Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 70 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 337-құжат);
2) «Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 70 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 756 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, 756-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 876 қаулысымен
бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері
өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының
орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
2) жеткізу айы – ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерден электр энергиясын іс жүзінде жеткізудің тиісті айдың бірінші күнінен басталатын күнтізбелік айы;
3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ЖЭК пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) тіркелген тариф – ЖЭК пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;
5) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын сатып алу шарты (бұдан әрі – сатып алу шарты) – сатып алушы ретінде әрекет ететін қаржы-есеп айырысу орталығы мен сатушы ретінде әрекет ететін энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын сатып алу-сатудың үлгі шарты;
6) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын сату шарты (бұдан әрі – сату шарты) – сатушы ретінде әрекет ететін қаржы-есеп айырысу орталығы мен сатып алушы ретінде әрекет ететін шартты тұтынушы арасында жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электрэнергиясын сатып алу-сатудың үлгі шарты;
7) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар):
көмірді, газды, мұнай өнімдерімен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;
жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидро электрстанциялары;
8) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;
9) гидроэлектр станциясының гидроторабы (бұдан әрі – гидроторап) – гидроэлектр станциясының гидротехникалық құрылыстарының орналасуына және жұмыс мақсатына қарай біріктірілген, ЖЭК пайдалану бойынша дербес объект ретінде жұмыс істей алатын кешені;
10) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi (бұдан әрі – ЖЭК пайдалану жөніндегі объект) – жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
11) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (өтініш беруші) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің бір бөлігі;
14) техникалық-экономикалық негіздемедегі тариф (бұдан әрі – ТЭН-дегі тариф) – ЖЭК пайдалануды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объект салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген деңгейден аспайтын электр энергиясын босату бағасы.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
4. Осы Қағидалардың ережелері мыналарға қолданылмайды:
1) пайдалану мерзімі ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылғы 21 шілдеге дейін бекіткен және онымен келісілген ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген өзін-өзі ақтау мерзімінен асып кеткен, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бар энергия өндіруші ұйымдар;
2) жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар және (немесе) реттеудің тәуліктік көлемінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектр станциялары.
Гидроэлектр станциясының су қоймасының сыйымдылығы су қоймасына құйылатын өзен ағысының есептік қамтамасыз етілуінің тәуліктік көлемінен асып түсетін болса, ол реттеудің тәуліктік көлемінен астам көлемді қамтамасыз етеді деп есептеледі.
5. Электр энергиясының ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерден теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы жүзеге асырады.
6. ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер мынадай түрлерге жіктеледі:
1) ЖЭК пайдалану жөніндегі жаңадан енгізілетін (жаңа) объектілер – 2013 жылғы 21 шілдеге дейін ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекітпеген және онымен келісілмеген, 2013 жылғы 21 шілдеден кейін пайдалануға берілетін ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер;
2) ЖЭК пайдалану жөніндегі жұмыс істеп тұрған объектілер – 2013 жылғы 21 шілдеге дейін пайдалануға берілген, өңірлік электр желісі компанияларымен және (немесе) жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бар, ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылғы 21 шілдеге дейін бекіткен және онымен келісілген объектілер;
3) ТЭН бар ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер – 2013 жылғы 21 шілдеден кейін пайдалануға берілген және ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылғы 21 шілдеге дейін бекіткен және онымен келісілген ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер;
4) ЖЭК пайдалану жөніндегі қайта жаңартылған объектілер – қайта жаңартылатын объектідегі жаңадан енгізілетін жабдық құнының осы объектіні қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар басталған кездегі қайта жаңартылатын объектінің аудиторлық ұйым растаған теңгерімдік құнының кемінде елу пайызын құрауы шартымен жұмыс істеп тұрған негізгі өндіруші жабдықты ауыстыра отырып, 2013 жылғы 21 шілдеден кейін қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер.
2. ЖЭК пайдалану жөніндегі жаңадан енгізілетін объектілерде
өндірілген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының
орталықтандырылған сатып алу тәртібі
7. Қаржы-есеп айырысу орталығы және ЖЭК пайдалану жөніндегі тиісті объект уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ЖЭК объектілерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) қосылған күннен ерте емес және электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына сатып алу шартын жасасуға өтінім береді.
8. Қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасу үшін Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын өтініш беруші мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу шартын жасасуға арналған өтінім;
2) жарғының көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;
3) өтініш берушіні қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) шартқа қол қоюға уәкілеттік беретін құжатты ұсынады.
9. Қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасу үшін Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын өтініш беруші мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу шартын жасасуға арналған өтінім;
2) өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, қазақ және орыс тілдеріне аудармасын нотариат куәландырған сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді көшірме немесе басқада заңдастырылған құжат;
3) өтініш берушіні салықтық тіркеу есебіне және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) шартқа қол қоюға уәкілеттік беретін құжатты ұсынады.
10. Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) – 4) тармақшаларында және 9-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылады не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады да, салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады.
11. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды. Өтініш беруші осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
12. Мынадай шарттар орындалатын болса:
1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының резиденттері үшін осы Қағидалардың 8-тармағында және Қазақстан Республикасының резиденті еместер үшін осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген құжаттардың бәрін тапсырса;
2) ЖЭК пайдалану жөніндегі объект және өтініш беруші тізбеге қосылған болса;
3) қаржы-есеп айырысу орталығында өтінімде көрсетілен ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіде өндірілген электр энергиясына қатысты сатып алу шарты болмаса, қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады.
13. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен сатып алу шартының үлгі нысанына сәйкес сатып алу шартын жасасады. Сатып алу шартында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, шартқа қол қойылған сәтте қолданылатын тіркелген тариф көрсетіледі. Шартқа қол қойылған сәтте көрсетілген тіркелген тариф электр энергиясын ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіден жеткізу басталған сәттен бастап қолданылады және жылдар бойынша кейіннен индекстей отырып, 15 (он бес) жыл бойы қолданылады.
14. Қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасу үшін қажетті, осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шарты жобасының екі данасын өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша өтініш берушіге жібереді немесе өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығы орналасқан жердегі уәкілетті өкіліне қолма-қол береді.
15. Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алу шарты жобасының екі данасын алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды және қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.
16. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш беруші қол қойған сатып алу шартының екі данасын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларға қол қояды және сатып алу шартының қол қойылған бір данасын өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша өтініш берушіге жібереді немесе өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығы орналасқан жердегі уәкілетті өкіліне береді.
17. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:
1) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні салу құрастыру жұмыстары басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген хабарламаның көшірмесі – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде;
2) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі жаңа объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесі – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде;
3) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объекті үшін энергия беруші ұйым мен өтініш беруші арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісінің көшірмесі – тараптардың теңгерімдік тиесілілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні кешенді сынау басталғанға дейін;
4) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объекті үшін энергия беруші ұйым мен өтініш беруші арасында қол қойылған электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісінің көшірмесі – электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні кешенді сынау басталғанға дейін;
5) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің техникалық паспортының көшірмесі – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 42 (қырық екі) ай ішінде.
18. Осы Қағидалардың 17-тармағының 1) – 2) тармақшаларында көзделген мерзімдердің қандай да бірі күнтізбелік 6 (алты) айдан артық және 17-тармақтың 5) тармақшасының мерзімі бұзылған жағдайда, сатып алу шарты өзінің қолданысын тоқтатады.
19. Өтініш берушінің ЖЭК пайдалану жөніндегі объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күн ЖЭК пайдалану жөніндегі объекті өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күн болып табылады, бұл жағдайда электр энергиясы энергия беруші ұйымның электр желілеріне беріледі.
Кешенді сынақтар жүргізу кезеңінде ЖЭК пайдалану жөніндегі жаңадан енгізілген объект өндірген электр энергиясына коммерциялық есепке алу аспаптарының өтініш беруші мен энергия беруші ұйым ұсынған нақты көрсеткіштері бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы ақы төлейді.
20. Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына және желісіне ЖЭК пайдалану жөніндегі объект қосылған энергия беруші ұйымды тиісті сынақтарды жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің электр қондырғыларын кешенді сынау жүргізілетін күн туралы хабардар етеді және ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейінгі кезеңде электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың айларға бөлінген болжамды көлемін ұсынады.
21. Сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану жөніндегі объект өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл өткен соң сатып алу шарты мен тиісті тіркелген тариф өз қолданысын тоқтатады.
22. Сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл бойы ЖЭК пайдалану жөніндегі жаңадан енгізілген объект өндірген және электр желісіне босатқан электр энергиясының бүкіл көлемі үшін қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушіге ақы төлейді.
23. Егер пайдалануға берілген ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің іс жүзіндегі параметрлері сатып алу шартында көрсетілген параметрлерден өзгеше болса, қаржы-есеп айырысу орталығы мен өтініш беруші ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің сипаттамасын іс жүзіндегі мән-жайлармен сәйкес келтіру үшін мемлекеттік қабылдау комиссиясының ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісінің көшірмесі қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде сатып алу шартына тиісті қосымша келісім жасайды.
24. ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің электр қондырғыларын кешенді сынау аяқталғаннан кейін сатып алу шартын жасаған өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай ақпаратты үнемі жіберіп тұрады:
1) электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың болжамды көлемі, электр энергиясын жеткізудің алдағы жеткізу айына арналған бір айлық тәуліктік сағаттық кестелері – ай сайын, жеткізу айына дейін күнтізбелік он күн қалғанда;
2) электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың алдағы бір жылға арналған, айларға бөлінген болжамды көлемі – жыл сайын, жиырмасыншы желтоқсанға қарай;
3) электр энергиясын жеткізудің алдағы тәулікке арналған тәуліктік болжамды кестелері – күн сайын, Астана уақыты бойынша 11 сағат 00 минутқа дейін, электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін 2 сағат бұрын оны түзету мүмкіндігімен;
4) электр энергиясын желіге босатудың іс жүзіндегі бір айлық тәулік сайынғы сағаттық көлемі – жеткізу айынан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей.
25. ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің электр қондырғыларын кешенді сынау аяқталғаннан кейін сатып алу шартын жасаған өтініш беруші өңірлік электр желілік компаниясына және (немесе) жүйелік операторға электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін 2 сағат бұрын түзету мүмкіндігімен электр энергиясын жеткізудің тәуліктік (алдағы тәулікке арнап Астана уақыты бойынша 11 сағат 00 минутқа дейін) және айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын) кестесін ұдайы жіберіп тұрады.
26. Желілеріне ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер қосылған энергия беруші ұйымдар ай сайын, жеткізу айынан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығына өздерінің желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер жеткізген электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің негізінде айқындалған көлемі туралы мәліметтерді жібереді.
27. Қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартын жасаған өтініш берушіге энергия беруші ұйымның электр желісіне берілген электр энергиясы үшін өтініш берушінің тиісті шотының негізінде жеткізу айы аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң он бес жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлейді.
28. Қаржы-есеп айырысу орталығы ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіде коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған немесе олар ақаулы болған кезеңде осы объектілер өндірген электр энергиясы үшін ақы төлемейді.
29. Сатып алу шартын жасаған өтініш беруші электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың іс жүзіндегі және болжамды көлемі мен электр энергиясын жеткізу кестелерінің арасындағы алшақтық үшін жауапты болмайды.
30. Егер электр энергиясын жеткізудің тәуліктік кестесінде мәлімделген мөлшер желіге босату жөніндегі іс жүзіндегі деректерге 10 %-дан астам сәйкес келмеген жағдайда, жүйелік оператор өтініш беруші желіге босатқан, коммерциялық есепке алу аспаптарында тіркелген іс жүзіндегі деректерге сәйкес осы өтініш берушінің тәуліктік кестесін қалыптастырады.
31. Қаржы-есеп айырысу орталығы мен энергия беруші ұйымның уәкілетті жұмыскерлері тиісті өтініш берушіде қолданылатын қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарды сақтаған және ЖЭК объектісіне бару уақыты мен күні өтініш берушімен келісілген жағдайда, сатып алу шартын жасаған өтініш беруші олардың ЖЭК пайдалану жөніндегі объекті қосылған электр желілеріне, ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіге, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
32. Қаржы-есеп айырысу орталығы мен өтініш берушілер өзара есеп айырысуды жылына кемінде бір рет салыстырып тексеруді жүргізеді.
