Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Ұлттық қорғаныс университеті" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 754 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Ұлттық қорғаныс университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) республикалық мемлекеттік мекемені әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 357 қаулысымен.
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 755 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.06.2022 № 357 қаулыларымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады