"Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 867 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 30, 397-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларында:
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеріп-қарау – рейс басталар алдында 30 минут бұрын және рейс аяқталғаннан кейінгі 30 минуттың ішінде.»;
      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
      «25-1. Рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеріп-қарау – жеке тұлғада аурудың бар немесе жоқ екенін анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын анықтау, сондай-ақ механикалық көлік құралдарын жүргізушілердің алкогольдік мас күйін және есірткі заттарын тұтынуын рейс басталар алдында және рейс аяқталғаннан кейін анықтау. Көлік құралдарын жүргізушілерді рейс алдындағы және рейстен кейінгі міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесінде:
      «Ауысым алдында медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптер тізімі» деген 3-бөлімдегі реттік нөмірі 7-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:
      «3.1. Рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеріп-қарауды талап ететін кәсіптердің тізімі»

Кәсіп

Тексеріп-қарау кезеңділігі

1

2

3

1

тұрақты және тұрақты емес жолаушылар, қол жүктерінің, жүктердің, оның ішінде қауіпті жүктердің тасымалы бағдарларында жұмыс істейтін көлік құралдарының жүргізушілері

рейс басталар алдында 30 минут бұрын және рейс аяқталғаннан кейінгі 30 минуттың ішінде

                                                                   ».
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады