремін.
      Атаулы көмек сомасын төлеуді мынадай деректемелер бойынша
жүргізуді сұраймын:
      Алушы (ТАӘ не тұтынушының атауы): __________________________;
      Алушының ЖСН немесе БСН: ___________________________________;
      Банктік шоттың немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдағы жеке
шотының №:
__________________________________________________________________;
      Банктің немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымның атауы:
_________________________________________________________________;
      Банктің немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымның жеке коды:
__________________________________________________________________

      Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      (қоса берілетін құжаттардың тізімі)
      ТАӘ                  Қолы                  Күні

Жеке тұтынушыларға атаулы
көмек беру қағидаларына
2-қосымша       

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану
қондырғысын пайдалануға қабылдау туралы
акті

20__ жылғы «___» №____

      1. ____________________________________________________________
              облыс, аудан, елдi мекен және /немесе қоныс, көше,
__________________________________________________ мекенжайы бойынша
                       үйдiң нөмiрi)
орналасқан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы (бұдан
әрі – ЖЭК қондырғысы) ______________ пайдалануға қабылдауға ұсынылды.
      2. ЖЭК қондырғысы сатып алынған қазақстандық өндірушінің атауы:
_____________________________________________________________________
      3. ЖЭК қондырғысын пайдалануға беру жұмыстарының басқа түрлерін
орындаған ұйымдардың атауы:
_____________________________________________________________________
     (ұйымдардың атауы, әрбiр ұйым орындаған жұмыстардың түрлерi)
      4. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылды:
      жұмыстардың басталуы __________; жұмыстардың аяқталуы _________
      5. Іске қосу-баптау жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылды:
      жұмыстардың басталуы __________; жұмыстардың аяқталуы _________
                           (айы, жылы)                (айы және жылы)
      6. Пайдалануға беруге ұсынылған ЖЭК қондырғысы мынадай
деректермен сипатталады:
_____________________________________________________________________
      (оны орналастыру, негізгі материалдары мен конструкциялары,
_____________________________________________________________________
  технологиялық жабдықталуы бойынша қысқаша техникалық сипаттамалар)
      7. Энергиямен жабдықтаудың сыртқы коммуникациялары ЖЭК
қондырғысының қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
      8. Шешім:
      Қабылдануға ұсынылған ЖЭК қондырғысы ________________________
                                          (ЖЭК қондырғысының атауы)
____________________________________________ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАНДЫ.
      Өндірушінің өкілі: ___________________________________________
                                    (ТАӘ, қолы, күні, мөрі)
      Жұмыстардың басқа түрлерінің жауапты орындаушылары ____________
_____________________________________________________________________
                       (ТАӘ, қолдары, күні, мөрі)
      Жеке тұтынушы:
_____________________________________________________________________
                     (ТАӘ, қолы, мөрі)

Жеке тұтынушыларға атаулы
көмек беру қағидаларына
3-қосымша     

Жеке тұтынушыны электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін
жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын
тексеріп қарау актісі

20__жылғы «___»                                              № ______

___________________________________________________ мекенжайы бойынша
      (елді мекеннің және (немесе) қоныстың атауы)

      Біз, төменде қол қоюшылар, комиссия төрағасы:
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы, ТАӘ)
      комиссия мүшелері:
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы, ТАӘ)
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы, ТАӘ)
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы, ТАӘ)
бір тараптан және жеке тұтынушы ______________________________ екінші
                                            (ТАӘ)
тараптан мынадай жаңартылатын энергия көздерін пайдалану
қондырғыларына (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы) көзбен шолып тексеру
жүргізілгені туралы осы актіні жасадық:
      ЖЭК қондырғысын қазақстандық өндірушінің атауы: _______________
      ЖЭК қондырғыcының атауы _______________________________________
      зауыттық нөмірі ____________ қуаты ______ кВт,
      ЖЭК қондырғысының атауы _______________________________________
      зауыттық нөмірі ____________ қуаты ______ кВт.
      Көзбен шолып тексеру барысында жоғарыда көрсетілген ЖЭК
қондырғыларының шын мәнінде орнатылғаны, пайдалануға берілгені және
жұмыс істейтіні белгіленді.
      Комиссия төрағасы:
_____________________________________________________________________
                      (лауазымы, ТАӘ)
      комиссия мүшелері:
_____________________________________________________________________
                      (лауазымы, ТАӘ)
_____________________________________________________________________
                      (лауазымы, ТАӘ)
      Жеке тұтынушы:
_____________________________________________________________________
                     (ТАӘ, қолы, мөрі)

Жеке тұтынушыларға атаулы
көмек беру қағидаларына
4-қосымша    

«Бекітемін»
_______________________
  (облыстың атауы)
__________ ауданының әкiмi
_______________________
     (ТАӘ, мөрі)

Жеке тұтынушыға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану
қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру туралы
қорытынды

№ _______                                                 ________
                                                            күні
_____________________________________________________________________
(жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларының (бұдан әрі
_____________________________________________________________________
– ЖЭК қондырғылары) орналасқан жері, оның ішінде елді мекеннің және
_____________________________________________________________________
                        (немесе) қоныстың атауы)
_____________________________________________________________________
      (кім құрған, ауданның ЖАО атауы, күні, комиссия құрамы туралы
___________________________________________________________ құрылған,
                     шешімнің нөмірі)
құрамында төраға: ___________________________________________________
                     (ТАӘ, атқаратын лауазымы және жұмыс орны)
және комиссия мүшелері:
_________________________________________________________________ бар
      (ТАӘ, атқаратын лауазымы және жұмыс орны)
комиссия қаралған құжаттардың нәтижелері бойынша: ___________________
                                       (құжаттар тізбесі келтіріледі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
және ЖЭК қондырғысын тексеріп қарау нәтижелері бойынша жасалған
комиссия актісінің негізінде ________________________________________
                               (қарап тексеру жүргізілген күн мен
_____________________________________________________________________
қондырғыны тексеріп қарау актісінен алынған қорытынды келтіріледі)
мынадай қорытынды қабылдады:
_____________________________________________________________________
(атаулы көмекті төлеудің ұсыным берілетін сомасын көрсете отырып,
_____________________________________________________________________
      комиссия қабылдаған қорытындының негіздемесі келтіріледі)

      Қорытындыға қосымша:
      1) қаралған құжаттардың тізбесі
      2) ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарау актісі
      3) атаулы көмек төлемі сомасының есебі
_____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:
      ___________________________ ______________________
            (қолы)                         (ТАӘ)
      комиссия мүшелері:
      ___________________________ ______________________
             (қолы)                         (ТАӘ)
      ___________________________ ______________________
             (қолы)                          (ТАӘ)

Жеке тұтынушыларға атаулы
көмек беру қағидаларына
5-қосымша      

«Бекітемін»
_______________________
(облыстың атауы)
___________ ауданының әкiмi
_______________________
(ТАӘ, мөрі)

Атаулы көмек алатын жеке тұтынушылардың тізімі
(жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының 50 %-ын өтеу үшін)

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларының атауы (бұдан әрі – ЖЭК қондырғыcы)

ЖЭК қондырғыcы орналасқан елді мекеннің және/ немесе қоныстың атауы

Жеке тұтынушының ТАӘ

ЖЭК қондырғысының қуаты, кВт

ЖЭК қондырғысының құны, теңге

Бюджеттік қаражаттың тиесілі сомасы, теңге

20__ ж. «___» _____ төленуге тиіс, теңге

1

2

3

4

5

6

7















Жиыны:







Төленетін сома ________ (цифрлармен) ______________ (жазбаша) теңге.
      __________ауданының құрылымдық
      бөлімшесінің басшысы             _______________________
                                          (ТАӘ, қолы)
      Бас бухгалтер _______________________
                          (ТАӘ, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады