Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 592 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2014 жылғы 28 маусымдағы
№ 726 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 639-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кәсіптік бағдарлауды халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз топтары, орта білім беру ұйымдарының 9, 11-сыныптарының оқушылары арасында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады.»;
      44-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында Бағдарлама операторы бекіткен нысандар бойынша жұмысқа орналастыруға және кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетусіз жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы әлеуметтік келісімшарттар жасалады.»;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысының мөлшері экологиялық үстемеақылар төлемдерін есепке алмағанда, айына 18 АЕК (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.».
      2. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 640-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
      28-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында (әр өңірде бір тірек ауылдан) пилотты режимде әзірленген тірек ауылдарды дамытудың мастер-жоспарларын қаржыландыруға арналған қаражат жеткізілген лимиттердің жалпы сомасының 10 пайызынан аспайтын мөлшерде қосымша жоспарланады.
      Тірек ауылдарды дамытуды қаржыландыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бөлінген қаражатты өңірлер арасында бөлу бекітілген тірек ауылдарды дамытудың мастер-жоспарларының негізінде тиісті республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтінімі бойынша ВАК шешімінің негізінде жүзеге асырылады.».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады