Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағымсыз табиғи құбылыстар салдарынан болған әлеуметтiк-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ауғанстан Ислам Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ізгілік жүкті Ауғанстан Ислам Республикасына межелі пунктіне дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы, Көлік және коммуникация министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi ресми iзгiлiк көмектi алушыны айқындасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 849 қаулысына
қосымша
Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету
үшін шығарылатын материалдық құндылықтардың тізбесі
(Джаузджан провинциясы)
р/с |
Материалдық құндылықтардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Сүт консервілері |
ф.б. |
274352 |
2 |
Макарон өнімдері |
кг. |
167994 |
3 |
Өсімдік майы |
л. |
21000 |
4 |
Жылы шалбар |
дана |
4755 |
5 |
Жылы куртка |
дана |
4755 |
Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету
үшін шығарылатын материалдық құндылықтардың тізбесі
(Бадахшан провинциясы)
р/с |
Материалдық құндылықтардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Сүт консервілері |
ф.б. |
130000 |
2 |
Макарон өнімдері |
кг. |
71997 |
3 |
Өсімдік майы |
л. |
21000 |
4 |
Жылы шалбар |
дана |
2037 |
5 |
Жылы куртка |
дана |
2037 |