Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 682 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы хаттама жобасында:
2-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов