"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 717 қаулысы

      Ескерту. Заңның жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2014.12.08 № 1280 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      63-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі»;
      мынадай мазмұндағы 63-1 және 66-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «63-1-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері»;
      «66-1-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың жауапкершілігі»;
      2) 73-баптың 2-тармағындағы, 79-баптың 3-тармағындағы, 97-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі, 108-баптың 3-тармағының екінші және төртінші бөліктеріндегі, 110-бапта, 111-баптың 4-тармағындағы, 112-баптың 1-тармағының бірінші және үшінші бөліктеріндегі, 198-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі, 202-баптың 2-тармағындағы, 204-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі, 205-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі, 206-баптың 7-тармағының бірінші бөлігіндегі, 208-баптың 9-тармағындағы, 228-баптың 1-тармағындағы, 234-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі, 237-баптың 2-тармағындағы, 268-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі, 274-баптың 5-тармағындағы, 278-баптың 3-тармағындағы, 4-тармағындағы, 5-тармақтың екінші бөлігіндегі, 6-тармағындағы, 280-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі, 288-баптың 3-тармағындағы, 289-баптың 2-тармағындағы, 291-баптың 3-тармағында екінші бөлігіндегі, 296-баптың 3-тармағындағы, 302-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі, 319-баптың 5-тармағындағы, 325-баптың 3-тармағының бесінші бөлігіндегі, 329-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі, 334-баптың 1-тармағының үшінші абзацындағы, 347-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі, 350-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі, 353-баптың 2-тармағындағы, 372-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі, 375-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі, 385-баптың 2-тармағындағы, 386-баптың 1-тармағындағы, 397-баптың 2-тармағындағы, 404-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы, 413-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы, 417-баптың 3-тармағындағы, 419-баптың екінші бөлігіндегі, 421-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мен 2-тармағындағы, 424-баптың 1- тармағының бірінші бөлігіндегі, 425-баптың 2-тармағындағы, 462-баптың 5-тармағындағы, 467-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі, 469-баптың 3-тармағындағы, 472-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі, 476-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі «Кеден одағы комиссиясының шешімімен» деген сөздер «Комиссияның шешімімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 82-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «Кеден одағы комиссиясының шешімдері мен түсініктемелері» деген сөздер «Комиссияның шешімімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 4-баптың 1-тармағының 40) және 50) тармақшаларындағы, 123-баптың 3 және 4-тармақтарындағы, 244-баптың 1-тармағындағы, 281-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы, 301-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі, 386-баптың 1-тармағындағы «Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен» деген сөздер «Комиссия шешімімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 4-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің бірыңғай тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы;»;
      6) 30-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілі, мұндай міндетті орындау:
      1) тауарлар шығарылғаннан кейін тауарлар орналастырылған кедендік рәсімдердің талаптары мен шарттарын сақтауға;
      2) тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдалана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге, сондай-ақ оларды орындау тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік баждарды, салықтарды төлеу және есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді берудің міндетті шарты болып табылатын өзге шарттарды орындауға;
      3) олардың негізінде кедендік декларация берілген декларанттан не мүдделі тұлғадан алынған көрінеу дұрыс емес (жалған) мәліметтерді және (немесе) қолдан жасалған құжаттарды пайдалануға байланысты жағдайларды қоспағанда, толық көлемде кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі ортақ міндетті көтереді.»;
      7) 62 және 63-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «62-бап. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттары
      1. Мыналар:
      1) осы тармақшаның екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ұсынылатын күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір миллион евроға баламалы сомаға кемінде бір жыл мерзімге осы Кодекстің 16-тарауында көзделген тәртіппен осындай қамтамасыз етудің болуы;
      тауарларды өндіру қызметін жүзеге асыратын және (немесе) Комиссияның шешімімен айқындалған критерийлерге сәйкес келген кезде кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды экспорттаушы тұлғалар мұндай қамтамасыз ету ұсынылатын күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша жүз елу мың евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынады;
      2) уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу үшін кеден органына жүгінген күнге дейін әрбір жыл үшін кемінде он тауарға арналған декларациясы болған кезде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;
      3) кеден органына өтініш берген күні Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің болмауы;
      4) кеден органына өтініш берген күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешектердің (бересінің) болмауы;
      5) кеден органына өтініш берген күні өтініш берушінің, құрылтайшылардың, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлердің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес өтелмеген соттылығы фактілерінің болмауы;
      6) өтініш берушінің кеден органына өтініш берген күні бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 404, 405, 409, 410, 411, 412, 413, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 426 – 434, 438, 438-1-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы;
      7) кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің болуы;
      8) өтініш берген күнге дейін үш жылдық кезеңді тексеруді қамтитын, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың евроны құрайтын жеке капиталы туралы және бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесінің бухгалтерлік есеп жүргізудің жалпыға бірдей қабылданған қағидаттарына сәйкестігі туралы ақпараты бар аудиторлық есептің және (немесе) аудиторлық есептердің болуы;
      9) бұл тиісті құжаттармен расталатын, жеке құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару немесе жалға алу (қосалқы жалға алу) құқығындағы не өзге заңды негізде үй-жайлардың, ашық алаңдардың және өндірістік операциялар жүзеге асырылатын өзге аумақтардың болуы уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттары болып табылады.
