2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.11.2014 № 1174 қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылы 30 маусымдағы
№ 744 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық
автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi,
      2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 19-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 5-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап
      «1. Автокөлiк құралдарымен жүктердi тасымалдау рұқсат болмаса да:
      1) екi Тарап мемлекеттерiнiң арасында;
      2) екi Тарап мемлекеттерiнiң аумақтары бойынша транзит арқылы жүзеге асырылады.
      2. Уақытша (транзиттiк) тiркеу нөмiрлерi бар, айырым белгілерінсіз бос автокөлiк құралдарын межелi жерге айдап бару кезiнде де рұқсат талап етiлмейдi.».
      3. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағынан үшiншi елдiң аумағына және үшiншi елдiң аумағынан екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына жүктерді тасымалдау екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органынан алынған рұқсат негiзiнде орындалады.
      Егер екі Тарап та қатысушысы болып табылатын өзге халықаралық шарттарда жүктерді үшінші ел аумағына/аумағынан екінші Тарап аумағына тасымалдауды жүзеге асырудың өзге тәртібі белгіленсе, онда мұндай тасымалдаулар осы халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.».

2-бап

      Келісімнің 10-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жүргiзушiлерде өздерi басқаратын автокөлiк құралдарының санатына сәйкес келетiн ұлттық немесе халықаралық жүргiзушi куәлiктерi және автокөлiк құралына ұлттық тiркеу құжаттары болуға тиiс.
      Уақытша (транзиттiк) тiркеу нөмiрлерi бар, айырым белгілерінсіз бос автокөлiк құралдарын межелі жерге айдап бару жағдайында жүргізушілерде осы автокөлік құралдарына арналған уақытша тіркеу құжаттары болуға тиіс.».

3-бап

      Осы Хаттама оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшiне енедi.
      20__ жылғы «___» ___________ _______________ қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

      Қазақстан Республикасының                Қырғыз Республикасының
            Үкіметі үшін                           Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады