«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына Баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің төрағалық етуімен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2014 жылғы 22 сәуірдедегі № 16 хаттамасының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.
Этникалық коші-қон саласында Мемлекет басшысы қолдаған жаңа тәсілдерді іске асыру шеңберінде оралмандарды қоныстандыру өңірлерін кеңейту аталған қаулыны әзірлеудің негізгі мақсаты болып табылады.
Қаулы қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігіне кіретін барлық облыстар оралмандарды қоныстандыру өңірлері болады.
Қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.