      2. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алғаннан кейін бір жыл өткен соң уәкілетті экономикалық оператор мынадай:
      1) уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жүгінген күнге дейін әрбір жыл үшін кемінде жиырма тауарға арналған декларациясы болған кезде уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті алған күнінен бастап сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруы;
      2) уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жүгінген күні Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бір жыл ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегінің болмауы;
      3) уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жүгінген күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бір жыл ішінде берешегінің (бересінің) болмауы;
      4) уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің қолданылуы осы Кодекстің 63-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрғаны жөнінде негіздердің болмауы;
      5) өтініш берген күнге дейін бір жыл ішіндегі кезеңді тексеруді қамтитын, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың евроны құрайтын жеке капиталы туралы және бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесінің бухгалтерлік есеп жүргізудің жалпыға бірдей қабылданған қағидаттарына сәйкестігі туралы ақпараты бар аудиторлық есептің және (немесе) аудиторлық есептердің болу шарттарын сақтаған кезде қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.
      63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі
      1. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік алу үшін заңды тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға осындай тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттарына сәйкестігін растайтын мәліметтері бар, заңды тұлға басшысының қолы қойылған және мөрмен куәландырылған өтінішті, сондай-ақ мынадай құжаттарды:
      1) оларды мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігін қоспағанда, құрылтай құжаттарының көшірмелерін және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
      2) нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін толтырылған сауалнаманы;
      3) кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың біреуін:
      кеден органының ақшаны уақытша орналастыру есеп-шотына ақша аудару туралы төлем құжатының көшірмесін;
      төлеуші мен кеден органы арасында жасалған мүліктік кепіл және кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебін;
      кепілгер – банк және төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шартын және банк кепілдігін;
      кепілгерлік шартын;
      4) аудиторлық есепті;
      5) оларды мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігін қоспағанда, бұл тиісті құжаттармен расталатын, үй-жайларға, ашық алаңдарға және өндірістік операциялар жүзеге асырылатын өзге аумақтарға меншік құқығын немесе шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару немесе жалға алу (қосалқы жалға алу) құқығын не өзге заңды негізді растайтын құжаттарды ұсынады.
      2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарау кезінде ондағы мәліметтерді тексереді, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау нысанасына, сондай-ақ өтініш берушінің осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 2), 7) және 9) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттарына сәйкестігіне осы Кодекстің 24-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тапсырады.
      Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеру жүргізу нәтижелері бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш және көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне тұлғаны енгізу туралы не бас тарту себебін көрсете отырып, мұндай куәлікті беруден бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.
      Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне тұлғаны енгізу туралы куәлікті беру туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және ұсынылатын оңайлатулар көрсетіледі.
      Өтініш беруші өтініште, сауалнамада толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді көрсеткен не осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайда, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, бас тарту себебін көрсете отырып, куәлікті беруден бас тарту туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.
      3. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін берген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін заңды тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағына сәйкес қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша толтырылған сауалнаманы қоса бере отырып, өтініш беруге құқылы.
      Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қосымша арнайы оңайлатуларды алуға өтінішті қарау кезінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3) 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптардың сақталуы нысанасына осы Кодекстің 24-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тапсырады.
      Қосымша арнайы оңайлатуларды беру туралы шешім ұсынылатын арнайы оңайлатулар көрсетіле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді.
      Қосымша арнайы оңайлатуларды алуға арналған өтінішті қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей қосымша арнайы оңайлатуларды ұсыну туралы шешім қабылдайды не бас тартудың себептерін көрсете отырып, қосымша арнайы оңайлатуларды беруден бас тартады.
      4. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданысы:
      1) уәкілетті экономикалық оператор уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы өтініш берген;
      2) осы Кодекстің 160-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, берешек төленген кезге дейін – кедендік төлемдер, салықтар мен өсіпұл бойынша берешек болған;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түпкілікті шешім шығарылғанға дейін өтiнiш берушiге, құрылтайшыларға, акциялардың бақылау пакетi бар акционерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 209, 214, 250-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау фактілері болған;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түпкілікті шешім шығарылғанға дейін өтініш берушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 404, 405, 409, 410, 411, 412, 413, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 426 - 434, 438, 438-1-баптары бойынша әкiмшiлiк іс жүргізуді қозғау фактілері болған;
      5) осы Кодекстің 63-1-бабында белгіленген міндеттер орындалмаған кезде тоқтатыла тұрады.
      Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган қолданыстағы уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлiктiң қолданысы тоқтатыла тұрған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.
      5. Бұрын тоқтатыла тұрған уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің қолданысы осы куәлік тоқтатыла тұрған себептердің жойылғанын растайтын құжаттар ұсыныла отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш берушінің жазбаша өтініші бойынша қайта жаңғыртылады.
      Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім жазбаша өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
      6. Уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiне енгiзу туралы куәлiктің қолданысы:
      1) уәкiлеттi экономикалық оператор өзiн уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiнен шығару туралы өтiнiш берген;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға таратылған;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға қайта ұйымдастырылған;
      4) өтiнiш берушi, құрылтайшылар, акциялардың бақылау пакетi бар акционерлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 209, 214,
250-баптарына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылған;
      5) өтініш беруші Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 404, 405, 409, 410, 411, 412, 413, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 426 - 434, 438, 438-1-баптарына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартылған;
      6) осы Кодекстің 63-1-бабында көзделген міндеттер орындамаған кезде кері қайтарылады.»;
      8) мынадай мазмұндағы 63-1-баппен толықтырылсын:
      «63-1-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері
      Уәкілетті экономикалық оператор:
      1) уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру кезінде қойылатын талаптар мен Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға;
      2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу кезінде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергендігі және (немесе) толықтырылғандығы туралы мұндай өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды растайтын тиісті құжаттарды ұсыну арқылы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға.
      Осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген жеке капиталының азайғандығы туарлы ақпаратты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бухгалтерлік теңгерім түрінде ұсынуға;
      3) кеден органдарының талап етуі бойынша кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында қажетті ақпаратты және есептілікті Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ұсынуға;
      4) кедендік баждарды, салықтарды төлеуді бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аяқталған кезде мұндай мерзім аяқталатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органға көрсетілген бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы құжаттарды не жаңа кедендік баждарды, салықтарды төлеуді бас қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті.»;
      9) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «65-бап. Уәкілетті экономикалық операторға берілетін арнайы оңайлатулар
      1. Уәкілетті экономикалық операторға мынадай арнайы оңайлатулар беріледі:
      1) уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге аумақтарында тауарларды уақытша сақтау;
      2) кедендік транзит рәсімін жүзеге асырған кезде кеден органдары кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етудің ұсынылуын талап етпейді;
      3) кедендік декларацияны беру және кедендік рәсіммен орналастыру алдындағы кедендік операцияларды жасаудың бірінші кезектегі тәртібі;
      4) мерзімдік кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылмайды.
      2. Уәкілетті экономикалық операторға мынадай қосымша оңайлатулар берілуі мүмкін:
      1) уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жүргіз;
      2) осы Кодекстің 298-бабына сәйкес кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару;
      3) осы Кодекстің 319-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті экономикалық операторлар үшін кедендік транзит рәсімін қолдану.
      3. Тауарларды шығару және (немесе) кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды экспорттау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін, олар осы Кодекстің 62-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттарына сәйкес болған кезде осы Кодекстің 65-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген арнайы оңайлатулар ұсынылады.
      4. Осы бапта көзделген арнайы оңайлатулар, егер уәкiлеттi экономикалық оператор оларға қатысты мұндай арнайы оңайлатуларды қолдану көзделетін тауарлардың декларанты болатын жағдайларда ғана қолданылады.
      5. Осы бапта көзделген арнайы оңайлатулар қолданыла алмайтын тауарлардың тiзбесi Комиссияның шешiмiмен айқындалады.»;
      10) мынадай мазмұндағы 66-1-баппен толықтырылсын:
      «66-1-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператордың жауапкершілігі
      Уәкiлеттi экономикалық оператор өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
      11) 78-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланыла отырып қабылданған тауарларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау, егер кеден органы кедендік тексеру барысында:
      1) кедендік декларациялау кезінде декларант ұсынған құжаттарда тауарларды дұрыс сыныптамауға ықпал еткен анық емес не толық емес мәліметтер бар екендігін анықтаған;
      2) кеден органының лауазымды адамы тауарларды дұрыс емес сыныптамау фактісін тауарлар шығарылғанға дейін анықтаған жағдайларда тауарлар шығарылғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда тауарлардың коды өзгертілген кезде, кеден органы тауарларды сыныптау жөнінде қайта қараған шешімді қабылдау күні кедендік баждар мен салықтарды төлеудің басталу мерзімі болып есептеледі. Тауарларды сыныптау жөнінде аталған шешімді қабылдау декларанттың жауаптылығына әкеп соқпайды.