33. Сатып алу шартын жасасқан өтініш берушіге:
1) сатып алу шартында көзделген өндіруші жабдықтың белгіленген жиынтық қуатын ұлғайту жолымен оған қатысты сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні өзгертуге;
2) қаржы-есеп айырысу орталығына ЖЭК пайдаланудан өндірілмеген электр энергиясын сатуға;
3) қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын басқа сатып алу шарты бойынша сатуды қоспағанда, оған ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіде өндірілмеген электр энергиясын сатуға жол берілмейді.
34. Қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алу шартын орындаудан бас тартуға немесе сатып алу шартын біржақты тәртіппен бұзуға құқығы жоқ.
3. ЖЭК пайдалану жөніндегі жұмыс істеп тұрған объектілерде
өндірілген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының
орталықтандырылған сатып алу тәртібі
35. ЖЭК пайдалану жөніндегі жұмыс істеп тұрған объектісі бар және электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына сату схемасын таңдаған өтініш беруші оған мынадай құжаттармен қоса сатып алу шартын жасасуға өтінім береді:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығы мен электр энергиясын сатып алу шартын жасасуға арналған өтінім;
2) жарғының көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;
3) өтініш берушіні қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) шартқа қол қоюға уәкілеттік беретін құжат;
5) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесі;
6) ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің техникалық паспортының көшірмесі;
7) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объекті үшін энергия беруші ұйым мен өтініш беруші арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісінің көшірмесі;
8) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объекті үшін энергия беруші ұйым мен өтініш беруші арасында қол қойылған электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісінің көшірмесі;
9) күнтізбелік жылдың соңына дейінгі кезеңге арналған, айларға бөлінген электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың болжамды көлемі.
36. Осы Қағидалардың 35-тармағының 2) – 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылады не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады да, салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады.
37. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды қарайды. Өтініш беруші осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
38. Мынадай шарттар орындалатын болса:
1) өтініш беруші осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген құжаттардың бәрін ұсынса;
2) өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сату схемасын таңдаса және 2014 жылғы 21 шілдеден кейін күнтізбелік 60 (алпыс күн) ішінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етсе;
3) қаржы-есеп айырысу орталығында өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіде өндірілген электр энергиясына қатысты сатып алу шарты болмаса, қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады.
39. Қаржы-есеп айырысу орталығы және өтініш беруші Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен сатып алуға арналған шарттың үлгілі нысанына сәйкес осы Қағидалардың 14 – 16-тармақтарында көзделген тәртіппен шартқа қол қояды. Сатып алу шартында тариф Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ТЭН-де көрсетіледі.
40. Қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартына сәйкес ЖЭК-ті пайдалану бойынша объектіге техникалық-экономикалық негіздемеде белгіленген өзін-өзі ақтаудың қалған мерзімі ішінде өндірілген және желіге жіберілген электр энергиясының барлық көлемі үшін өтініш берушіден сатып алады және төлейді.
41. Сатып алу шарты және ТЭН-дегі тиісті тариф техникалық-экономикалық негіздемеде ЖЭК-ті пайдалану бойынша объекті үшін белгіленген өзін өзі ақтаудың қалған мерзімі аяқталған соң өз әрекет етуін тоқтатады.
42. ЖЭК-ті пайдалану бойынша жұмыс істейтін объектілері бар және электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына сату схемасын таңдаған өтініш берушілерге осы Қағидалардың 24 – 34-тармақтарының ережелері қолданылады.
4. ТЭН бар ЖЭК-ті пайдаланатын объектілерде өндірілген электр
энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырып сатып
алуы тәртібі
43. ТЭН бар ЖЭК-ті пайдаланатын объектісі бар немесе ТЭН бар ЖЭК-ті пайдаланатын объекіні салуды жоспарлайтын, электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына сату схемасын таңдаған өтініш беруші сатып алу шартын жасасуға қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сатудың схемасын таңдағаны туралы уәкілетті орган хабардар етілген күннен бұрын емес және электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінім береді.
