Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 70 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 876 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 876 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2012 жылғы 16 қаңтардағы  
№ 70 қаулысымен бекітілген

Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Өңірлік электр желілері компанияларының және (немесе) жүйелік оператордың электр энергиясының нормативтік шығасыларын жабу үшін энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын сатып алу тәртібін белгілейді.

2. Өңірлік электр желілері компанияларының және жүйелік оператордың электр энергиясының нормативтік шығасыларын өтеуге энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын сатып алу тәртібі

      2.Энергия өндіруші білікті ұйым электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей электр энергиясын сатып алу шартын жасасу үшін өңірлік электр желісі компаниясына және (немесе) Жүйелік операторға өтінім береді.
      3. Энергия өндіруші білікті ұйым электр энергиясын сатып алу шартын жасасуға арналған өтінімге мынадай материалдар мен құжаттарды ұсынады:
      1) энергия өндіруші білікті ұйымның басшысы қол қойған электр энергиясын сатып алу шартының жобасы;
      2) белгіленген тәртіппен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің көшірмесі;
      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 756 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 756 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Электр энергиясын сатып алу шартын жасасуға арналған өтінімді Жүйелік оператор және (немесе) Өңірлік электр желілері компаниялары он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды. Қарау нәтижелері бойынша Жүйелік оператор және (немесе) Өңірлік электр желілері компаниялары энергия өндіруші білікті ұйыммен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады не энергия өндіруші білікті ұйымға электр энергиясын сатып алу шартын жасасудан бас тартатыны туралы хабарлайды.
      5. Электр энергиясын сатып алу шартын жасасудан бас тарту себептері:
      1) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбау;
      2) дұрыс емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады