2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерінен жалпы алаңы 2,89 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылсын.
2. Атырау облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтеуді қамтамасыз етсін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 897 қаулысына
қосымша
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш
қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер
және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жер санатына
ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, гектар |
оның ішінде: |
|||
орманмен көмкерген |
орманмен көмкерілмеген |
жайылымдар |
өзге жерлер |
||
Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі |
2,89 |
2,0 |
0,8 |
0,09 |
- |
Барлығы: |
2,89 |
2,0 |
0,8 |
0,09 |
- |