44. Қаржы-есеп айырысу орталығымен шарт жасасу үшін Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу шартын жасасуға арналған өтінімді;
2) жарғының көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;
3) өтініш берушіні қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) шартқа қол қоюға уәкілеттік беретін құжатты;
5) уәкілетті органға жолданған электр энергиясын сату схемасын таңдағаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсынады.
45. Қаржы-есеп айырысу орталығымен шарт жасасу үшін Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу шартын жасасуға арналған өтінім;
2) өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, қазақ және орыс тілдеріне аудармасын нотариат куәландырған сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді көшірме немесе басқада заңдастырылған құжат;
3) өтініш берушіні салықтық тіркеу есебіне және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) шартқа қол қоюға уәкілеттік беретін құжат;
5) уәкілетті органға жолданған электр энергиясын өткізу сызбасын таңдау туралы хабарламаның көшірмесін ұсынады.
46. Осы Қағидалардың 44-тармағының 2) – 5) тармақшаларында және 45-тармағының 2) – 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар нотариат куәландырған көшірмелері түрінде не салыстырып тексеруден кейін қайтарылуға жататын түпнұсқасы салыстырып тексеру үшін қоса беріліп, ұсынылады.
47. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған күннен кезден бастап оларды 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Өтініш беруші осы Қағидалардың 44 және 45-тармақтарында көзделген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
48. Мынадай шарттар орындалатын болса:
1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының резиденттері үшін осы Қағидалардың 44-тармағында және Қазақстан Республикасының резиденті еместер үшін осы Қағидалардың 45-тармағында көзделген құжаттардың бәрін тапсырса;
2) ЖЭК пайдалану жөніндегі объект және өтініш беруші тізбеге қосылған болса;
3) қаржы-есеп айырысу орталығында де көрсетілген ЖЭК-ті пайдалану бойынша объектіде өндірілген электр энергиясына қатысты сатып алу шарты болмаса;
4) өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын өткізу сызбасын таңдау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі тіркелген тарифтерді бекіту туралы актісі қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз күн) ішінде уәкілетті органға хабарласа, қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады.
49. Қаржы-есеп айырысу орталығы және өтініш беруші Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен сатып алуға арналған шарттың үлгілі нысанына сәйкес осы Қағидалардың 14 – 16-тармақтарында көзделген тәртіппен шартқа қол қояды. Өтініш беруші таңдап алған электр энергиясын өткізу сызбасына байланысты сатып алу шартында ТЭН-дегі немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, шартқа қол қойылған кезде қолданылатын тариф көрсетіледі. Қол қойылған кезде шартта көрсетілген тіркелген тариф электр энергиясы объектіден жеткізілген кезден бастап ЖЭК-ті пайдалану бойынша объектіге дейін қолданылады және жылдар бойынша кейін индекстеу жүргізіліп, 15 (он бес) жыл ішінде қолданылады.
50. ТЭН бар ЖЭК-ті пайдалану бойынша объектілері бар немесе қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын өткізу сызбасын таңдап алған ТЭН бар ЖЭК-ті пайдалану бойынша объектілерін салуды жоспарлайтын өтініш берушілерге осы Қағидалардың 17 – 18 және 24 – 34-тармақтарының ережелері қолданылады.
51. Егер өтінім беру кезінде өтініш берушінің ТЭН бар ЖЭК-ті пайдалану бойынша объект пайдалануға енгізілген болса, өтініш беруші өтініммен бірге қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы Қағидалардың 17-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көзделген, сондай-ақ сатып алу шартын жасауға өтініммен бір уақытта айлар бойынша бөлініп, ағымдағы күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі кезеңде электр энергиясын шығарудың, желіге жіберудің болжанатын көлемі;
2) осы Қағидалардың 17-тармағының 5) тармақшасында көзделген - сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде.
52. Қаржы-есеп айырысу орталығының ТЭН бар ЖЭК-ті пайдалану бойынша объект шығарған электр энергиясын сатып алудың басталатын күні егер кешенді сынақ сатып алу шарты жасалғанға дейін жүргізілмесе, энергия беруші ұйымның электр желісіне электр энергиясын шығаратын өтініш берушінің ЖЭК-ті пайдалану бойынша объектінің электр қондырғыларының кешенді сынағы басталатын күн немесе егер кешенді сынақ сатып алу шарты жасалғанға дейін өткізіліген болса, сатып алу шартында көрсетілген күн болып табылады.
Кешенді сынақтарды өткізу кезеңінде ТЭН бар ЖЭК объектісі шығарған электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш беруші және энергия беруші ұйым ұсынған коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері бойынша төлейді.
53. Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына және желісіне ТЭН бар ЖЭК-ті пайдалану бойынша объектісі қосылған энергия беруші ұйымға егер тиісті сынақ сатып алу шарты жасалғанға дейін өткізілмесе, оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ЖЭК-ті пайдалану бойынша объектінің электр қондырғыларына кешенді сынақ өткізу күні туралы хабарлайды.
54. Егер өтініш беруші электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына тіркелген тариф бойынша өткізу сызбасын таңдаса, онда сатып алу шарты мен тиісті тіркелген тариф сатып алу шартына сәйкес ТЭН бар ЖЭК-ті пайдалану бойынша объект шығарған электр энергиясын сатып алу басталатын күннен бастап күнтізбелік он бес жыл өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.
Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушіге ТЭН бар ЖЭК-ті пайдалану бойынша объектісі шығарған және энергия беруші ұйымның электр желісіне өткізген электр энергиясының бүкіл көлімі үшін қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартына сәйкес ТЭН бар ЖЭК-ті пайдалану бойынша объект шығарған электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл ішінде төлейді.
Егер өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын ТЭН-дегі тариф бойынша өткізу сызбасын таңдаса, онда қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемеде ЖЭК-ті пайдалану бойынша объект үшін белгіленген қалған тәуліктік мерзім ішінде шығарылған және желіге жіберілген бүкіл электр энергиясын сатып алады және өтініш берушіге төлейді.
55. Сатып алу шарты және ТЭН-дегі тиісті тариф техникалық-экономикалық негіздемеде ЖЭК-ті пайдалану бойынша объект үшін белгіленген қалған тәуліктік мерзім өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.
5. ЖЭК-ті пайдалану бойынша қайта жаңартылған объектілерде
өндірілген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының
орталықтандырылған сатып алу тәртібі
56. ЖЭК-ті пайдалану бойынша қайта жаңартылған объектісі бар өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына сатып алу шартын жасасуға өтінімді ЖЭК-ті пайдалану бойынша объектіні қайта жаңарту аяқталғаннан кейін оны және ЖЭК-ті пайдалану бойынша тиісті объектіні уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ЖЭК объектілерін пайдаланатын энергия өндіретін ұйымдар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізген күннен кешіктірмей және электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, мынадай құжаттарды жібере отырып береді:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығы мен электр энергиясын сатып алу шартын жасасуға арналған өтінім;
2) жарғының көшірмелері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің (анықтаманың) көшірмелері (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін) немесе сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе нотариалдық түрде куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша өтініш берушінің заңды тұлға болып табылатынын растайтын басқа заңдастырылған құжат және өтініш берушінің тіркеу салық есебіне қойылғаны туралы куәліктің көшірмесі (Қазақстан Республикасының резидент болып табылмайтындар үшін);
3) өтініш берушіні қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) шартқа қол қоюға уәкілеттік беретін құжат;
5) қайта жаңарту объектісінің баланстық құнының оны қайта жаңарту бойынша жұмыс басталған кездегі мөлшерін растайтын аудиторлық ұйым қорытындысының көшірмесі;
6) қайта жаңартылып отырған объектіде енгізілетін жаңа жабдықтың құны туралы ақпарат;
7) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі қайта жаңартылған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесі;
8) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану жөніндегі қайта жаңартылған объекті үшін энергия беруші ұйым мен өтініш беруші арасында қол қойылған тараптардың баланстық тиесілілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісінің көшірмесі;
9) оған қатысты сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану жөніндегі қайта жаңартылған объекті үшін энергия беруші ұйым мен өтініш беруші арасында қол қойылған электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісінің көшірмесі;
10) күнтізбелік жылдың соңына дейінгі кезеңге арналған, айларға бөлінген электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың болжамды көлемі.
57. Осы Қағидалардың 56-тармағының 2) – 5), 7) – 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттар нотариат куәландырған көшірмелері түрінде не салыстырып тексеруден кейін қайтарылуға жататын түпнұсқасы салыстырып тексеру үшін қоса беріліп, ұсынылады.
58. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды. Өтініш беруші осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
59. Мынадай шарттар орындалатын болса:
1) өтініш беруші осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген құжаттардың бәрін ұсынса;
2) ЖЭК пайдалану жөніндегі объект және өтініш беруші тізбеге қосылған болса;
3) қаржы-есеп айырысу орталығында өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану жөніндегі қайта жаңартылған объектіде өндірілген электр энергиясына қатысты сатып алу шарты болмаса;
4) қайта жаңартылатын объектіде енгізілетін жаңа жабдықтың құны аудиторлық ұйым растаған осы объектіні үшін қайта жаңарту жұмыстар басталған кездегі қайта жаңарту объектісінің баланстық құнының кемінде елу пайызын құрайтын болса, қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясын сатып алу шартын өтініш берушімен жасасады.
60. ЖЭК-ті пайдалану бойынша қайта жаңартылған объектілері бар өтініш берушілерге осы Қағидалардың 13 – 16 және 24 – 34-тармақтарының ережелері қолданылады.
61. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін 6 (алты) ай ішінде өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына ЖЭК-ті пайдалану бойынша қайта жаңартылған объектіге техникалық паспорттың көшірмесін жібереді.
62. ЖЭК-ті пайдалану бойынша қайта жаңартылған объект шығарған электр энергиясын сатып алудың күні сатып алу шартында көрсетілген күн болып табылады.
63. Сатып алу шартына сәйкес сатып алу шарты мен тіркелген тариф ЖЭК-ті пайдалану бойынша қайта жаңартылған объект шығарған электр энергиясын сатып алу басталатын күннен бастап күнтізбелік он бес жыл өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.
64. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушіге сатып алу шартына сәйкес электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап күнтізбелік он бес жыл ішінде ЖЭК-ті пайдалану бойынша қайта жаңартылған объект өндірген және энергия беруші ұйымның желісіне жіберген электр энергиясының бүкіл көлемі үшін төлейді.
6. ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының шартты тұтынушыларға орталықтандырылған сату тәртібі
65. Шартты тұтынушылар:
1) ай сайын жеткізу айына дейін күнтізбелік 10 (он) күн қалғанда қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын шығарудың, желіге жіберудің, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушыларға жеткізудің немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден қабылданатын болжамды айлық көлемдері туралы ақпаратты жібереді;
2) жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға дейін қаржы-есеп айырысу орталығына алдағы жылы электр энергиясын шығарудың, желіге жіберудің, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушыларға жеткізудің болжамды көлемдері туралы ақпаратты жібереді.
66. 24-тармақтың 1) тармақшасына сәйкес алынған деректердің негізінде қаржы-есеп айырысу орталығы ай сайын жеткізу айына дейін күнтізбелік жеті күн ішінде шартты тұтынушылардың әрқайсысына ЖЭК-ті пайдалану бойынша объектілерден электр энергиясын жеткізудің болжамды айлық тәуліктік сағат сайынғы кестесін жібереді.
67. ЖЭК-ті пайдалануға қолдауға жұмсалатын шығындарды қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында олардың электр энергиясын тұтынуының аймағын ескеріп, олардың желіге жіберу үлесіне барабар бөледі.
68. Қаржы-есеп айырысу орталығы шартты тұтынушылармен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен сату шартының үлгі нысанына сәйкес сату шартын жасасады.
69. Шартты тұтынушымен сату шартына қаржы-есеп айырысу орталығының бірінші басшысы немесе сатып алу шартына қол қоюға уәкілетті өзге адам екі данада қол қояды және ол шартты тұтынушыға қол қою үшін күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
70. Шартты тұтынушының бірінші басшысы немесе шартты тұтынушының атынан сатып алу шартына қол қоюға уәкілетті өзге адам қаржы-есеп айырысу орталығы дайындаған сату шартына екі данада оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қояды.
71. Шартты тұтынушы қол қойылған сату шартының бір данасын оны алған кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.
72. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында қызметін бастауды жоспарлайтын шартты тұтынушы желіге өзінің электр энергиясын жеткізуді бастағанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығымен сату шартын жасасады.
73. Қаржы-есеп айырысу орталығы қол қойған сату шартына шартты тұтынуға қол қоймаған және (немесе) шартты тұтынушы тарапынан қол қойылған сату шартын қаржы-есеп айырысу орталығы жіберген кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде қаржы-есеп айырысу орталығы алмаса, сату шарты жасалған болып есептеледі және Заңға сәйкес орындалуға жатады.
74. Жүйелік оператор жеткізу айынан кейінгі айдың жиырмасына дейін қаржы-есеп айырысу орталығына Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты балансын ұсынады, қаржы-есеп айырысу орталығы оған сәйкес төлемге шотты қалыптастырып, шартты тұтынушыларға жібереді.
75. Шартты тұтынушы жеткізілген электр энергиясы үшін қаржы-есеп айырысу орталығына жеткізу айы аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығы жаңартылатын энергия көздерін қолдауға тарифтер бойынша ақы төлейді.
76. Егер есеп айырысу кезеңінің қорытындылары бойынша қаржы-есеп айырысу орталығының ЖЭК-ті пайдаланушы энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатудан алған ақша сомасы ағымдағы айда жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға шығындарды өтеу үшін қажетті шамадан аз болған немесе асып кеткен жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеуді жүргізеді және шығындарды келесі айға электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында қайта бөледі.
77. Шартты тұтынушының нарықтан шығуы, таратылуы себебі бойынша одан ақша толық алынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы жоғарыда көрсетілген шартты тұтынушыға есептелген электр энергиясының тиісті үлесін барлық шартты тұтынушыларға Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтынудың (желіге жіберудің) жалпы көлеміне қатысты олардың тұтыну (желіге жіберу) көлеміне барабар бөледі.
Бұл ретте шартты тұтынушының Қазақстан Республикасы электр энергиясы нарығында қызметін уақытша немесе тұрақты негізде тоқтата тұтуы немесе тоқтатуы шартты тұтынушының нарықтан шығуы деп танылады.
78. Қаржы-есеп айырысу орталығы мен шартты тұтынушылар өзара есеп айырысуды салыстырып тексеруді жылына кемінде бір рет жүргізеді.
Жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану объектілері өндірген
электр энергиясын қаржы-есеп
айырысу орталығының орталықтандырылған
сатып алу және сату қағидаларына
қосымша
нысан
«Қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС
___________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
___________________________________
Қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сату туралы шарт жасасуға өтінім
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және мекенжайы)
жаңартылған энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын объект өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасуды сұрайды.
Заңды тұлғаның (бар болса оның филиалдарының, өкілдіктерінің) орналасқан жері:
Почталық мекенжайы: ________________________________________
Телефон нөмірлері:____________________________________________
E-mail: _______________________________________________________
Факс: ________________________________________________________
ЖЭК пайдаланатын объектінің атауы _____________________________
Электр энергиясын өндіру үшін пайдаланатын ЖЭК-тің түрі (қажеттісінің астын сызу керек): жел электр станциялары; күн энергиясын фотоэлектрлі түрлендіргіштер; гидроэлектр станциялары, биогаз қондырғылары.
ЖЭК объктісінің орналасқан жері: ______________________________
_________ МВт пайдаланылатын ЖЭК-тің түрлері бойынша бөле отырып, ЖЭК объектісінің түрлендіруші жабдығының белгіленген жиынтық қуаты.
______________ мың кВт/сағ. жылдар бойынша бөліп, сатып алу шарты қолданылатын бүкіл мерзім ішінде объектіде өндіру жоспарланған электр энергиясының болжамды көлемі.
ЖЭК объектісін іске қосу күні (іс жүзіндегі немесе жоспарланған) ________________________.
Қоса берілген құжаттар
(парақтар санын көрсете отырып):
1. _____________________________
2. _____________________________
3. _____________________________
4. _____________________________
5. _____________________________
6. _____________________________
Ұйым басшысы (лауазымы)
__________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
МО 20 ___ жылғы «____» ____________