Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 803 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1364 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1364 қаулысымен.

      «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы мен саясатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан шолуға ақы төлеуге 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 28 255 600 (жиырма сегіз миллион екі жүз елу бес мың алты жүз) теңге сомасында ақша қаражаты бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады