Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақы төлеу қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 858 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 226 бұйрығын қараңыз.


      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 36) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 858 қаулысымен   
бекітілген      

Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының
сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары

      1. Осы Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемақылар төлеу қағидалары республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының (бұдан әрі – құтқарушылар) сыныптылығына үстемеақылар төлеу тәртібін айқындайды.
      2. Аттестаттау барысында сыныптылық берілген, сондай-ақ қайта аттестаттау барысында оны растаған құтқарушыларға, базалық лауазымдық жалақыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде үстемақы төленеді.
      3. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының сыныптық біліктілік беру туралы бұйрығының негізінде жүргізіледі.
      4. Құтқарушыларға сыныптылығына үстемеақылар төлеу сәйкес жылға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады