"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 855 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі қаулысына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі қаулысы «Еңбек ардагері» (Ветеран труда) медалін бекітуді қарастырады.
      Аталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын құру идеясы шеңберінде қоғамда еңбек адамының беделін өсіру, өнімді еңбекті ынталандыру, жұмысшы кәсіптерін насихаттау және жастарды өндіріс саласына тарту, жұмысшы әулеттердің көп жылғы дәстүрлерін нығайту мақсатында қабылданды.
      «Еңбек ардагері» (Ветеран труда) медалі 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар марапатталуға арналған нақты салаға байланысты емес бірыңғай ведомстволық награда болып табылады.
      «Еңбек ардагері» медалі эскизін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайымен әзірленді және «Еңбек ардагері» медалі диаметрі 34 мм болатын шеңбер нысанындағы латуньнан дайындалуды қарастырады. Фоны жылтырақ, медальдің бет жағында шеңбердің жоғарғы бөлігінде күн сәулесімен жиектелген шаңырақ орналасқан. Шеңбердің шетінде үстінде «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» деген жазу, астында лавр бұтақтары орналасқан. Медальдің фоны жылтырақ, әріптер мен бейнелер шығыңқы, күңгірттелген.
      Медальдің сыртқы жағында ортада «ИГІЛІК АБЫРОЙ ДАҢҚ» деген жазу орналасқан.
      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм көгілдір түсті жолақтары бар сұр түсті қатқыл лентамен қапталған алты бұрышты тағанмен жалғанады. Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз