Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер Министрі К. Мәсімов
2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының
жылы деп жариялау туралы
Елдегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын өткізу тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша бекітсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы « »
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен
Қазақстан Республикасы Конституциясының
20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі
мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып табылады. Мемлекеттік комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеттері
4. Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеттері 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын дайындау және ұйымдастыру болып табылады.
5. Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеп, Мемлекет басшысының қарауына енгізу;
2) Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылуына мониторинг жүргізу бойынша Мемлекет басшысына ұсыныстар енгізу;
3) мемлекеттік органдарға Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
3. Мемлекеттік комиссияның өкілеттіктері
6. Мемлекеттік комиссия өз құзыры шегінде:
1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) Мемлекеттік комиссия отырыстарында комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
3) Мемлекеттік комиссия құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында жұмыс топтарын құруға;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
4. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
8. Мемлекеттік комиссияның отырыстары Мемлекеттік комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады.
9. Мемлекеттік комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
10. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссия мүшесі болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
11. Мемлекеттік комиссияның төрағасы:
1) Мемлекеттік комиссияның қызметін басқарады және оның отырыстарына төрағалық етеді;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне Мемлекеттік комиссия атқарған жұмыс туралы ақпарат береді;
3) күн тәртібін айқындайды және Мемлекеттік комиссия отырыстарының хаттамасына қол қояды.
12. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төраға белгілеген орынбасар атқарады.
13. Мемлекеттік комиссияның хатшысы:
1) Мемлекеттік комиссияның мүшелеріне отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды;
2) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
3) Мемлекеттік комиссия отырыстарының хаттамасын ресімдейді;
4) Мемлекеттік комиссия төрағасына қабылданған шешімдерді орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған есепті ұсынады;
5) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.
14. Мемлекеттік комиссиясының хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
15. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы:
1) Мемлекеттік комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2) Мемлекеттік комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;
3) Мемлекеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
16. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар Мемлекеттік комиссияға жүктелген міндеттерін орындауда оған жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы « »
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен
Қазақстан Республикасы Конституциясының
20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі
мемлекеттік комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Комиссияның төрағасы;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының саяси мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары;
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Комиссия төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі, Комиссияның хатшысы;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы;
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы;
Алматы қаласының әкімі;
Астана қаласының әкімі;
Ақмола облысының әкімі;
Ақтөбе облысының әкімі;
Алматы облысының әкімі;
Атырау облысының әкімі;
Шығыс Қазақстан облысының әкімі;
Жамбыл облысының әкімі;
Батыс Қазақстан облысының әкімі;
Қарағанды облысының әкімі;
Қостанай облысының әкімі;
Қызылорда облысының әкімі;
Маңғыстау облысының әкімі;
Павлодар облысының әкімі;
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі;
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша);
Қазақстан коммунистік халықтық партиясы орталық комитетінің хатшысы (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры;
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры;
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Карело-фин этномәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
«Қазақстандағы «Возрождение» неміс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
«Қазақстандағы «Барбанг» күрттер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры;
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры;
«Қазақстандағы «Ахыска» түрік қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
Қазақстан Ардагерлерінің орталық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
«Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша);
Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы (келісім бойынша);
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасындағы орыс Православ шіркеуі Митрополичье округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр (келісім бойынша);
митрополит, Астанадағы қасиетті Мария Рим-католик архиепархиясының архиепископы (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының бас раввині (келісім бойынша).