"2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 шілдедегі № 823 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «III. Нысаналы даму трансферттері» деген бөлімде:
      «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген 7-функционалдық топта:
      214 «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» деген әкімші бойынша:
      033 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      «Қарағанды облысы» деген жолдағы «3338089» деген сандар «3543711» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қостанай облысы» деген жолдағы «2144117» деген сандар «2328643» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қызылорда облысы» деген жолдағы «1493255» деген сандар «1826271» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Өзгелер» деген жолдағы «723164» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады