«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе қаласы, Ақжар-2 тұрғын үй алабы, 1900-учаске мекенжайындағы республикалық мүлік «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) орналастырылатын акцияларын төлеуге заңнамада белгіленген тәртіппен берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қормен (келісім бойынша) бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 26 тамыздағы
№ 951 қаулысына
қосымша
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін мемлекеттік мүліктің тізбесі
Р/с |
Мүліктің атауы |
Өлшем бірлігі |
1 |
2 |
3 |
1 |
Ақтөбе қаласындағы «Ақжар-2» ҚС 220/110/35/10 Кв, оның ішінде «Өлке» ҚС-ға ЖЖ-220 кВ ұяшығы |
Мүліктік- техникалық кешен |
2 |
Жер учаскесі |
8,7309 гектар |
3 |
ЖЖ-1, ЖЖ-2 тіректері астындағы жер учаскелері |
1,2692 гектар |
4 |
ЖЖ № 1 «Ақжар-2»-«Өлке» 26,4 км |
Мүліктік- техникалық кешен |
5 |
«Ақтөбе» - «Кемпірсай» ЖЖ қимасы ЖЖ № 2, «Ақжар-2» ҚС-ға ЖЖ-220 кВ кіру-шығу 5,3 км |
Мүліктік- техникалық кешен |