РҚАО-ның ескертпесі!
Хаттама ағылшын тілінде берілген.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа 2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 841 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама
2004 жылғы 16 қарашадағы, 2008 жылғы 24 маусымдағы және 2011 жылғы 9 қыркүйектегіөзгерістер мен толықтырулармен бірге 2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) Тараптары болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Үкімет» деп аталатын) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі «Банк» деп аталатын) Үкіметтің экономикалық және секторлық зерттеулер жүргізудегі әлеуетін қалыптастыру және нығайту мақсатында төмендегілер туралы келісті:
1. Келісімнің 5-бөлімінің (б) тармақшасы мынадай мазмұндағы (iv) тармақшамен толықтырылсын:
«(iv) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімнің 3.2-тармағына сәйкес Банктің Үкіметке техникалық және консультациялық қызметтер көрсетуі күтілетін осындай жылдың ішінде өткізілетін немесе жалғасатын БЭЗБ шеңберіндегі әртүрлі зерттеулер мен басқа да тиісті іс-шаралар.».
2. Келісімнің 5-бөлімі (б) тармағының (iii) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«(iii) Үкімет өтеуге тиіс сома.».
3. Келісімнің 6-бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бөлім. Үкімет БЭЗБ жұмыс кезеңінде, яғни 2014 жылғы 1 шілдеден бастап 2015 жылғы 30 маусым аралығында жалпы құнының жүз пайызын (100 %) қаржыландырады.
Yкiмет Жыл сайынғы бағдарламаның құнынан асып түсетiн соманы аударуға құқылы. Бұл ретте қаржы жылының қорытындылары бойынша көрсетілген артық сома келесі жыл сайынғы бағдарлама есебiне есептеледi.».
4. Келісімнің 8-бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бөлім. Үкімет Банкке қаржыландыру сомасын уақтылы ұсыну үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.».
5.
Келісімнің 20-бөліміндегі «2014 жылғы 10 шілде» деген күн «2015 жылғы 10 шілде» деген сөздермен ауыстырылсын.
Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Келісімнің 20-бөлімінде көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2014 жылғы «___» шілдеде Астанада екі төлнұсқа данада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды, бұл ретте барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Халықаралық Қайта Құру және
Үкіметі үшін Даму Банкі үшін
_________________________ ______________________________
Бақыт Сұлтанов Шебнем Аккая
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасындағы
Премьер-Министрінің Тұрақты өкіл
орынбасары – Қазақстан
Республикасының Қаржы
министрі