      Кеден органының тауарлар шығарылғанға дейін қабылдаған тауарларды сыныптау жөніндегі шешімінің қолданысы кеден органы тауарлар шығарылғаннан кейін қабылдаған тауарларды сыныптау жөніндегі шешімді қабылдау күнінен бастап тоқтатылады.»;
      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Декларант сұрау салынған қосымша құжаттарды осы Кодекстің
297-бабында белгіленген мерзімде ұсынбаған кезде, кеден органы тауарларды шығаруды кеден органы есептеген кедендiк баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну шартымен жүзеге асырады.
      Бұл ретте, кедендiк баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету осы Кодекстің 16-тарауында тауарларды сыныптау жөніндегі шешімді қабылдау нәтижесі бойынша қосымша есептелуі мүмкін кедендiк баждардың, салықтардың сомасы ретінде айқындалады.
      Егер, декларант кеден органы сұрау салған қосымша құжаттарды, мәліметтерді және (немесе) олардың ұсынылмау себептерінің түсініктемесін ұсынбаса не ұсынылған мәліметтер тауарларды сыныптау жөніндегі шешімді қабылдау үшін негіздерді жоймаса, кеден органы өзінде бар ақпараттың негізінде тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдайды.
      Кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тауарлар шығарылған күннен бастап күнтізбелік қырық күннен кем болмауға тиіс.
      11. Декларант кеден органының тауарларды сыныптау жөнiндегi шешiмiмен келiскен жағдайда, декларант кедендiк декларацияда мәлiмделген мәлiметтердi осы Кодекстiң 289-бабына сәйкес өзгертуге немесе толықтыруға тиiс.
      Декларант Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кедендік декларацияға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізбеген жағдайда, кедендік декларацияға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуді және төленуге жататын кедендік төлемдер мен салықтарды қайта есептеуді кеден органы жүзеге асырды.»;
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      «16-1. Кеден органы тауарлар шығарылғаннан кейін қабылдаған тауарларды сыныптау жөніндегі шешім:
      1) ұсынылған қосымша құжаттардың негізінде не осы Кодекстің 78-бабының 10-тармағына сәйкес мұндай құжаттарды ұсынбаған кезде – осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей;
      2) кедендік тексеру шеңберінде – кедендік тексеру актісімен бір мезгілде декларантқа жіберіледі.»;
      12) 82-бапта:
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның немесе кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң алдын ала шешiмдi өзгерту туралы шешiмi қабылданған күнінен бастап күшiне енедi.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Мынадай:
      1) Комиссия тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау бойынша шешімдер мен түсіндірмелерді қабылдаған;
      2) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері қабылдаған алдын ала шешімдерде жол берілген қателерді кеден ісі саласындағы уәкілетті орган анықтаған жағдайларда, алдын ала шешімді өзгерту туралы шешім қабылданған күн кедендік баждар мен салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.»;
      13) 109-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «109-бап. Тауарлардың кедендiк құнын бақылау
      Тауарлардың кедендiк құнын бақылауды кеден органы тауарлар шығарылғанға дейiн де, шығарылғаннан кейiн де кедендiк бақылауды жүргiзу шеңберiнде жүзеге асырады.
      Тауарлар шығарылғанға дейін тауарлардың кедендік құнын бақылау тәуекелдерді басқару жүйесі анықтаған жағдайларда жүзеге асырылады.
      Оларға қатысты кеден органы кедендік құны бойынша шешім қабылдаған тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік құнды бақылау осы Кодекстің 21 және 24-тарауларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру тәртібі Комиссияның шешімімен белгіленеді.»;
      14) 121-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Кедендік төлемдерді және салықтарды салудан босатуды ұсыну мақсатында кеден органдары Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарының бірлескен актілерінде айқындалатын тәртіппен өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.»;
      15) 131-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері осы Кодекстің 78, 82, 130, 253, 258, 270, 298, 315, 318, 331, 332, 341, 354, 365, 378, 387, 394, 404, 456 және 472-баптарында белгіленген.»;
      16) 138-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Төлеушiлер кедендiк баждарды, салықтарды және өсімпұлды төлеудi екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргiзедi. Кедендiк баждарды, салықтар мен өсiмпұлды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеушi кеден органы тiркелген жердегi салық органының (бұдан әрi – бенефициар салық органы) деректемелерiн көрсетедi.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында реттелмеген кедендiк әкету баждарын және өсімпұлды төлеу жөнiндегi мiндеттердi орындау тәртiбi, нысаны, төлеу талаптары, сәтi осы Кодексте белгiленедi.»;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Кодекстің 131-бабының 5-тармағында көзделген кедендік баждар мен салықтарды төлеу мерзімдері бұзылған кезде кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу осы Кодекстің 158-бабына сәйкес кедендік баждар мен салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл есептеле отырып жүргізіледі.»;
      17) 142-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеден органы өтініш берілген күнге кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша тоқтатылмаған міндеттемелерді көрсете отырып, кедендік төлемдер мен салықтардың есебін жүргізу деректері бойынша кедендік төлемдер мен салықтар жөніндегі берешектiң жоқ екендігі (бар екендiгi) туралы анықтаманы жасайды.»;
      18) 143-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, кедендiк баждарды төлеу мерзiмдерiн өзгерту;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) мерзiмдiк кедендiк декларациялауды уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жүзеге асыруын қоспағанда, мерзiмдiк кедендiк декларациялау;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) кедендiк тасымалдаушы және (немесе) кеден өкiлi ретiнде қызметтi жүзеге асыру;»;
      11) тармақшадағы «жүзеге асыру жағдайларында қамтамасыз етіледі.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12) осы Кодекстің 298-бабына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару;
      13) тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмаған кезде не ұсынылған құжаттар тиісті түрде ресімделмеген және (немесе) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес дәйексіз мәліметтерді қамтитын белгілері анықталған;
      14) осы Кодекстің 78-бабының 9-тармағына сәйкес тауарларды жіктеу үшін қосымша құжаттарға сұрау салу жағдайларында қамтамасыз етiледi.»;
      19) 144-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Төлеуші, сақтандыру шартын қоспағанда, уәкілетті экономикалық операторлар үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін басты қамтамасыз ету ретінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуінің кез келген тәсілін таңдауға құқылы.»;
      20) 147-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті экономикалық операторлар үшін, сақтандыру шартымен қамтамасыз етілген кепілгерлік шарты кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ретінде қолданылмайды.»;
      21) 154-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомасының болуына растау беруден бас тартқан жағдайда кеден органы қажетті құжаттардың тізбесін көрсете отырып, мұндай бас тартудың себептері туралы көрсетеді.»;
      22) 157-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Ортақ міндет болған кезде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу шараларын қолданғанда, кеден органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген ортақ міндет болған кездегі кредитордың құқықтарын пайдаланады.
      Кеден органдары Кеден одағының кеден заңнамасына және осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу жөніндегі ортақ міндеті туындаған адамдарға қатысты осы баптың 3-тармағында көзделген тәртіппен берешекті өндіріп алу шараларын қолданады.»;
      23) 159-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кедендік бақылау нәтижелері бойынша кедендік төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама:
      1) төлеушіге көшпелі кедендiк тексеру актiсi тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей;
      2) осы Кодекстің 221-1-бабының 13-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылуын жүзеге асырған кеден органы кедендiк тексеру актiсiнің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей;
      3) осы Кодекстің 221-1-бабының 12-тармағына сәйкес камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей;
      4) кеден органы төлеушiнiң жеке шотында кедендiк төлемдерді, салықтарды және өсiмпұлдарды төлеу бойынша берешектi анықтаған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей төлеушiге жiберiледi.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Декларанттың және кеден өкілінің осы Кодекстің 30-бабында көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндеті кезінде, кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама бұл туралы аталған хабарламаларда көрсетіле отырып, декларантқа және кеден өкіліне бір мезгілде шығарылады.»;
      24) 160-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама шығарылған кезде, төлеуші бұзушылықты жою туралы хабарламаны орындамаған жағдайда, кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны орындау мерзімі осындай хабарлама берілген күннен кейінгі күннен басталады.»;
      25) 162-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кеден органы осындай өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде жібереді. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органы өкімі электрондық түрде жіберілген кезде мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген форматта қалыптастырылады.»;
      26) 165-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кеден органы инкассолық өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде жібереді. Инкассолық өкімді электрондық түрде жіберген кезде мұндай инкассалық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген форматта қалыптастырылады.»;
      27) 174-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес кедендік тексеру нәтижелері бойынша шығарылған берешекті өтеу туралы хабарламаға шағымды (бұдан әрі–шағым) қарауды жоғары тұрған кеден органы жүргізеді.»;
      28) 175-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шағым хабарлама тапсырылған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде жоғары тұрған кеден органына берiледi.
      Шағымды тiркеу оны жоғары тұрған кеден органы қабылдаған күнi жүзеге асырылады.»;
      29) 177, 178 және 179-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «177-бап. Шағымды қараудан бас тарту
      1. Жоғары тұрған кеден органы:
      1) шағым осы Кодекстің 175-бабында белгіленген шағымдану мерзімі бұзыла отырып берілген;
      2) шағымның нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 176-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
      3) осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілмеген тұлға шағым берген жағдайда шағымды қараудан бас тартады.
      2. Жоғары тұрған кеден органы шағымды қараудан бас тарту туралы шағым тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi шегінде шағымды берген тұлғаға жазбаша нысанда хабарлайды.
      3. Жоғары тұрған кеден органының шағымды қараудан бас тартуы тұлғаны осы Кодекстiң 175-бабында белгiленген мерзiм iшiнде шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.
      178-бап. Шағымды қарау тәртібі
      1. Жоғары тұрған кеден органдары шағым бойынша осы баптың
2-тармағында және 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген шағым тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей шешiм қабылдайды.
      2. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 180-бабында айқындалған тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.
      3. Егер кедендiк бақылау барысында табыс етiлмеген құжаттар шағымға қоса берiлген жағдайда, жоғары тұрған кеден органы мұндай құжаттарды қарайды.
      4. Жоғары тұрған кеден органы шағымды қарау кезiнде:
      1) шағым берген адамға және (немесе) кеден органына шағымда жазылған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты не түсіндірмелерді жазбаша нысанда беру туралы сұрау салуды жіберуге;
      2) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салуды жіберуге;
      3) кедендік бақылауды жүргізуге қатысқан кеден органдарының лауазымды адамдарынан туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер сұратуға құқылы.
      5. Жоғары тұрған кеден органының шағымды қарау бойынша өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде оның қызметiне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар лауазымды адамдарға қандай да бiр ықпал етуге тыйым салынады.
      179-бап. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiм қабылдау
      1. Жоғары тұрған кеден органы шағымды мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң, жазбаша нысанда шешiм қабылдайды және оны шағымды берген тұлғаға жiбередi немесе тапсырады. Жоғары тұрған кеден органы берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органына шағым бойынша шешімнің көшірмесін жібереді.
      2. Шағымды қарау қорытындылары бойынша жоғары тұрған кеден органы мынадай:
      1) берешектi өтеу туралы шағым жасалған хабарламаны өзгерiссiз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;
      2) берешектi өтеу туралы шағым жасалған хабарламаның толық немесе бiр бөлiгiнiң күшiн жою шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
      3. Берешектi өтеу туралы шағым жасалған хабарламаның күшi толық жойылған жағдайда хабарламаны шығарған кеден органы жоғары тұрған кеден органының шешiмiн алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде берешектi өтеу туралы хабарламаны керi қайтарып алады.
      Шағым жасалған берешектi өтеу туралы хабарламаның бiр бөлiгiнiң күшi жойылған жағдайда берешектi өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органы берешектi өтеу туралы хабарламаны керi қайтарып алады, берешектi өтеу туралы жаңа хабарлама шығарады және оны жоғары тұрған кеден органының шешiмiн алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей шағымды берген тұлғаға жiбередi.»;
      30) 180-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жоғары тұрған кеден органы шағымды қарау мерзiмiнiң тоқтатыла тұратыны туралы, көрсетілген мерзімді тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, шағымды берген тұлғаға жазбаша түрде хабарлайды.»;
      31) 181-бапта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шағымды қарау нәтижелерi бойынша жоғары тұрған кеден органдарының шешiмiнде:»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) шағым жасалатын хабарламаның қысқаша мазмұны;»;
      32) 182-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «182-бап. Кеден органына және (немесе) сотқа шағым берудің салдары
      1. Жоғары тұрған кеден органына және (немесе) сотқа шағым беру берешектi өтеу туралы хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
      2. Жоғары тұрған кеден органына шағым берiлген кезде берешектi өтеу туралы хабарламаның шағым жасалған бөлiгiнде орындалуы кеден органының жазбаша шешiмi шыққанға дейiн және осы Кодекстiң 180-бабында көрсетiлген кезең өткенге дейiн тоқтатыла тұрады.
      Сотқа шағым берілген жағдайда берешекті өтеу туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы соттың шешімі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;
      33) 220-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Камералдық кедендiк тексеру тексерiлетiн тұлға табыс еткен кедендiк декларацияларда, коммерциялық, көлiктiк (тасымалдау) және өзге де құжаттарда қамтылған мәлiметтердi, бақылаушы мемлекеттiк органдардың мәлiметтерiн, сондай-ақ аталған тұлғалардың қызметi туралы кеден органдарында бар басқа да құжаттар мен мәлiметтердi зерделеу және талдау арқылы, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «3-1. Камералдық кедендік тексеру жүргізу барысында кеден органы электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсыну бойынша талапты тексерілетін тұлғаға жібереді.
      Электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсыну мерзімі талап тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде, құжаттарды ұсыну мерзімі тұлғаның дәлелді сұрау салуы бойынша бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.»;
      «5. Кеден органдары камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік декларацияда бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін тұлғаға оларды өз бетінше жою құқығы беріледі.
      6. Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою деп бұзушылықтарды жою туралы хабарламада қамтылған талаптарды, оның ішінде тексерілетін тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, қажет болған кезде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасын өтеу жөніндегі төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып, кедендік декларацияны және (немесе) кедендік декларациялардың кедендік құнын түзетуді ұсынуы арқылы орындау танылады.
      Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, тексерілетін тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осындай хабарламаға шағымдана алады.
      7. Осы Кодекстің 221-1-бабының 13-тармағында белгіленген мерзімде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамау кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап осы Кодекстің 18-тарауына сәйкес өндіріп алу шараларын қабылдай отырып, осы Кодекстің 159-бабына сәйкес кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама шығаруға әкеп соғады.»;
      34) 221-бапта:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көшпелі кедендік тексеру кедендік бақылаудың өзге де нысандарын қолдану нәтижелері бойынша, сондай-ақ камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша, оның ішінде тексерілетін тұлғаның бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамаған жағдайда тағайындалуы мүмкін.»;
      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеден органдары уәкiлеттi экономикалық операторларға қатысты жоспарлы көшпелi кедендiк тексерулердi үш жылда бір реттен артық жүргізбейді.»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Хабарламада жоспарлы көшпелі кедендік тексеру мерзімі, күні, жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі (тексерілетін кезеңге қатысы бар құжаттар және есеп жазбалары), көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде тексерілетін тұлғалардың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі.»;
      17-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымға көшпелі кедендік тексеру мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ оның жүргізілуін тоқтата тұру туралы тиісті жазбалар енгізіледі, бұл туралы ұйғарымның көшірмесі қоса беріле отырып, тексерілетін тұлға хабардар етіледі.
      Тексеретін лауазымды адамдардың құрамы, сондай-ақ көшпелі кедендік тексерудің кезеңі өзгерген жағдайда, негізгі ұйғарымның тіркеу нөмірі мен күні көрсетілетін көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымға қосымша ресімделеді.»;
      35) 221-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «221-1-бап. Кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау
      1. Кедендік тексеру нәтижелері кедендік тексеру актісімен:
      1) камералдық кедендік тексеру жүргізген кезде камералдық кедендік тексеру актісімен;
      2) көшпелі кедендік тексеру жүргізген кезде көшпелі кедендік тексеру актісімен ресімделеді.
      Кедендік тексеру актілерінің нысандарын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      2. Кедендік тексеру актісінде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
      1) кедендік тексеру актісінің тіркеу нөмірі, оны жасау орны мен күні;
      2) тексеру жүргізу орны;
      3) тексеру жүргізген кеден органының атауы;
      4) кедендік тексеруді тағайындау және (немесе) жүргізу негізі;
      5) кедендік тексеру нысаны (камералдық, жоспарлы көшпелі, жоспардан тыс көшпелі);
      6) кеден органының тексеру жүргізген лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
      7) тексерілетін тұлғаның атауы (тегі, аты, әкесінің аты), тексерілетін тұлғаның орналасқан жері және қызметін іс жүзінде жүзеге асыру орны туралы мәліметтер, оның сәйкестендіру нөмірлері;
      8) тексерілетін тұлғаның банк шоттарының деректемелері;
      9) тексерілетін тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
      10) тексерілетін тұлғаның кедендік және қаржылық есептілігін жүргізуге, кеден органдары алатын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
      11) кедендік тексеру жүргізуге мамандар ретінде тартылған басқа бақылаушы органдардың лауазымды адамдарының тегі, аты және әкесінің аты, олардың лауазымдары;
      12) кедендік тексеру басталған және аяқталған күн (кедендік тексеруді өткізу тоқтатыла тұрған және (немесе) өткізу мерзімдері ұзартылған жағдайда олардың кезеңдері көрсетіледі);
      13) тексерілетін кезең;
      14) тексерілген, оның ішінде тексерілетін тұлға ұсынған құжаттар туралы мәліметтер;
      15) кедендік тексеру барысында кедендік бақылаудың өзге нысандарын пайдалану туралы мәліметтер;
      16) алдыңғы тексеру және бұрын анықталған Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының бұзылуын жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер;
      17) талаптары бұзылған нормативтік құқықтық актілердің тиісті ережелеріне сілтеме жасай отырып, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының бұзылуын туралы куәландыратын анықталған фактілерді егжей-тегжейлі сипаттау не олардың жоқ екендігі туралы мәліметтер;
      18) кедендік тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдар көрсетілуге тиіс.
      3. Камералдық кедендік тексеру актісін жасаған кезде осы баптың
2-тармағының 9), 10), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер толтырылмайды.
      4. Кедендік тексерудің нәтижелері бойынша ресімделген, екі данада жасалатын және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын кедендік тексеру актісі жасалған күн кедендік тексеру аяқталған күн болып есептеледі.
      Көшпелі кедендік тексеру актісін кедендік тексеруді жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітеді.
      Кедендік тексеру актісінің бірінші данасы кедендік тексерудің материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы есептері қоса беріле отырып, кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тексерілген тұлғаға тапсырылады немесе тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтілімі арқылы жіберіледі.
      5. Егер кедендік тексеру аяқталған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы анықталмаса, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
      6. Кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есептеулер және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
      7. Кедендік тексеру актісі нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекітілуге жататын кедендік тексеру актілерін тіркеудің арнайы журналында тіркеледі.
      8. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
      9. Кедендік тексеру жүргізу кезінде оның нәтижелері бойынша Кеден одағының кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы анықталған кезде:
      1) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
      2) көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы талап;
      3) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама шығарылады.
      Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайларда, тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 220-бабында көзделген тәртіпке сәйкес камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшін ресімделеді.
      Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер етпеген бұзушылықтар анықталған жағдайларда, бұзушылықтарды жою туралы талап қойылады.
      Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер еткен бұзушылықтар анықталған жағдайларда, сондай-ақ камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер еткен бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамаған кезде шығарылады.
      10. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органынан басқа кеден органында шығарылған кедендік декларацияларына қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде кедендік тексеру актісінің көшірмесі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімдеуді жүргізген кеден органына жолдауға жатады.
      11. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама тексерілетін адамға осы Кодекстің 159 және 160-баптарында көзделген тәртіппен жіберіледі және тапсырылады.
      12. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама және бұзушылықтарды жою туралы талап тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру актісімен бір уақытта тапсырылады немесе жіберіледі.
      Өзге кеден органы көшпелі кедендік тексеруді жүргізген жағдайда, ресімдеуді жүргізген кеден органы бұзушылықтарды жою туралы талапты тексерілетін тұлғаға кеден органы кедендік тексеру актісінің көшірмесін алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырады немесе жолдайды.
      13. Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны және көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы талапты орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға осындай хабарлама немесе талап тапсырылған күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
      14. Тексерілетін тұлға осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімде кедендік тексеру нәтижелеріне шағымдануға құқылы.»;
      36) 242-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығу өткізу бойынша акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарларды, тірі жануарларды, радиоактивті материалдарды, жарылғыш заттарды, халықаралық почта жөнелтілімдерін, экспресс-жүктерді, гуманитарлық және техникалық көмекті, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдарды және осындай басқа да тауарларды және уәкілетті экономикалық операторлар әкелетін тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және осы аумақтан әкету кезінде кедендік декларацияны беру алдындағы кедендік операциялар бірінші кезекте жүргізіледі.»;
      37) 276-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсіммен орналастырудың бірінші кезектегі тәртібі Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы уәкілетті экономикалық операторлар өткізетін тауарларға да қатысты қолданылады.»;
      38) 286-бап мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-2) кеден органы талабының негізінде тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау кезінде электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды қағаз түрінде кеден органына беруге;»;
      39) 287-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «287-бап. Декларанттың жауапкершілігі
      Декларант осы Кодекстің 286-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, кедендік декларацияда көрсетілген анық емес мәліметтерді мәлімдегені үшін, сондай-ақ кеден өкіліне көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді және (немесе) қолдан жасалған құжаттарды ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
      40) 298-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді табыс еткен жағдайда кедендік декларацияны берген кезге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      41) 319-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Теңiз көлiгiмен өткiзiлетiн тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Кеден одағына мүше бiр ғана мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлетiн тауарларды тасымалдау кезiнде кедендiк транзиттiң ерекшеліктерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      42) 464-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жеке пайдалануға арналған тауарлардың сипаты мен санын, жеке тұлғаның кедендік шекараны кесіп өту және (немесе) оның тауарлар өткізу жиілігін, Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында реттелмеген бөлігінде, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      43) 467-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) кез келген тәсілмен өткізілетін, оның ішінде құны және (немесе) саны мұндай тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында белгіленген, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босатылатын өткізу нормаларынан асатын, уақытша әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;».
      2. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар;».
      2-бап. Өтпелі ережелер
      Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық операторлар өз қызметін осы Заң қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай ішінде оған сәйкестікке келтіруге міндетті.
      3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады